Көкшетау қ. Абай к-сi, 89-үй мекен-жайда орналасқан «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (бұдан әрi — Басқарма), су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру жөнiндегi конкурс туралы хабарлайды.
Қажеттi конкурстық құжаттардың тiзiмiн http://upr.akmo.gov.kz Басқарманың интернет-ресурсында электрондық түрде алуға болады.
Кейбiр аудандардың облыс орталығынан алыста орналасқанына байланысты, конкурстық өтiнiмдердi түпкiлiктi ұсынудың мерзiмi — 2019 жылғы 5 сәуiр, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғам арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс 2019 жылдың 11 сәуiрiнде сағат 15.00-де мына мекен-жайда өтедi: Көкшетау қаласы Абай көшесi, 89 үй, 208 каб.
Қосымша ақпаратты 8 (7162) 72-19-18 телефон арқылы алуға болады.
2019 жылғы 11 сәуірдегі су объектілерін конкурстық негізде оқшау пайдалануға беру бойынша өтетін конкурсқа қойылған су объектілерінің тізімі
| № п/п | Су объектісінің және (немесе) учаскесінің атауы | Беру мерзімі | Беру мақсаты | Су объектісінің және (немесе) учаскесінің орналасқан жері |
| 1. | Ақ үй бөгеті | 49 жыл | рекреациялық мақсатта | Целиноград ауданы |
| 2. | Большая балка бөгеті | 49 жыл | рекреациялық мақсатта | Шортанды ауданы |
| 3. | Кеңес су қоймасы | 49 жыл | рекреациялық мақсатта | Ақкөл ауданы |
| 4. | Соленая балка бөгеті | 49 жыл | рекреациялық мақсатта | Целиноград ауданы |