GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Шағын және орта бизнес
16 сентября 2026
Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ.

Орналасқан жері: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, кеңсе 404

Байланыс телефоны: +7 (7162) 24-00-15, 24-00-13, 24-00-08                 

Конкурстың мәні: кәсіпкерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру.

Грант сомасы: 5 млн теңгеге дейін.                    

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Бюджет: 161,4 млн теңге.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы «Kezekte.kz»).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2026 жылғы
«28» қыркүйектен бастап 2026 жылғы «2» қазанға дейін қоса алғанда. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Қағидалардың 25-тармағына сәйкес кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларының белгіленген шарттарына сәйкес келмейтін дәйексіз деректер немесе құжаттар ұсынылған жағдайларда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтауға ұсынылған құжаттарды қайтарады. Кәсіпкер пысықталған құжаттар топтамасын конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайта жібереді.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін электрондық өтінімдер мына сілтеме бойынша беріледі: (https://kezekte.kz/).

Кәсіпкердің веб-портал арқылы электрондық өтінім беру тәртібі «Kezekte.kz»

Веб-порталға тіркелгеннен кейін «Kezekte.kz» кәсіпкер өтінімге pdf форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін қоса отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді:

1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

Өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде кәсіпкердің ЭЦҚ-сына қол қою арқылы тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Егер бағдарламаны Өңірлік үйлестіруші қабылдаған сәтке дейін тіркелген өтінімде қатенің бар-жоғын анықтаған жағдайда, кәсіпкер кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер тек бір ғана өтінім беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде қабылданады.

Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі кәсіпкер өтінімді тіркеген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаның ЭЦҚ пайдалана отырып, оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Шағын және орта бизнес
14 сентября 2026
Бірыңғай есеп беру күнін өткізу туралы хабарландыру

Бірыңғай есеп беру күнін өткізу туралы хабарландыру

          2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 15.00-де Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 8-қабат мекенжайындағы «Green Which» БО бизнес- қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» өтеді.

          Іс-шара барлық облыстық бақылау-қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілерімен кездесуі нысанында өтеді, онда олардың мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері талқыланады және бизнес-қоғамдастықпен кері байланыс орнатылады.

          Бірыңғай есеп беру күні жыл сайын қыркүйек айының соңғы бейсенбісінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 131-1-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

          Бизнес өкілдері іс-шара барысында сөз сөйлеушілерге де, бақылау және қадағалау органдарының басқа өкілдеріне де қызықтыратын сұрақтар қоя алады.

 

Общие сведения
08 июля 2026
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

            Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 01.07-10.07.2026 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.

            Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

            Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда мониторингі және құқықтық сүйемелдеу бөлімінің басшысына – Доскиева Любовь Гириханқызына 2026 жылғы 01 шілдеге дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 240007, 240000 (қабылдау бөлмесі).

 

 

22 июня 2026
Хабарландыру Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

Хабарландыру

 

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

 

             Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

            Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

            Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мониторинг және бақылау бөлімінің басшысы - Доскиева Любовь Гириханқызына 2026 жылғы 19 мамырға дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 24-00-04, 24-00-00 (қабылдау бөлмесі).

 

02 марта 2026
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есепті жария талқылау өткізу туралы хабарландыру

 

«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы

есепті жария талқылау өткізу туралы хабарландыру

 

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 

Басқарманың ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upp/press/article/details/227692?lang=ru «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептер» бөлімінде 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп орналастырылған (мүмкіндігінше пікірлер қалдыру). 2026 жылғы 01 наурыздан 30 наурызға дейінгі мерзімде жария талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.

 

Объявление о проведении публичного обсуждения отчета
ГУ «Управление предпринимательства и промышленности Акмолинской области» в сфере оказания государственных услуг за 2025 год

Уважаемые жители Акмолинской области!

 

На официальном интернет ресурсе  Управления https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upp/press/article/details/227692?lang=ru в разделе «Отчеты по оказанию государственных услуг» размещен отчет о деятельности в сфере оказания государственных услуг за 2025 год (с возможностью оставлять комментарии). Просим принять активное участие в публичном обсуждении данного отчета в период с 01 по 30 марта 2026 года.

 

Шағын және орта бизнес
24 сентября 2025
Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ.

