Жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдарын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету және тиімділігін бағалау бойынша түпкілікті шаралар қабылдау туралы өндіруші салалардың ашықтық бастамасын іске асыру жөніндегі ақпарат

22 мамырда, облыстық әкiмдiкте Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Марат Иғалиевтiң төрағалығымен Өндiрушi салалар қызметiнiң ашықтығы бастамасы шеңберiнде өңiрдiң әлеуметтiк саласын дамытуына арналған қаражатты жұмсау туралы өңiрлiк кеңейтiлген отырысы өттi.

Отырыста өңiрлiк ҮЕӨ өкiлдерi, Мемлекеттiк органдар, депутаттар, өндiрушi компаниялар, БАҚ және өзге де қоғам қатысты.

Отырыс барысында Ақмола облысының экономикалық және бюджеттiк жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Данияр Қуанышбаев өңiрлерде әлеуметтiк саланы дамытуына арналған бюджеттiк қаражатты жұмсау туралы баяндамамен сөз сөйледi, «Қазақалтын ТМК» АҚ бас директорының орынбасары Ғани Сагиев және «RG Gold» ЖШС өкiлi Алия Жақсыбаева Степногорск қаласында және Бурабай ауданында әлеуметтiк саланы қолдау және дамыту, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi туралы айтып бердi.

Жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдарын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету және тиімділігін бағалау бойынша түпкілікті шаралар қабылдау туралы Өндіруші салалардың ашықтық бастамасын іске асыру жөніндегі ақпарат

Дата публикации