Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV Заңы
"Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 37-38 (27110); "Казахстанская правда" от 26.01.2012 г., № 29 (26848);
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
РҚАО-ның ескертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 28-б. қараңыз.
Осы Заң индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерiн белгiлейдi және оны мемлекеттiк қолдау шараларын айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жергiлiктi қамту – индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсiнiң индустриялық-инновациялық жобасына қатыстырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекке ақы төлеудiң жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде белгiленген жергiлiктi өндiрiлу үлестерi құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсiнiң индустриялық-инновациялық жобасын iске асыру кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң жалпы құнынан пайыздық қамтылуы;
2) жергiлiктi қамту бойынша сараптама – республикалық индустрияландыру картасына енгiзуге үмiткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсiнiң индустриялық-инновациялық жобасындағы жергiлiктi қамтуды бағалау;
3) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертiне, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын iс-шаралар кешенi;
4) индустриялық-инновациялық қызмет – еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында, экологиялық қауiпсiздiк қамтамасыз етiлуiн ескере отырып, индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжытуға байланысты жеке немесе заңды тұлғалардың қызметi;
5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
6) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды iске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) инновация – экономикалық тиiмдiлiктi арттыру мақсатында, экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндiрiстiк, әкiмшiлiк, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешiмдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрiнде iс жүзiне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң нәтижесi;
8) инновациялық грант – индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары шеңберiнде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын iске асыру үшiн өтеусiз негiзде берiлетiн бюджет қаражаты;
9) инновациялық кластер – өзара iс-қимыл жасау және қолда бар мүмкiндiктердi бiрлесiп пайдалану, бiлiм және тәжiрибе алмасу, технологияларды тиiмдi беру, орнықты әрiптестiк байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандыруға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерiнiң, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерiнiң бiрлестiгi;
10) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) салалық конструкторлық бюро – материалдық-техникалық кешенге иелiк ететiн, жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарлар өндiрудi ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдемдесу үшiн технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға;
12) сындарлы технология – ұзақ мерзiмдi перспективада (он жылдан артық) ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды қамтамасыз ететiн технология;
13) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқоры – отандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң және оларды берушiлердiң тiзбесi;
14) технология – пайдаланылуы жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi алуды қамтамасыз ететiн, бiрыңғай өндiрiстiк циклде жұмыс iстейтiн процесс және (немесе) жабдықтар кешенi;
15) технологиялар трансфертi – индустриялық-инновациялық қызмет, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсiлдермен алынған меншiк, оны иелену және (немесе) пайдалану құқығы субъектiлерiнiң жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияларды енгiзу процесi;
16) технологияларды коммерцияландыру – жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды, процестер мен көрсетiлетiн қызметтердi нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн iс жүзiнде қолданумен байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызмет;
17) технологияларды коммерцияландыру орталығы – технологияларды коммерцияландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес бiлiм беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлiмшесi;
18) технологиялық болжау – игерiлуi мемлекеттiң орнықты индустриялық-инновациялық дамуы үшiн қажеттi шарт болып табылатын технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешенi;
19) технологиялық парк (бұдан әрi – технопарк) – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға;
20) экономиканың басым секторлары – мемлекеттiң экономикалық даму серпiнi мен сапасына әсер етуге қабiлеттi ұлттық экономиканың секторлары.
Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамасы
- Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк
қолдаудың мақсаты, мiндеттерi мен қағидаттары
- Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негiзiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мiндеттерi:
1) экономиканың басым секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
2) бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;
3) еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ өндiрiстiк тiзбектi ұзарту және нарықты кеңейту мақсатында жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
4) инновацияларды тиiмдi енгiзудi және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамытуды қолдау;
5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетiн арттыру;
6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне технологияларды коммерцияландыруда жәрдем көрсету;
7) индустриялық-инновациялық субъектiлерге экспорттық әлеуетiн дамытуда жәрдем көрсету;
8) экономиканың басым секторларында ғылыми-зерттеу базасын дамыту және оны өндiрiстiк процеспен ықпалдастыру;
9) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның iшiнде индустриялық-инновациялық қызмет үшiн жоғары бiлiктi кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметiн мемлекеттiк қолдау:
1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне осы Заңға сәйкес мемлекеттiк қолдау алуға тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығы, атаулылығы мен транспаренттiлiгi;
3) мемлекет және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi мүдделерiнiң теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi индустриялық-инновациялық жобаларының жеке ерекшелiктерiн ескере отырып, оларды табысты iске асыру мақсатында мемлекеттiк қолдау шараларын оңтайландыру;
5) мемлекеттiң және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тұрақты өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн кешендiлiк және жүйелiлiк;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкестiгi қағидаттарына негiзделедi.
