
2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет Басшысы қойған жеті жыл ішінде орман қорында 2 млрд-тан астам ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, Ақмола облысында 2021–2027 жылдары облыс әкімдігіне қарасты орман шаруашылығы мекемелерімен 23,8 мың гектар аумақта 150 млн дана қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.
2021–2025 жылдар аралығындағы іске асыру нәтижелері:
2021 жыл:
Жоспар 970 га болса, 1370 га аумақта орман отырғызу жұмыстары жүргізілді (орындалуы – 141%).
6,9 млн жоспардың орнына 7,6 млн дана ағаш отырғызылды (орындалуы – 110%).
2022 жыл:
Жоспарланған 1280 га орнына 2845,5 га аумақта жұмыстар атқарылды (орындалуы – 222,3%).
16,9 млн жоспардың орнына 17,2 млн дана ағаш отырғызылды (орындалуы – 102%).
2023 жыл:
1950 га жоспарланған аумақтың орнына 2410,5 га аумақта жұмыстар орындалды (орындалуы – 123,6%).
15,8 млн жоспардың орнына 16,2 млн дана ағаш отырғызылды (орындалуы – 102,5%).
2024 жыл:
Жоспар 2056,6 га болса, нақты 2158,6 га аумақта ағаш отырғызу жүргізілді (орындалуы – 104,9%).
13,8 млн жоспардың орнына 16,04 млн дана ағаш отырғызылды (орындалуы – 116,2%).
2025 жыл (жоспар және қазіргі жағдай):
Жалпы 2000 га аумақта 14 млн дана ағаш отырғызу жоспарлануда (көктем – 1000 га, күз – 1000 га).
Қазіргі уақытта 213 га аумақта 1,5 млн дана ағаш отырғызылды. Жұмыстар жалғасуда.