«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жүктелген функцияларға сәйкес өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік, кәсіпкерлік, кең таралған пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдалану және кен іздеушілік, туризм және сауда қызметі салаларында мемлекеттік саясатты іске асырады.
Басқарманың орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96.
Басқарма басшысы - Оспанов Ербол Амангелдіұлы.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер саны - 9:
- Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру;
- Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жүргізу бойынша қолдау көрсету;
- Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу;
- Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру;
- Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру;
- Кен іздеушілікке лицензия беру;
- Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру;
- Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру;
- Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 0.
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 8, ақылы негізде-1.
Қағаз нысанында ғана көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 1, электрондық нысанда - 7, қағаз және электрондық нысанда - 1.
"Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру" мемлекеттік қызметін қоспағанда, барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілді және тиісті қағидалар қабылданды.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Басқарма 2024 жылы 87 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Олардың ішінде есепті кезеңде неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
- Алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе олардың шамалы болуы туралы қорытынды беру-39;
- Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру - 33;
- Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру-12.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Басқарманың интернет-ресурсынан алуға болады –www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upp және телефондар бойынша: 8(7162)24-00-30, 24-00-29, 24-00-15, 24-00-13 «электрондық үкімет» және «е-лицензиялау» веб-порталдарында - www.egov.kz және www.elisense.kz сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 немесе 8-800-080-7777 телефоны бойынша.
Сондай-ақ, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4-қабат мекенжайы бойынша орналасқан басқарма ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендтер орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу Басқарманың құзыретіне кірмейді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған халық арасында түсіндіру жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілер беттерінде жарияланымдар мен сөз сөйлеулерді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.
2024 жылы барлығы ресми интернет-ресурста, сондай-ақ әлеуметтік желілерде 15 жарияланым жарияланды.
2024 жылы басқарма мемлекеттік қызметтердің 4 онлайн-жәрмеңкесіне қатысты.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
2024 жылы басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыс жандандыруды жалғастырды. Қазіргі уақытта басқарма 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 7-і толық автоматтандырылған, 1-і қағаз түрінде, 1-і электрондық немесе қағаз форматында (қолданыстағы ережелерге сәйкес) көрсетіледі.
«Кен іздеушілікке лицензия беру» қызметі белсенді емес, өйткені «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД мәліметтері бойынша кен іздеушілерді өндіруге арналған аумақ жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру мақсатында басқарма қызметкерлері тұрақты негізде біліктілікті арттыру бойынша іс-шараларға қатысады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.
Басқарма қызметкерлері кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында біліктілікті арттырудан міндетті түрде өтеді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болып табылады.
Барлық 8 мемлекеттік қызмет бойынша Мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілді және тиісті қағидалар қабылданды, 1 "кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру" мемлекеттік қызметі бойынша стандарт пен қағидалар бекіту процесінде.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы басқарманың атына қызмет алушылардан қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
-
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2024 жылы уәкілетті орган басқармада мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингіне жүргізілген талдауға сәйкес 2024 жылы басқармаға мыналар ұсынылды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлардың болуы бойынша
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитариялық тораптар басқарманың жалға берілетін үй-жайда орналасуына байланысты жоқ.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті жағдай жасау туралы талап жалға алынған үй-жайдың әкімшілігіне тиісті шаралар қабылдау үшін хабарланды..
5) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Басқарма тұрақты негізде қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, халық арасында, оның ішінде БАҚ, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ брифингтер мен семинарларға қатысу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауда.
2025 жылы басқарма көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануды арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі Басқарманың қызметі туралы түсіндіру жұмысын жалғастыратын болады.