«Целиноград ауданының құрылыс бөлiмi» ММ Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз к.,34, конференц зал (әкiмшiлiк ғимараты), мекен-жайы бойынша 23.07.2020ж. сағ 11-00-де «Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылында көп пәтерлi тұрғын үйлерге инженерлiк желiлер құрылысына және абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлеу» нысаны үшiн «ҚОӘБ» материалдары бойынша қоғамдық тыңдалымдардың ашық жиналыс түрiнде өткiзiлуi туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдалымдарды ұйымдастыру үшiн жауапты орган: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ — тел.: 8(7162)402807, www.upr.akmo.gov.kz.
Тапсырыс берушi: «Целиноград ауданының құрылыс бөлiмi» — тел.: 8 (716)5130369. Әзiрлеушi: «Қазақ Сантехжобалау» — тел.:8(727)3232312.
Экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк орган: «Мемсараптама» РММ
Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар oops@kazstp.kz, str-07@inbox.ru мекен-жайлары бойынша қабылданады.