2020 жылғы 24 ақпанда сағат 11.00-де Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Қызылту кен орнындағы молибден-мыс кенiн өндiру тау-кен жұмыстарының жоспарына "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi бойынша қоғамдық тыңдау өтедi.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты орган: "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғаттың пайдалануын реттеу басқармасы" ММ, тел. 8(7162) 40-28-07, эл.мекен-жайы expeco@mail.ru
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi орган: "Экологиялық реттеу және бақылау комитетiнiң Ақмола облысы бойынша экология департаментi" РММ.
Жобаны әзiрлеушi "Казэкоинвест-а" ЖШС-гi, эл.адрес: Kazecoinvest-a@mail.ru
Тыңдауды өткiзу орны: Ерейментау ауданы, Қызылту ауылы, вахталық кент. Қатысушыларды тiркеу 2020 жылы 24 ақпан күнi сағат 10:30-да басталады.
Құжаттама http://upr.akmo.gov.kz сайтында орналастырылған.
Тапсырыс берушi «Қызылту» ЖШС-гi. Ескертулер мен ұсыныстар info@kyzyltu.kz эл.мекен-жайы арқылы қабылданады және келесi телефон арқылы 8(716-45) 6-94-27 хабарласуға болады.