"Open Minerals Group Processing" ЖШС "табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары" үшін кешенді экологиялық рұқсат алу үшін ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. Қалдықтарды басқару бағдарламасы. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, Технологиялық нормативтер жобасы, экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы, табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсерлер нормативтерінің жобасы"

«Open Minerals Group Processing» ЖШС үшін кешенді экологиялық рұқсат алу мақсатында мынадай құжаттар бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі: табиғат қорғау іс-шараларының жоспары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, технологиялық нормативтер жобасы, экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы, табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерінің жобасы.

Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 23 қарашада сағат 16:00-де мына мекенжай бойынша өткізіледі: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Алексеев ауылдық округі, Алексеевка ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, 12, 3-пәтер.

Zoom конференциясына сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/83928860563?pwd=rgcZ5QeUwebumNLiZmWbhatMV5n4Hc.1

 

Көзделіп отырған қызметтің бастамашысы: «Open Minerals Group Processing» ЖШС. Мекенжайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Өркен ауылы, Набережная көшесі, 83-ғимарат. Тел.: 8 (7152) 52-25-59. БСН 240740020414. Электрондық пошта: Info@omgp.kz.

Әзірлеуші: «Elean 2024» ЖШС. Лицензия №02806Р, 01.08.2024 ж., Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» РММ берген. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесі, 30 «а». Тел.: 52-25-59. БСН 240740005510. Электрондық пошта: elean_kz@mail.ru.

Әсер етуі ықтимал аумақ: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Күсеп ауылдық округі.

Учаскенің географиялық координаттары: 53°32'1.02" солтүстік ендік, 69°26'27.04" шығыс бойлық.

Жобалық құжаттама пакетімен «Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының жай-күйі мен табиғи ресурстары туралы ұлттық деректер банкі» экологиялық порталында (https://ndbecology.gov.kz), сондай-ақ жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсындағы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде танысуға болады.

Көзделіп отырған қызмет және қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы қосымша ақпаратты алу, сондай-ақ құжаттардың көшірмелерін сұрату үшін elean_kz@mail.ru электрондық поштасына немесе 8 (7152) 52-25-59 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей экологиялық порталда (https://ndbecology.gov.kz), сондай-ақ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де қабылданады. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89. Тел.: +7 (7162) 25-19-86. Электрондық пошта: upr.expertiza@mail.ru.

Дата публикации
15 октября 2026