«Казахалтын» ЖШС жоспарланған қызметі туралы өтініші

«Казахалтын» ЖШС жоспарланған қызметі туралы өтініші

Атауы, мекен-жайы орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы деректер, бірінші басшы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы

«Қазақалтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 021500,Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қалалық әкімдігі, Степногорск қаласы, 5-шағынаудан, №6 ғимарат, БСН 990940003176, Жүрсінбаев Қайролла Жұманғалиұлы, байланыс телефоны: 7164528402, электрондық пошта: it@kazakhaltyn.kz

Жалпы сипаттамасы және түрлері белгіленіп отырған қызмет түрлері мен олардың жіктелуі 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің

Жоспарланып отырған қызметті жүзеге асырудың болжамды орны, орынды таңдаудың негіздемесі және басқа орындарды таңдау мүмкіндіктері туралы мәліметтер

Жоспарланып отырған қызметті жүзеге асыру орны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік инвестициялар комитеті (Құзыретті орган) мен «Қазақалтын» АҚ (Мердігер) арасында жасалған МГ сериялы №132 Д, 723 Д, 724 Д, 725 Д, 727 Д, 796 Д лицензияларына сәйкес алтын құрамды кендерді өндіруге арналған келісімшартпен айқындалған.

Ақсу алтын кен орны Ақмола облысында, Степногорск қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

Ең жақын ірі елді мекен – кен орнынан 18 км қашықтықта орналасқан Степногорск қаласы, онда «Қазақалтын» ЖШС-нің кеңсесі орналасқан. Астана және Көкшетау қалалары кен орнынан тиісінше 200 км және 250 км қашықтықта орналасқан.

Кеніш пен жақын маңдағы елді мекендер (Ақсу кенті, Заводской кенті) арасындағы қатынас топырақ жолдар арқылы автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Степногорск қаласымен кен орны Астана қаласына шығатын асфальтталған автожолға жалғасатын жақсартылған топырақ жол арқылы байланысқан. Негізгі көлік магистралі – Бестөбе–Макинск асфальтталған автомобиль жолы.

Ең жақын теміржол станциясы – өндірістік алаңнан оңтүстікке қарай 8–10 км қашықтықта орналасқан Алтынтау станциясы.

Кеніштің өндірістік алаңы Алтынтау станциясы арқылы кен орнынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 км қашықтықта орналасқан Ерейментау станциясымен теміржол желісі арқылы байланысқан.

Ақсу кеніші энергетикалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген. Электрмен жабдықтау СМЭС (Степная қосалқы станциясы) желісінен жүзеге асырылады.

Географиялық координаттары:

52°29'10,44" 71°58'42,73"

52°28'48,00" 71°58'19,01"

52°28'29,67" 71°58'46,09"

52°28'44,51" 71°59'09,25"

Жоспарланып отырған қызмет жүзеге асырылатын аудан табиғи немесе тарихи-мәдени құндылыққа ие емес. Келісімшарт аумағы шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қорықтар және тарихи маңызы бар объектілер жоқ.

Жоспарланып отырған қызметке қатысты объектілер мен инженерлік коммуникацияларды қала жерлерінде және елді мекендердің селитебтік аумақтары шегінде орналастыру көзделмейді.

Жоспарланып отырған қызмет туралы өтінішке қатысты мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын қабылдауды Экологиялық реттеу және бақылау комитеті kerk@ecogeo.gov.kz электрондық поштасы арқылы жүзеге асырады.

 

Дата публикации
09 июня 2026