«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы жоба

ЖОБА

 

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысының

2026 жылғы «__» № _____ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, Басқарма қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған ұсынымдарды айқындайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Басқарма қызметкерлеріне олардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына және Басқарманың ішкі құжаттарына сәйкес сақталуға тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Басқарманың өз функцияларын жүзеге асыруы және құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, басқарушылық шешімдер қабылдау барысында қолданылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары:

 

  1. заңдылық;
  2. адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдығы;
  3. жариялылық пен ашықтық;
  4. мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;
  5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
  6. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басымдықпен қолдану;
  7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды қорғау және көтермелеу;
  8. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі мақсаттары:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтау;
  2. мүдделер қақтығысына жол бермеу;
  3. қоғамның Басқарма қызметіне деген сенімін арттыру;
  4. адалдықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау;
  5. құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру.

 

Басқарманың қызметкерлері мен лауазымды адамдары:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алуға;
  2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттарын сақтауға;
  3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға;
  4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға;
  5. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға;
  6. сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге;
  7. лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеуге;
  8. мүдделер қақтығысының туындауының кез келген мүмкіндігіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;
  9. туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы басшылыққа дереу хабарлауға;
  10. лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдамауға;
  11. лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты жекелеген жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермеуге;
  12. лауазымдық міндеттерін орындау барысында алынған, құпия сипаттағы мәліметтерге немесе қызметтік ақпаратқа жатқызылған ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдаланбауға;
  13. жеке өзі немесе сенім білдірілген тұлғалар арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналыспауға, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарды басқаруға қатыспауға;
  14. қабылданатын шешімдердің заңдылығын, негізділігін, объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз етуге;
  15. қызметтік жағдайын жеке пайда алу мақсатында пайдалануға жол бермеуге;
  16. Басқарманың, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге;
  17. заңнамада көзделген негіздерсіз жекелеген жеке және заңды тұлғалардың мүдделері үшін шешімдер мен нормалардың қабылдануына жол бермеуге;
  18. дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке және әдепке жат мінез-құлыққа жол бермеуге;
  19. Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге, сондай-ақ бұл үшін белгіленбеген орындарда немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатыспауға;
  20. тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге;
  21. Басқарма басшыларының заңды тапсырмаларын, олардың құзыреті шегінде шығарылған бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;
  22. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де шектеулер мен тыйымдарды сақтауға тиіс.

Басқарма қызметкерлері өздерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндірудің барлық жағдайлары туралы басшылыққа, прокуратура органдарына немесе өзге де уәкілетті органдарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың ықтимал көріністері туралы адал ниетпен хабарлағаны немесе заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысқаны үшін қудалауға ұшырамауға тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Басқарма қызметкерлері лауазымдық міндеттерін орындаған және Басқарманың құзыреті шегінде қызметті жүзеге асырған кезде қолданылады.

Басқарма басшысы қызметкерлерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен таныстыруды қамтамасыз етеді және оны іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуын бақылауды Басқарма басшысының орынбасарлары берілген өкілеттіктері шегінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда, осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың ережелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілуге тиіс.

Дата публикации
02 октября 2026