Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
РҚАО-ның ескертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 27-баптан қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты iске асыруға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбiр ұғымдарды түсiндiру
Осы Заңда қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:
1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам — мемлекеттiк функцияларды және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымды атқаратын адам, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк саяси лауазымды не "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымын атқаратын адам;
2) лауазымды адам — тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
3) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адам — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттiк қызметшi, мәслихат депутаты, сондай-ақ мемлекеттiк лауазымда көзделген мiндеттердi мемлекеттiк қызметке тағайындалғанға дейiн уақытша орындайтын адам;
4) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адам — жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдiгiне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелiгiне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргiзiлетiн қызметшi; мемлекеттiк ұйымда немесе квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен оның ведомстволарының қызметшiлерi;
5) мүдделер қақтығысы — жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың, оларға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделерi мен олардың лауазымдық өкiлеттiктерi арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделерi олардың өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше орындамауына әкеп соғуы мүмкiн;
6) сыбайлас жемқорлық — жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерiнiң лауазымдық (қызметтiк) өкiлеттiктерiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзiне не үшiншi тұлғаларға мүлiктiк (мүлiктiк емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн азайтуға, қоғамның мемлекеттiк органдар қызметiне сенiмiн арттыруға бағытталған құқықтық, әкiмшiлiк және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер — осы Заңда белгiленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң өз өкiлеттiктерi шегiндегi сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның iшiнде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнiндегi, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөнiндегi қызметi;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган — өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты iске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласын үйлестiру жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы орталық атқарушы орган; оның ведомствосы, аумақтық бөлiмшелерi;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық — бұл үшiн заңда әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық белгiленген, сыбайлас жемқорлық белгiлерi бар құқыққа қайшы, кiнәлi түрдегi iс-әрекет (әрекет немесе әрекетсiздiк);
12) сыбайлас жемқорлық тәуекелi — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайлардың туындау мүмкiндiгi;
13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң алдын алу шаралары жүйесiн әзiрлеу және енгiзу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөнiндегi қызметi.
Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы
4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың негiзгi қағидаттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл:
1) заңдылық;
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау басымдығы;
3) жариялылық пен ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара iс-қимыл жасауы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларын жүйелi және кешендi пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға жәрдем көрсететiн адамдарды көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың мақсаты мен мiндеттерi
1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестiк ахуалын қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн жағдайлар мен себептердi анықтау және олардың салдарларын жою;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң өзара iс-қимылын нығайту;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мiндеттерiн шешу арқылы iске асырылады.
2-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ IС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ
6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларының жүйесi
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларының жүйесi:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтi;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн талдауды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргiзу кезiнде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
6) қаржылық бақылауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешудi;
9) кәсiпкерлiк саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларын;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, ашуды және тергеп-тексерудi;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг
8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн талдау
1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтау;
2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң ұйымдық-басқарушылық қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтау бойынша жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне сыртқы талдау жүргiзуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың өзге де субъектiлерiнiң мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн сыртқы талдау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органдар, ұйымдар және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерi мен жағдайларын жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауға;
2) қылмыстық iстер бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзуге;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуге;
4) сот төрелiгiне;
5) жедел-iздестiру қызметiне;
6) қылмыстық-атқару қызметiне;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауға қолданылмайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк тәртiбiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
9-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру
10-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар
РҚАО-ның ескертпесi!
11-баптың 9-тармағының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн ҚР 18.11.2015 № 410-V Заңының 27-бабынан қараңыз.
11-бап. Қаржылық бақылау шаралары
1) активтерi мен мiндеттемелерi туралы декларацияны;
2) кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.
1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
4) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.
осы баптың 2-тармағында аталған адамдардың активтерi мен мiндеттемелерi туралы декларацияны және (немесе) кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәлiметтердi ұсынуы, егер iстелген әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса — тiркеуден бас тарту немесе тiркеу туралы шешiмдердiң күшiн жою үшiн негiз болып табылады;
осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың активтерi мен мiндеттемелерi туралы декларацияны және (немесе) кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәлiметтердi ұсынуы, егер iстелген әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса — Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
1) саяси мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2) "А" корпусындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
4) Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
5) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған, жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетiлген мәлiметтер есептi күнтiзбелiк жылдан кейiнгi жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жариялануға жатады.
Жариялануға жататын мәлiметтер тiзбесiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мәлiметтердi мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламентi мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару қызметтерi (кадр қызметтерi) орналастырады.
Ескертпелер.
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер
1) мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметтi жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу;
3) мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтiк және өзге де ақпаратты пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк өкiлеттiктерiн орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдайды.
13-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет
1) егер шаруашылық етушi субъектiнi басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың лауазымдық мiндеттерiне кiрмейтiн болса, шаруашылық етушi субъектiнi басқаруға өз бетiнше қатысуға, мүлiктiк немесе өзге де игiлiктер алу мақсатында өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiктерiн құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға жәрдемдесуге;
2) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткiзудi қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
3) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, ақы төленетiн басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымға тағайындалған күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лауазымға тағайындалғанға дейiн сатып алынған, өздерiне тиесiлi инвестициялық қорлар пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сенiмгерлiк басқаруға беруге мiндеттi.
Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
14-бап. Жақын туыстардың, ерлi-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу
Ескертпе. Осы Заңда жақын туыстар деп ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындас-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi, жекжаттар деп — жұбайының (зайыбының) аға-iнiлерi, апа-қарындас-сiңлiлерi, ата-аналары мен балалары түсiнiледi.
15-бап. Мүдделер қақтығысы
Тiкелей басшысы не ұйымның басшылығы осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың өтiнiштерi бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға:
1) осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды лауазымдық мiндеттерiн орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша лауазымдық мiндеттердi орындауды басқа адамға тапсыруға;
2) лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;
3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға мiндеттi.
16-бап. Кәсiпкерлiк саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шаралары
1) шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң есептiлiгiн, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететiн ұйымдық-құқықтық тетiктердi белгiлеу;
2) адал бәсекелестiк қағидаттарын сақтау;
3) мүдделер қақтығыстарын болғызбау;
4) iскерлiк әдеп нормаларын қабылдау және сақтау;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру жөнiндегi шараларды қабылдау;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау арқылы шаралар қабылдайды.
17-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндама
Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ IС-ҚИМЫЛ СУБЪЕКТIЛЕРI
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI
18-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерi
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiне:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың өзге де субъектiлерi: мемлекеттiк органдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi, қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.
19-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
20-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган мынадай функцияларды:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өз құзыретi шегiнде нормативтiк-құқықтық актiлер қабылдауды;
2) осы Заңға сәйкес, мемлекеттiк органдар, ұйымдар және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауды;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына мемлекеттiк органдар, ұйымдар және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметiнде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерi мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнiнде ұсынымдар енгiзудi;
4) жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы, әрi қарай Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыну үшiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi;
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн сыртқы талдау нәтижелерi бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi ұсынымдарды мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң орындауын мониторингтеудi;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша тәркiленген және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлiктiң өткiзiлуiне мониторингтi жүзеге асырып, оны мемлекет кiрiсiне айналдыру туралы ақпаратты әдетте кейiннен жариялауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың оң тәжiрибесiн зерделеудi және таратуды;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру саласында бiлiм беру бағдарламаларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар тұжырымдауды;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiлiм беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсiндiру қызметi, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орындау бойынша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiне жәрдемдесудi және әдiстемелiк көмек көрсетудi;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша басқа да мемлекеттiк органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен өзара iс-қимыл жасауды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысуды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
21-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органның өкiлеттiктерi
1) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ақпарат пен материалдарды сұратады;
2) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою бойынша заңнамалық тәртiппен белгiленген шараларды қабылдайды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтi жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
3-1) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады және iстердi қарайды;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-iздестiру және тергеу қызметiнiң практикасына, сотқа дейiнгi тергеп-тексеруге талдау жүргiзуге;
2) iс жүргiзудегi қылмыстық iстер бойынша шақырту бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелуге;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестiк заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес, құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюға немесе алуды жүргiзуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
5) мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестiк заңнамасында белгiленген тәртiппен, мән-жайларды немесе заңды басқа да бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау туралы ұсынулар енгiзуге;
6) алып тасталды — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргiзудi талап етуге;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiруге, жедел-iздестiру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын айқындауға, оның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және iске асыруға;
9) өзiне жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құруға және пайдалануға, сотқа дейiнгi тергеп-тексеру барысында зерттеудi, заңнамада белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi ұйымдастыруға;
10) ұстап алынған және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүруге;
11) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
22-бап. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi лауазымды адамдардың өкiлеттiктерi
23-бап. Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға қатысуы
Жеке тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл кезiнде мынадай шаралар қолданады:
1) өздерiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактiлерi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарлайды;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға қатысады;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдық басқа да субъектiлерiмен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
5) мемлекеттiк органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сұратады және алады;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша зерттеулер, оның iшiнде ғылыми және әлеуметтiк зерттеулер жүргiзедi;
7) бұқаралық ақпарат құралдарында түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша әлеуметтiк маңызды iс-шаралар ұйымдастырады.
24-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау
Осы тармақтың ережелерi сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады.
4-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫН ЖОЮ
25-бап. Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алу (қайтару)
26-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған мәмiлелердiң, шарттардың, актiлердiң және әрекеттердiң жарамсыздығы
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
27-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 11-бабының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12 және 13-тармақтарын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 11-бабының 9-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
"9. Мыналар:
1) саяси мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2) "А" корпусындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
4) Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
5) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетiлген мәлiметтер есептi күнтiзбелiк жылдан кейiнгi жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жариялануы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, жариялануға жататын мәлiметтердiң тiзбесiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мәлiметтердi мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламентi мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару қызметтерi (кадр қызметтерi) орналастырады.".
"11-бап. Қаржылық бақылау шаралары
салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жердегi кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып;
мыналар:
банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы қаржы қаражаты туралы;
жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, заңды тұлғалардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;
егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi, айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерi туралы мәлiметтердi ұсынады.
салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жердегi кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып;
мыналар:
банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы қаржы қаражаты туралы;
жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, заңды тұлғалардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;
егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi және айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерi туралы мәлiметтердi ұсынады.
Ескертпе. Осы тармақта арнаулы мемлекеттiк органдағы қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi деп жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бiрге тұратын адамдар танылады.
Қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген мақсаттарда және тәртiппен қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер ұсынылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев