Бірыңғай есеп беру күнін өткізу туралы хабарландыру

Бірыңғай есеп беру күнін өткізу туралы хабарландыру

2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15.00-де Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 8-қабат мекенжайындағы «Green Which» БО – да бизнес – қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» өтеді.

 

Іс-шара барлық облыстық бақылау-қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілерімен кездесуі нысанында өтеді, онда олардың мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері талқыланады және бизнес-қоғамдастықпен кері байланыс орнатылады.

 

Жоба, Қазақстан республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың, Ұлттық инвесторлардың кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тапсырмасымен жүзеге асырылады. Идеяның бастамашысы - «Атамекен» Кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасы болып табылады.

 

         Бизнес өкілдері іс-шара барысында сөз сөйлеушілерге де, бақылау және қадағалау органдарының басқа өкілдеріне де қызықтыратын сұрақтар қоя алады.

Дата публикации
10 сентября 2025