
1987 жылы туған, Ақмола облысы Біржан сал ауданының тумасы.
Білімі жоғары, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Француз Республикасының Лотарингия университетін, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автокөлік-жол институтын бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі.
2012-2016 жылдары құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетінде сарапшы, кейін бас сарапшы болып жұмыс істеді. 2016-2019 жылдары Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері комитетінің сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры басқармасының басшысы болды. 2019-2024 жылдары PK өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 10 мамырдан бастап Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.