Ақмола облысы, Еңбекшiлдер ауданында орналасқан (атауы жоқ) тұзды көлдiң участiгiне су қорғау аймағы мен белдеуiн және олардың шаруашылық пайдалану режимiн белгiлеу туралы

Ақмола облысы, Еңбекшiлдер
ауданында орналасқан
(атауы жоқ) тұзды көлдiң
участiгiне су қорғау аймағы мен
белдеуiн және олардың
шаруашылық пайдалану режимiн
белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11838 болып тiркелген)сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы, Еңбекшiлдер ауданында орналасқан (атауы жоқ) тұзды көлдiң участiгiне су қорғау аймағы мен белдеуi белгiленсiн.

2.Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы, Еңбекшiлдер ауданында орналасқан (атауы жоқ) тұзды көлдiң участiгiне шаруашылық пайдалану режимi белгiленсiн.

3.Осы қаулының орындалуын бақылауАқмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С. Үйсiмбаевқа жүктелсiн.

4.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi М. Мырзалин

«КЕЛIСIЛДI»

«Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлiгi

Су ресурстары комитетiнiң

Су ресурстарын пайдалануды

реттеу және қорғаужөнiндегi

Есiл бассейндiк инспекциясы»

республикалық мемлекеттiк

мекемесi басшысының

мiндетiн атқарушы

___________________М.Т. Аяшев

2017 жылғы «___»____________

Дата публикации
20 ноября 2017