2-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК
ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
3) Қазақстан Республикасының Президентiне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгiзедi;
4) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламаларды бекiтедi;
5) ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын бекiтедi;
6) ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларын iске асыруға уәкiлеттi, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей не жанама түрде мемлекетке тиесiлi өзге де заңды тұлғалардың тiзбесiн бекiтедi;
7) жергiлiктi қамту бойынша сараптама жүргiзу қағидаларын бекiтедi;
8) республикалық индустрияландыру картасын бекiтедi;
9) басым тауарлар мен қызметтердiң бiрыңғай картасын бекiтедi;
10) жоғары технологиялық өнiмдер өндiру жөнiндегi қызмет түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
11) инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындайды;
12) отандық өңделген тауарларды, қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын бекiтедi;
13) Қазақстан Республикасы Үкiметi жанынан Үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi үйлестiру кеңесiн (бұдан әрi – Үйлестiру кеңесi) құрады және оның ережесi мен құрамын бекiтедi;
14) Қазақстан Республикасы Үкiметi жанынан Технологиялық саясат жөнiндегi кеңестi құрады және оның ережесi мен құрамын бекiтедi;
15) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс iстеуi қағидаларын бекiтедi;
16) жобаларды республикалық және өңiрлiк индустрияландыру карталарына енгiзу тәртiбiн айқындайды;
17) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары iшiнара өтелетiн отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
18) технологияларды сатып алуға, өнеркәсiптiк зерттеулер жүргiзуге, бастапқы даму кезеңiнде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөнiндегi қызметтi қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңiрлiк патенттiк ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекiтедi;
19) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекiтедi;
20) шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың бiлiктiлiгiн арттыруға, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға, консалтингтiк, жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекiтедi;
21) инновациялық гранттар беру кезiнде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтерiне ақы төлеу тәртiбiн айқындайды;
22) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
5-бап. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк
қолдау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
2) ғылыми-технологиялық дамытудың салааралық жоспарын әзiрлейдi;
3) индустриялық-инновациялық жүйенi жоспарлауды, мониторингiлеудi, ынталандыруды, дамытуды жүзеге асырады;
4) өз құзыретi шектерiнде индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламаларды әзiрлейдi және келiседi;
5) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгiзедi;
6) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының тиiмдiлiгi туралы ақпаратты ұсынады;
7) жергiлiктi қамту бойынша сараптама жүргiзу қағидаларын әзiрлейдi;
8) республикалық индустрияландыру картасын әзiрлейдi;
9) басым тауарлар мен қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлейдi;
10) жоғары технологиялық өнiмдер өндiру жөнiндегi қызмет түрлерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi;
11) Қазақстан Республикасы Үкiметiне инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
12) Үйлестiру кеңесi туралы ереженi әзiрлейдi және Қазақстан Республикасы Үкiметiне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгiзедi;
13) Технологиялық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереже әзiрлейдi және Қазақстан Республикасы Үкiметiне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныс енгiзедi;
14) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлiгiнде даму стратегиясы мен бағдарламасын келiседi;
15) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс iстеу қағидаларын әзiрлейдi;
16) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарыққа жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын әзiрлейдi;
17) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары iшiнара өтелетiн отандық өңделген тауарлардың тiзбесiн әзiрлейдi;
18) жобаларды республикалық және өңiрлiк индустрияландыру карталарына енгiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
19) технологияларды сатып алуға, өнеркәсiптiк зерттеулер жүргiзуге, бастапқы даму кезеңiнде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөнiндегi қызметтi қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңiрлiк патенттiк ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзiрлейдi;
20) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзiрлейдi;
21) шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың бiлiктiлiгiн арттыруға, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға, консалтингтiк, жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзiрлейдi;
22) инновациялық гранттар беру кезiнде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтерiне ақы төлеу тәртiбiн әзiрлейдi;
23) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
24) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын әзiрлейдi;
25) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
6-бап. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның
құзыретi
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгiзедi;
3) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;
4) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергiлiктi қамтуды дамыту саясатын қалыптастырады;
5) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламаларды iске асыру бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiредi;
6) индустриялық-инновациялық қызмет саласында бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз етудi үйлестiрудi және жұмыспен қамтуды реттеудi жүзеге асырады;
7) индустриялық-инновациялық жүйенiң тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;
8) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму стратегиялары мен жоспарларын индустриялық-инновациялық даму мақсаттарына сәйкестiк нысанына келiседi;
9) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
7-бап. Өзге де мемлекеттiк органдардың құзыретi
Мемлекеттiк органдар:
1) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
2) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
3) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламаларды әзiрлейдi;
4) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;
5) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау жөнiнде ұсыныстар бередi;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергiлiктi атқарушы органдарының
құзыретi
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы мемлекеттiк саясатты тиiстi аумақта қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
2) өңiрлiк индустрияландыру карталарын әзiрлейдi және бекiтедi;
3) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырып жатқан индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтерiне, индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерiне әдiстемелiк, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;
4) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
5) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша және мерзiмдерде ұйымдардың сатып алуында жергiлiктi қамту жөнiнде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
6) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;
7) негiзгi қызметi инновацияларды дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;
8) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың тиiстi аумақта iске асырылуын үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
9) жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың мүддесi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСI
9-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
жүйесi
Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларын дамытуды және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды ынталандыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын субъектiлерден, инфрақұрылымнан және құралдардан тұратын индустриялық-инновациялық жүйе құрылады.