Орналасқан жері: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, кеңсе 404

Байланыс телефоны: +7 (7162) 24-00-15, 24-00-13, 24-00-08                 

Конкурстың мәні: кәсіпкерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру.

Грант сомасы: 5 млн.теңгеге дейін.                    

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Бюджет: 189 млн. теңге.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы «Kezekte.kz»).

 

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2025 жылғы «06» қазаннан бастап 2025 жылғы «10» қазанға дейін қоса алғанда. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

 

Қағидалардың 25-тармағына сәйкес кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларының белгіленген шарттарына сәйкес келмейтін дәйексіз деректер немесе құжаттар ұсынылған жағдайларда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтауға ұсынылған құжаттарды қайтарады. Кәсіпкер пысықталған құжаттар топтамасын конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайта жібереді.

 

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін электрондық өтінімдер мына сілтеме бойынша беріледі: (https://kezekte.kz/).

 

Кәсіпкердің веб-портал арқылы электрондық өтінім беру тәртібі «Kezekte.kz»

 

Веб-порталға тіркелгеннен кейін «Kezekte.kz» кәсіпкер өтінімге pdf форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін қоса отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді:

 

1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

 

3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

 

Өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде кәсіпкердің ЭЦҚ-сына қол қою арқылы тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

 

Егер бағдарламаны Өңірлік үйлестіруші қабылдаған сәтке дейін тіркелген өтінімде қатенің бар-жоғын анықтаған жағдайда, кәсіпкер кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алуға құқылы.

 

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер тек бір ғана өтінім беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде қабылданады.

Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі кәсіпкер өтінімді тіркеген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаның ЭЦҚ пайдалана отырып, оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 мая 2025
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 19.05-23.05.2024 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.

 Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мониторинг және бақылау бөлімінің басшысына – Доскиева Любовь Гириханқызына 2025 жылғы 19 маусымға дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 240004, 240000 (қабылдау бөлмесі).

 

14 апреля 2025
Хабарландыру Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

Хабарландыру

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мониторинг және бақылау бөлімінің басшысы - Доскиева Любовь Гириханқызына 2025 жылғы 19 сәуірге дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 24-00-04, 24-00-00 (қабылдау бөлмесі).

11 марта 2025
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есепті жария талқылау өткізу туралы хабарландыру

«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ

2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы

есепті жария талқылау өткізу туралы хабарландыру

 

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 

Басқарманың ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upp/press/article/details/197495?lang=kk  

«Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептер» бөлімінде 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп орналастырылған (мүмкіндігінше пікірлер қалдыру). 2025 жылғы 01 наурыздан 30 наурызға дейінгі мерзімде жария талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.

 

Шағын және орта бизнес
07 февраля 2025
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік  субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

 

Ұйымдастырушы:

«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ

Орналасқан жері:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай к-сі 96, 404 кабинет

Байланыс телефоны:

87162-24-00-15, 87162-24-00-08, 87162-24-00-13.

Өтінімдерді қабылдау нысанасы:

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.

Өтінімдерді беру орны:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай к-сі 96, 404 кабинет

Құжаттамаларды ұсыну мерзімі:

 

 

2025 жылдың «1» наурыздан бастап 2025 жылдың «15» наурызға дейін,

жұмыс күндерінде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін)

 

 

 

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз.

Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады:

1 санат – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

азаматтардың мынадай санаттарын:

мүгедектігі бар адамдарды;

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы және басқа да заңды өкілдерді;

зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде);

балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды;

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

қандастар.

әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құраған (бірақ осындай санаттарға жататын кемінде екі адам болған), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құраған жағдайда, жұмыспен қамтуға ықпал етеді (жұмыскердің әлеуметтік мәртебесі еңбек шартын жасасқан кезде белгіленеді.

 

2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды.

 

3 санат – мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС, бұл ретте мынадай:

тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі;

күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі;

әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі;

мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі;

жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі;

коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;

аурулардың профилактикасы, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдалануға болатын медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі;

мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі; 

мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауы, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрауы шарт.

 

4 санат – қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:

отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі;

балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;

әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі;

мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);         

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;

Қағидалардың 2-тармағының 7) – 10) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады. 

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай к-сі 96, 411 кабинет (кеңсе) мекенжайы бойынша қабылданады .

Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

 

 

Социальные сети
Instagram
Facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы