Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Басқарма басшысы қызметкерлермен аппараттық кеңес өткізді, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл әдістері талқыланды, мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтар беруі мен алуына қатысты жаңа талаптар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілік шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Қызметкерлердің еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы тиісінше орындауын бақылау мақсатында басқарманың барлық кабинеттері мен холында бейнебақылау камералары орнатылды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осыған байланысты басқарма басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары қарамағындағы қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау туралы тұрақты негізде әңгімелесулер өткізеді.

Қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол бермеу, қызметкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында, басқармада бекітілген жоспар-кестеге сәйкес аппараттық сабақтар өткізіледі.

Басқармада қызметкерлермен жасалған сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылық фактілері туралы ақпаратты қабылдау үшін нөмірлі 8(7162)24-00-00 сенім телефоны орнатылды, басқармаға кіреберісте жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қабылдауға арналған жәшік орнатылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Бірыңғай сенім телефоны-1424 ресми сайтта, сондай-ақ басқарма үй-жайындағы ақпараттық стендттерде көрсетілген.

Дата публикации
13 октября 2020