«ҚР ДСМ «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» ШЖҚ МКК ашық жиналыс түрiнде қоғамдық тыңдаулар өткiзiлетiнiн хабарлайды

«ҚР ДСМ «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» ШЖҚ МКК «Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай к., Бурабай көлiнiң солтүстiк жағалауында орналасқан «Теплая горка» корпусының техникалық қабатын ЕДШ етiп қайта жабдықтау арқылы күрделi жөндеу» жұмыс жобасының «Қоршаған ортаға әсерiн бағалау (2 дәрежесi)» жобасы бойынша ашық жиналыс түрiнде қоғамдық тыңдаулар өткiзедi.

ЖАО өкiлi — «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ. Жоба жасаушы — «Бурабай Проект» ЖШС. ҚОӘБ жасаушы — Гулаков В.В. ЖК, тел.: 8 (716-2) 25-41-35.

Тыңдаулар 2019 жылғы 23 тамыз күнi сағат 15.00-де келесi мекен-жайда өтедi: Бурабай к., Кенесары к., 1, мәжiлiс залы. Жоба бойынша өтiнiш-шағымдар мен ұсыныстар too-septima@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Дата публикации
29 июля 2019