Ақмола облысында бизнесті дамыту және қолдау мәселелері бойынша анықтама

Ақмола облысында бизнесті дамыту және қолдау

мәселелері бойынша анықтама

 

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 65,028 мың бірлікті құрады (2024 жылғы сәуірге 102,9%).

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 60,031 мың бірлікті құрайды (2024 жылғы сәуірге 102,5%).

Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 92,3 %-ды құрады.

2025 жылғы 1 мамырдағы ШОК субъектілерінің құрылымы:

- шағын және орта кәсіпкерлік – 9 550 бірлік

- жеке кәсіпкерлер – 43 969 бірлік

- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 512 бірлік

2025 жылғы қаңтар-сәуірде ШОК субъектілерінен 62,362 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2024 жылғы ұқсас кезеңге 103,4%, салықтардың жалпы түсімінің 34,0%-ы).

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 148,484 мың адамды құрады (2023 жылғы желтоқсанға 102,3%).

2024 жылғы қаңтар – желтоқсанда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 999,494 млрд. теңгені құрайды (2023 жылғы ұқсас кезеңге 112,2%).

2024 жылғы қаңтар - желтоқсанда ШОК-тің жалпы қосылған құны               1 999,494 млрд.теңгені немесе 27,7% -ды құрайды.

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында ШОК субъектілерінде 2 429 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).

2025 жылғы қаңтар-сәуірде ЕДБ ШОК субъектілеріне 36,4 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 100,0%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 30,6%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 13,9%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 1,4%-ды құрайды.

 

«Бірыңғай кешенді бағдарлама» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

 

 

2025 жылғы қаңтар-наурызда жалпы сомасы 9 419,4 млн. теңгеге            70 жоба мақұлданды (2024 жылғы ұқсас кезеңге 48,9%).

2025 жылы шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуды іске асыруға 8 690,596 млн. теңге (РБ – 5 651,0 млн. теңге, ЖБ – 3 039,596 млн. теңге) бөлінді, оның ішінде:

- субсидиялауға 7 797,161 млн. теңге бөлінді (РБ – 5 651,0 млн.теңге, ЖБ – 2 146,161 млн. теңге);

7 345,3 млн. теңге кредит сомасына 47 жаңа жоба бойынша субсидиялау басталды, 1 848,9 млн. теңге сомасына субсидиялар төленді;

- кредиттерге кепілдік беруге 276,333 млн. теңге бөлінді                               (ЖБ – 276,333 млн. теңге) 1 646,0 млн. теңге кредит сомасына кредиттер бойынша 20 кепілдік берілді, кепілдіктер сомасы 607,2 млн. теңгені құрайды;

- гранттық қаржыландыруға 189 млн. теңге (ЖБ – 189,0 млн. теңге) байқау а.ж. шілде-тамыз айларына жоспарланған.;

- инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге 3 жоба бойынша 428,102 млн.теңге (ЖБ – 428,102 млн. теңге) бөлінді, 120,603 млн. теңге игерілді (28,2%).

«Central Place» ЖШС жобалары бойынша:

блок - модульдік трансформаторлық қосалқы станция – 285,742 млн. теңге (80,498 млн. теңге игерілді (ЭТҮКШБ);

электрмен жабдықтау – 56,723 млн. теңге (15,980 млн. теңге игерілді (ЭТҮКШБ);

сумен жабдықтау және кәріз – 85,637 млн. теңге (24,125 млн. теңге игерілді (ЭТҮКШБ).

 

Анықтама: 2024 жылы шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуды іске асыруға 11 199,116 млн. теңге (РБ – 7 546,43 млн. теңге, ЖБ – 3 652,686 млн. теңге) бөлінді, оның ішінде:

- субсидиялауға 9 824,827 млн. теңге бөлінді (РБ – 7 163,43 млн.теңге, ЖБ –             2 661,397 млн. теңге);

34 236,9 млн. теңге кредит сомасына 680 жаңа жоба бойынша субсидиялау басталды, 9 824,8 млн. теңге сомасына субсидиялар төленді (100% игерілді);

- кредиттерге кепілдік беруге 659,333 млн. теңге бөлінді (РБ – 383,0 млн. теңге, ЖБ – 276,333 млн. теңге) 8 862,6 млн. теңге кредит сомасына кредиттер бойынша 258 кепілдік берілді, кепілдіктер сомасы 4 703,9 млн. теңгені құрайды (100% игерілді);

- гранттық қаржыландыруға 189 млн. теңге (ЖБ – 189,0 млн. теңге) 150,6 млн. теңге сомасына 32 жоба мақұлданды;

- инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге 525,956 млн.теңге (ЖБ – 525,956 млн. теңге) бөлінді, 4 жоба бойынша 515,227 млн. теңге игерілді (98% игерілді).

