«Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жүктелген функцияларға сәйкес өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік, кәсіпкерлік, кең таралған пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдалану және кен іздеушілік, туризм және сауда қызметі салаларында мемлекеттік саясатты іске асырады.
Басқарманың орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96.
Басқарма басшысы - Оспанов Ербол Амангелдіұлы.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер саны -7:
- «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
- «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету;
- Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу;
- Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру;
- Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру;
- Кен іздеушілікке лицензия беру;
- Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лицензия беру.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 0.
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 7, ақылы негізде-1.
Қағаз нысанында ғана көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 0, электрондық нысанда - 6, қағаз және электрондық нысанда - 1.
Барлық 7 мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызмет стандарттары бекітіліп, тиісті ережелер қабылданды.
3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Басқарма (соның ішінде Ақмола облысының туризм басқармасы) 2021 жылы 105 Мемлекеттік қызмет көрсетті.
Олардың ішінде есепті кезеңде неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
- Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру-56;
- «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес - идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру-38;
- «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету-2.
- Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лицензия беру-9
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Басқарманың интернет-ресурсынан алуға болады –www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upp және телефондар бойынша: 8(7162)24-00-30, 24-00-29, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-23 «электрондық үкімет» және «е-лицензиялау» веб-порталдарында - www.egov.kz және www.elisense.kz сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 немесе 8-800-080-7777 телефоны бойынша.
Сондай-ақ, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4-қабат мекенжайы бойынша орналасқан басқарма ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендтер орналастырылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу Басқарманың құзыретіне кірмейді.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған халық арасында түсіндіру жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілер беттерінде жарияланымдар мен сөз сөйлеулерді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.
2021 жылы барлығы ресми интернет-ресурста 12 жарияланым, сондай-ақ әлеуметтік желілерде 16 жарияланым жарияланды.
Бұдан басқа, 2021 жылғы 19 қазанда Басқарма «білім беру, мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау, экономика және кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері» тақырыбына мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесіне қатысты.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
2021 жылы басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыс жандандырылды. Қазіргі уақытта Басқармамен 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның 6-ы толығымен автоматтандырылған, 1 қызмет электрондық немесе қағаз форматта ұсынылады (қолданыстағы ережелер мен стандарттарға сәйкес).
«Кен іздеушілікке лицензия беру» қызметі белсенді емес, өйткені «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД мәліметтері бойынша Кен іздеушілерді өндіруге арналған аумақ жоқ.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру және өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру жөніндегі қызметтер 2020 жылғы қыркүйекте «Qoldau» САЖ арқылы автоматтандырылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру мақсатында басқарма қызметкерлері тұрақты негізде біліктілікті арттыру бойынша іс-шараларға қатысады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.
Басқарма қызметкерлері кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында біліктілікті арттырудан міндетті түрде өтеді.
2021 жылы басқарманың 2 қызметкері біліктілігін арттырды (2021 жылғы 15-19 наурыз аралығында Д.Ж. Құсайынова, 2021 жылғы 12-15 сәуір аралығында –И.Ж. Айсина)
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру Басқарманың құзыретіне кірмейді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы басқарманың атына қызмет алушылардан қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау тұрақты негізде жүргізіледі.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2021 жылы уәкілетті орган басқармада мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізген жоқ.
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қоғам өкілдерімен бірлесіп «қоғамдық бақылау» жүргізді, оның нәтижесі бойынша Басқармамен қызмет алушылар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды шақыру түймесі орнатылды, сондай-ақ стендтердегі брошюралар ауыстырылды.
5) мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Басқарма тұрақты негізде қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, халық арасында, оның ішінде БАҚ, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ брифингтер мен семинарларға қатысу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауда.
2022 жылы басқарма көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануды арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі Басқарманың қызметі туралы түсіндіру жұмысын жалғастыратын болады.