«RG Processing» (РГ Процессинг) ашық жиналыс түрiнде Қоғамдық тыңдаулар өткiзiлетiнi туралы жариялайды

«RG Processing» (РГ Процессинг) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi «Ақмола облысындағы жылына 5,0 млн тонна кен өңдейтiн, бастапқы, құрамында алтыны бар кендi өңдеу кешенiн пайдалану кезiндегi қоршаған ортаға әсерiн бағалау» тарауы бойынша ашық жиналыс түрiнде Қоғамдық тыңдаулар өткiзiлетiнi туралы жариялайды.

Тыңдаулар 2020 жылғы 23 қаңтарда сағат 15:00-де Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Николаевка ауылы мекенжайы бойыша орта мектеп ғимаратының акт залында өтедi.

Жергiлiктi атқарушы орган: Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.

Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк орган:Қазақстан Республикасының Энергетика министрлiгi, Экологиялық реттеу және бақылау комитетi.

Алдын ала ҚОӘБ әзiрлеушi: «Казгипроцветмет» ЖШС, Шәкәрiм даңғылы, 156, Өскемен қ., 070018, ҚР. Тел +7 7232 208 223, email: a_vasilyev@kgcm.kz

Материалдардың электрондық нұсқасы http://upr.akmo.gov.kz/ сайтында орналасқан. Барлық ескертулер мен ұсыныстарды келесi тұлғаларға жолдасаңыздар болады:

Андрей Васильев — «КГЦМ» ЖШС ЖБИ (жобаның бас инженерi) a_vasilyev@kgcm.kz , + 7 7232 208 303

Гульнар Кусаинова — «КГЦМ» ЖШС Бас экологы kgcm@kgcm.kz + 7 7232 208 303

Николай Брытков — «RG Processing» (РГ Процессинг) ЖШС Жобалау және құрылыс жөнiндегi техникалық үйлестiрушiсi brytkov@rgpro.kz, + 7172 73 97 80

ОВОС от 19.12.19

Дата публикации
24 декабря 2019