Ақмола облысының 2021 жылғы қаңтар-тамыз әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

  • Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 694,3 млрд. теңгені құрды. Тауар өнімнің НКИ – 108,4%.
  • Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 102,7% құрады. Өсім құрамында алтын бар кендерді өндіру көлемінің 27,7% ұлғаюымен байланысты.
  • Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 108,6% құрды.
  • Азық-түлік өндірісінде (НКИ 117,9%) сары май 24,9%-ға, ет және субөнімдер өндірісі (заттай мәнде) 50,2%-ға өсті.
  • Сусындар өндірісі саласында (НКИ 145,3%) минералды су өндірісі 37,5%-ға, арақ өндірісі 56,9%-ға өсті.
  • Химия өнеркәсібінде (НКИ 151,9%) «Astana Nan Chemicals» ЖШС пестицидтер өндірісінің көлемі 2,2 есеге ұлғайды.
  • Резеңке және пластмасса өнімдері өндірісінде (НКИ 523,7%) полиэтиленнен жасалған қаптар мен сөмкелер өндірісі 26,2% - ға, резеңкеден жасалған шлангілер өндірісі 18,9 есеге ұлғайды.
  • Машина жасау саласында (НКИ 183,4%) астық жинайтын комбайндар өндірісінің көлемі 7,6 есеге, мойынтіректер 11,4% - ға, тракторлар өндірісінің көлемі 2,7 есеге ұлғайды.
  • Металлургия саласында (НКИ 89,0%) өңделмеген алтын өндірісінің көлемі 8,8%-ға төмендеп, 19 363 кг құрады, бұл «Алтынтау Кокшетау» АҚ,  «RG Gold» ЖШС, «Қазақалтын Technology» ЖШС қызметіне байланысты.
  • Нақты көлем индексінің төмендеуіне облыстың 11 өңірінде жол берілді: Степногорск қ. (98,1%), Зеренді (94,4%), Егіндікөл (93,7%), Сандықтау (93,0%), Қорғалжын (92,8%), Біржан сал (91,8%), Шортанды (90,2%), Бурабай (86,8%), Жарқайың (85,6%) Атбасар (83,2%), Ақкөл (81,8%).
Дата публикации
21 октября 2020