«Қызылту» ЖШС «Қызылту кен орнында жылына 3 000 000 тонна сульфидті молибден-мыс кенін өңдейтін, кейіннен қуаттылығы жылына 6 000 000 тонна кенге дейін ұлғайтылатын байыту фабрикасын салу» жобасына әсер етуге экологиялық рұқсат (ӘАР) алу мақсатында ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды (Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Қызылту кен орны, Қызылту кентінен 2,9 км жерде).

Хабарландыру

 

2026 жылғы 18 тамызда аралас форматта (ашық жиналыс және бейнеконференция түрінде) қоғамдық тыңдаулар өтетіні туралы хабарлаймыз.

 сағат 10:00-де – «Қызылту кен орнында жылына 3 000 000 тонна сульфидті молибден-мыс кенін өңдейтін байыту фабрикасын салу, кейіннен қуаттылығын жылына 6 000 000 тонна кенге дейін ұлғайту» объектісі бойынша қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат (ҚОӘР) алу үшін әзірленген құжаттама бойынша;

 сағат 12:00-де – «Жылына 3 000 000 тонна сульфидті молибден-мыс кенін өңдейтін, кейіннен қуаттылығын жылына 6 000 000 тонна кенге дейін ұлғайтатын байыту фабрикасы» объектісі үшін кешенді экологиялық рұқсат (КЭР) алу мақсатындағы құжаттама бойынша.

Объектінің орналасқан жері: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Қызылту кен орны, Қызылту ауылынан 2,9 км қашықтықта.

 Құрылыс учаскесінің координаттары: 51.865473° с.е., 72.540819° ш.б. Қоғамдық тыңдауларды өткізу орны: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Қызылту ауылы, «Қызылту» ЖШС вахталық кенті, конференц-зал.

Тапсырыс беруші: «Қызылту» ЖШС, БСН 070340013351, мекенжайы: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Қызылту ауылы, Болашақ көшесі, 11.

 Жоба әзірлеушісі: «Q ECO SOLUTIONS» ЖШС, БСН 240940036289, тел.: +7 702 661 6646, e-mail: d.amirzhan@qeg.kz. Қоғамдық тыңдау материалдары Бірыңғай экологиялық порталда және жергілікті атқарушы органның сайтында орналастырылған: https://ndbecology.gov.kz және https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru.

Microsoft Teams платформасындағы бейнеконференцияға қосылу сілтемесі: https://teams.microsoft.com/meet/42990466453860?p=sWcrcdS8uTSNz7UPv2.

 Жиналыс идентификаторы: 429 904 664 538 60.

Құпия код: zo6x2No6.

Қосымша ақпаратты келесі байланыс деректері арқылы алуға болады: тел.: +7 702 661 6646, e-mail: d.amirzhan@qeg.kz.

 Ескертулер мен ұсыныстарды «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мына мекенжай бойынша қабылдайды: Көкшетау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 89, e-mail: upr.expertiza@mail.ru, тел.: +7 (7162) 25-19-86.

 Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың шешімі бойынша ашық жиналысты өткізу мерзімі қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

 

Дата публикации
14 июля 2026