«Мүлiктi қабылдау туралы»
Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 11 қыркүйектегi
№ А-10/380 қаулысына
өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне, «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Мүлiктi қабылдау туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 11 қыркүйектегi № А-10/380 қаулысына келесi өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының қосымшасында, облыстық коммуналдық мүлiкке «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң балансына қабылданатын мүлiктiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С. Үйсiмбаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi М. Мырзалин