Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
2025 жыл – Ақмола облысындағы өрт қаупі жоғары маусым

Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша өрт қаупі жоғары маусым 2025 жылғы 1 сәуірден бастап белгіленді.

Жыл сайын басқарма орман өрттерінің алдын алу және оларды жою жүйесін жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық шаралардың кешенін қабылдайды. Оған тиімді басқару алгоритмдерін енгізу және уәкілетті органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру шаралары кіреді.

Негізгі шаралар мен нормативтік база:

  • 2025 жылға арналған Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

  • Ақмола облысының аумағында орман өрттерімен күрес жұмыстарын үйлестіру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №А-3/173
    «Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу шаралары туралы» қаулысымен бекітілді.

  • Сондай-ақ, басқарма бойынша 2025 жылға арналған өртке қарсы іс-қимыл күштері мен құралдарының өзара іс-қимыл жоспары әзірленді.

Біліктілікті арттыру: 2025 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталығында басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің 20 қызметкері өртке қарсы қызмет саласы бойынша оқудан өтті.


Алдын алу мақсатында қабылданған шаралар:

  • Жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 1487 парақша таратылды;

  • 64 өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы аншлаг пен панно орнатылды;

  • 15 мақала жарияланып, 1 телешолу өткізілді;

  • Білім беру ұйымдары мен ауылдық округтерде 197 дәріс оқылды;

  • Ауыл шаруашылығы құрылымдарына 160 ұйғарым берілді;

  • Мемлекеттік орман қоры аумағына іргелес жерлерде қызмет атқаратын ауыл шаруашылығы құрылымдары және шағын және орта бизнес субъектілерімен 190 шарт жасалды
    (586 адам және 279 бірлік техника).


Минералдандырылған жолақтар (2025 жылға жоспар):

  • Барлығы – 14 697 км, оның ішінде:

    • Жаңа жолақтарды жасау – 1 540 км;

    • Бар жолақтарға күтім жасау – 13 157 км.

Орындалғаны (ағымдағы жағдай бойынша):

  • Жаңа жолақтар жасалды – 7 км;

  • Бар жолақтарға күтім жасалды – 55 км.
    Жұмыстар ауа райына байланысты жүргізілуде.

Документы
Новости
Полезные материалы
2025 жыл – Ақмола облысындағы өрт қаупі жоғары маусым
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы