«RG Processing» ЖШС-нің Райгородок кен орнының бастапқы алтын құрамды кендерін қайта өңдеу кешені бойынша ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы «RG Processing» ЖШС хабарлайды.

Хабарлама

«RG Processing» ЖШС-нің Райгородок кен орнының бастапқы алтын құрамды кендерін қайта өңдеу кешені бойынша қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алу материалдарына (рұқсат етілген шығарындылар нормативтері жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары) қатысты ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы «RG Processing» ЖШС хабарлайды.

Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылдың 02 шілдесінде өтеді:

-              сағат 10:00-де Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Успеноюрьев а.о., Николаевка ауылы, Куница көшесі 21, Кеңес Одағының Батыры А.С. Куница атындағы жалпы білім беретін мектеп мекенжайы бойынша өтеді;

Қатысушыларды тіркеу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүргізіледі.

Райгородок ауылында тыңдаулар өткізуге жағдай болмағандықтан, оның тұрғындары үшін Николаевка ауылында өтетін орынға дейін көлік ұйымдастырылатын болады.

Төтенше жағдай немесе шектеу шаралары енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасы бойынша бейнеконференция фоматында өтеді: https://us06web.zoom.us/j/88196485142?pwd=oBaFxIn6zU0lqaradESEkAHWpNHmwU.1

Конференция идентификаторы: 881 9648 5142, Құпия сөз: 747712.

Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «RG Processing (РГ Процессинг)» ЖШС, БСН 181040004901, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Успеноюрьев а.о., Райгородок ауылы, Центральная көшесі, №39 ғимарат.. Тел: 8 (712) 276 65 92.

Әсер ету аумағы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Успеноюрьев а.о., Райгородок және Николаевка ауылдары.

Объектінің географиялық координаттары:

1) 52°30´09,20ʺ, 69°40´51,63ʺ;

2) 52°30´13,68ʺ, 69°41´03,66ʺ;

3) 52°30´02,55ʺ, 69°41´06,80ʺ;

4) 52°29´47,82ʺ, 69°41´13,60ʺ.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «ECO AIR» ЖШС, БСН 050940002909, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Беспалов көшесі, 51а, тел: 8 777 411 37 28.

Жергілікті атқарушы орган: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Жоба бойынша құжаттама қоршаған ортаның жай-күйі және ресурстарды сақтау туралы Ұлттық деректер банкінде - «Ашық жиналыстар» бөлімінде https://hearings.ndbecology.gov.kz/, сондай-ақ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында орналастырылған.

Көзделіп отырған қызмет туралы қосымша ақпарат алу, қоғамдық тыңдаулар өткізу, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұрау үшін байланыс деректері: эл. почта: info@ecoair.kz, тел.: 8 777 411 37 28.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.

Ескертулер мен ұсыныстар электрондық почта бойынша қабылданады: https://hearings.ndbecology.gov.kz/, https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru, upr.expertiza@mail.ru..

Дата публикации
01 июня 2026