«Макинск құс фабрикасы» ЖШС жобалары бойынша:

су бұру – 165,7 млн. теңге (ЖБ, 100% игерілді (ҚС);

электрмен жабдықтау – 109,4 млн. теңге (ЖБ, 100% игерілді (ЭТҮКШБ).

«ЭкоЛюкс-АС» ЖШС (электрмен жабдықтау) – 235,8 млн. теңге (ЖБ, 100% игерілді (ЭТҮКШБ);

«Дихамбек» ШҚ (электрмен жабдықтау) – 15,1 млн.теңге (ЖБ, 4,3 млн. теңге игерілді немесе 28%, мердігердің орындалған жұмыстар актісін ұсынбауына байланысты, 10,7 млн. теңге игерілмеген (ЭТҮКШБ).

        ___________________________________________________________

«Бизнестің жол картасы» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданылу кезеңінде (2010 ж. бастап) жалпы сомасы 406,45 млрд. теңгеге  7 128 жоба мақұлданды (01.01.2010 ж. бастап 01.05.2025 ж. дейін), оның ішінде:

- сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша (1,2,3 бағыт, портфельдік) – 328,5 млрд. теңге кредит сомасына 4 654 жоба;

- ШОБ кредиттері бойынша кепілдіктер беру бойынша кредиттер сомасы              63,3 млрд. теңгеге барлығы 2 134 жоба мақұлданды, кепілдіктер сомасы 31,3 млрд. теңгені құрайды;

- гранттық қаржыландыру бойынша 1,0 млрд. теңге грант сомасына барлығы 276 жоба мақұлданды;

- жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу бойынша 13,650 млрд. теңге сомасына барлығы 64 жоба мақұлданды.

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру есебінен 2010-2025 жылдар аралығында оның қатысушылары 8 152,458 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, 693,9 млрд.теңге сомасына салық төленді және 37,9 мың жұмыс орны құрылды.

 

Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау

 

2025 жылғы 1 мамырға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде Ақмола облысының 59 кәсіпкері тіркелген (а. ж. 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мәліметтер), оның ішінде:

- бірінші санат бойынша – 4 кәсіпкер;

- екінші санат бойынша – 1 кәсіпкер;

- үшінші санат бойынша – 25 кәсіпкер;

- төртінші санат бойынша – 29 кәсіпкер.

 

Ақмола облысында 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен

ШОК субъектілеріне қаржылық қолдау

 

Ақмола облысында су тасқыны салдарынан 28 шағын және орта бизнес субъектісі зардап шекті.

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларына (бұйрықтың мерзімі 20.12.2024 ж. аяқталды) сәйкес Ақмола облысындағы су тасқыны салдарынан бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу туралы өтініштерді қарау жөніндегі өңірлік комиссия құрылды (29.04.2024 ж. облыс әкімдігінің қаулысы).

 2024 жылғы 22 мамыр мен 2024 жылғы 4 желтоқсан аралығында өңірлік комиссия Ақмола облысында су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың орнын толтыру туралы 28 өтінішті қарады, оның ішінде өңірлік комиссия мүшелері бірауыздан жалпы сомасы 153,3 млн.теңгеге 27 бизнес субъектісіне мүліктік шығындардың орнын толтыру туралы оң шешім қабылдады.

2024 жылғы 13 желтоқсанға 27 кәсіпкерге 153,3 млн. теңге сомасында өтемақы төленді.

Анықтама: 22 бизнес субъектісіне 139,6 млн. теңге сомасында залал                       РБ қаражаты есебінен өтелді, 5 бизнес субъектісіне 13,7 млн. теңге сомасында залал Көкшетау қаласы, Целиноград ауданы әкімдігінің және бюджеттен тыс қордың қаражаты есебінен өтелді.

1 бизнес субъектісіне өңірлік комиссия мүшелері бірауыздан бас тарту туралы шешім қабылдады (Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі).

Бұдан басқа, ағымдағы жылы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің мүліктік шығындарын өтеуді қаржыландыру жөніндегі жұмысты жалғастыру шеңберінде 2024 жылғы су тасқыны салдарынан жылжымайтын мүлік бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары бекітілді (бұйрықтың қолданылу мерзімі 31.03.2025 ж.аяқталды).

2025 жылғы 28 наурызда өңірлік комиссия 2024 жылғы су тасқыны салдарынан жылжымайтын мүлік бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген мүліктік шығындардың орнын толтыру туралы 1 өтінішті қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша өңірлік комиссия мүшелері бірауыздан жергілікті бюджет қаражаты есебінен 23,3 млн. теңге сомасына мүліктік шығындардың өтемақысын мақұлдау туралы шешім қабылдады (Атбасар ауданы).

Дата публикации
20 мая 2025