Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік         мекемесінің
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер

 

«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) өзіне жүктелген функцияларға сәйкес Ақмола облысының аумағында өнеркәсіп салалары, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда, кең таралған пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдалану салаларында мемлекеттік саясатты іске асырады.

Басқарманың орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96.

Басқарма басшысы – Ахмедьянов Асхат Мұратбекұлы.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер саны – 9:

- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру;

- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылым жүргізуге қолдау көрсету;

- Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қою шартын тіркеу;

- Жоспарланған құрылыс учаскесінің жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе олардың мардымсыздығы туралы қорытынды беру;

- Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарға құрылыс салуға рұқсат беру;

- Старательдікке лицензия беру;

- Заңды тұлғаларға түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру;

- Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру;

- Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 0.

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 8, ақылы негізде – 1.

Тек қағаз нысанда көрсетілетін қызметтер – 2, электрондық нысанда – 6, қағаз және электрондық нысанда – 1.

8 мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітіліп, тиісті қағидалар қабылданған. «Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша стандарт пен қағидалар бекітілу сатысында.

3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2025 жылы Басқарма 134 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Есепті кезеңде ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- Жоспарланған құрылыс учаскесінің жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе олардың мардымсыздығы туралы қорытынды беру – 95;

- Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру – 6;

- Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру – 16;

- Инженерлік инфрақұрылым жүргізуді дамытуға қолдау көрсету – 1;

- Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарға құрылыс салуға рұқсат беру – 2;

- Заңды тұлғаларға түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру – 13;

- Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қою шартын тіркеу – 1.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Басқарманың www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upp интернет-ресурсынан, сондай-ақ 8 (7162) 24-00-30, 24-00-29, 24-00-15, 24-00-13 телефондары арқылы алуға болады.

Сонымен қатар «электрондық үкімет» және «е-лицензиялау» веб-порталдары – www.egov.kz және www.elicense.kz, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414 немесе 8-800-080-7777 телефондары арқылы ақпарат алуға болады.

Басқарма ғимаратында (Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4-қабат) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған ақпараттық стендтер бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу Басқарманың құзыретіне кірмейді.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланымдар мен сөз сөйлеулер ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.

2025 жылы Басқарманың ресми интернет-ресурсында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы 17 жарияланым орналастырылды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

2025 жылы Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыс жалғастырылды. Қазіргі уақытта Басқарма 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 5 қызмет толық автоматтандырылған, 1 қызмет электрондық немесе қағаз форматта ұсынылады (қолданыстағы қағидаларға сәйкес).

«Старательдікке лицензия беру» қызметі белсенді емес, себебі «Севказнедра» МД деректері бойынша старательдік әдіспен өндіруге арналған аумақ жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру мақсатында Басқарма қызметкерлері біліктілікті арттыру іс-шараларына тұрақты негізде қатысады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсынымдарды, стандарттар мен регламенттерді зерделеу арқылы өз білім деңгейін арттырады.

Басқарма қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес Мемлекеттік басқару академиясының филиалында міндетті түрде біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

6 мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітіліп, тиісті қағидалар қабылданған.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жылы Басқармаға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері

(Ақпарат ұсынылмаған)

3) Уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау нәтижелері

2025 жылы уәкілетті орган тарапынан Басқармада мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және тиімділігін одан әрі жетілдіру перспективалары

Басқарма мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу, құқықтық түсіндіру жұмыстарын өткізу, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, халық арасында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігін кеңінен насихаттау (БАҚ, интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер арқылы), сондай-ақ брифингтер мен семинарларға қатысу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін тұрақты негізде жетілдіру шараларын қабылдайды.

2025 жылы Басқарма мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызметі туралы қызмет алушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2026
Дата обновления
27 февраля 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
01 апреля 2026
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебінің жария талқылауын өткізу қорытындылары туралы қорытынды
Есеп
26 февраля 2026
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Есеп
13 января 2026
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылау нәтижелері

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы