«Altyntau Kokshetau» АҚ ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өтетiнi туралы хабарлайды

"Altyntau Kokshetau" АҚ радиациялық қауiпсiздiк бөлiгiнде "Васильков кен орнын ашық тәсiлмен өнеркәсiптiк өңдеу жобасына" қосымша жұмыс жобасына "Қоршаған ортаға әсердi бағалау" жобасын қарау бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өтетiнi туралы хабарлайды.

ЖАО өкiлi — "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы өткiзетiн орган — "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ.

Тапсырыс берушi AҚ «Altyntau Kokshetau» тел.: +7-777-735-35-11.

Жобаны жасаушы — ЖШС «Казахатомэксперт» тел.: +7-705-660-58-91.

Өткiзiлетiн күнi: 13.03.2019 ж, сағат 11:00, Конысбай ауылы, Абая Кунанбаев, 16, «Зерендi ауданының Конысбай ауылдық округiнiң Әкiм аппараты ММ» мекенжайы бойынша өткiзiледi.

http://upr.akmo.gov.kz сайтында жоба материалдары және мүдделi қоғамның пiкiрлерiн есепке алу сауалнама парағы үлестiрiлген.

Қағаз тасымалдағыштағы жоба материалдарымен мына мекен-жай бойынша танысуға болады: Ақмола облысы, Зерендi ауданы, Қонысбай ауылдық округiнiң өнеркәсiптiк алаңы, 1 ғимарат.

Жоба материалдарының электронды түрiмен келесi мекен-жай бойынша танысуға болады: kigros@mail.ru.

Анықтама бойынша тел.: +7-778-146-20-10; +7-777-146-20-10.

Дата публикации
07 февраля 2019