10-бап. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк
қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-
инновациялық жүйенiң субъектiлерi
- Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерiне ұлттық, оның iшiнде өңiрлiк даму институттары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларын iске асыруға уәкiлеттi, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесiлi өзге де заңды тұлғалар жатады.
2. Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
2) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың орындалу мониторингiне қатысады;
3) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен оны өзектi ету бойынша қызметтер көрсетедi;
4) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустрияландыру картасының экономикалық тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсетедi.
3. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты:
1) технологиялық болжау процесiне қатысады;
2) инновацияларды дамыту саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдiң қатысуымен заңды тұлғалар құру, инвестициялық қорлар құру немесе оларға қатысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдермен индустриялық-инновациялық жобаларға инвестициялар тартуды жүзеге асырады;
4) технопарктердi, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, салалық конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестiруге қатысады;
5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшiн ақпараттық ресурстарды, бiлiм беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
6) iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгiзiлген технологиялар туралы, технологиялық болжау бойынша жүргiзiлген талдамалық зерттеу нәтижелерi туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi;
7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансфертi, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң кадрлық, басқарушылық және өндiрiстiк әлеуетiн күшейту бойынша мемлекеттiк қолдау тетiктерiн iске асыруға қатысады;
8) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды бередi;
9) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға инновациялық гранттар беру жөнiнде қызметтер көрсетедi;
10) технологиялық даму саласында ақпарат жинауды және индустриялық-инновациялық жүйенiң тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асырады;
11) тәуекелдiк инвестициялаудың инвестициялық қорларын дамытуға жәрдемдеседi.
4. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi;
2) жергiлiктi қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
3) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға iшкi нарықта тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлердi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылуы тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсетедi;
4) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тауарларын, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерiн iшкi нарықта жылжыту жөнiндегi шығыстарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi;
5) жергiлiктi қамту бойынша сараптаманы жүзеге асырады.
5. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық даму институты:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзедi;
2) шетелдiк инвесторлардың қызметiн ақпараттық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi, оның iшiнде инвесторлардың мемлекеттiк органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiмен, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiмен кездесулерiн ұйымдастырады, инвестиция тақырыбы бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткiзедi, шетелдiк инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi;
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджiн жылжытады, оның iшiнде инвестициялық мүмкiндiктер туралы ақпарат ұсынады;
4) шетелдiк инвесторлармен келiссөздердiң қорытындылары бойынша қол жеткiзiлген ресми уағдаластықтардың iске асырылу мониторингiн жүргiзедi;
5) шетелдiк инвесторлардың қатысуымен iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалардың мониторингiн жүргiзедi.
6. Экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) сыртқы нарықтарға талдау жүргiзедi;
2) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша жәрдемдеседi;
3) отандық экспорттаушыларға олардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, әлеуеттi экспорттық нарықтарды iздестiру және олардың тауарларын, көрсетiлетiн қызметтерiн сыртқы нарықтарға жылжыту мәселелерi бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын жылжыту бойынша iс-шаралар жүргiзедi;
5) экспортты жылжыту мәселелерi бойынша отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
6) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу жөнiнде қызметтер көрсетедi;
7) экспортты жылжыту мақсатында шетелдiк өкiлдiктер құрады.
11-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым
- Мыналар:
1) арнайы экономикалық аймақтар;
2) индустриялық аймақтар;
3) технопарктер;
4) тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары;
5) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;
6) салалық конструкторлық бюролар;
7) технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтары;
8) инновациялық кластерлер индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтерi болып табылады.
2. Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтардағы индустриялық-инновациялық қызмет «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Тәуекелдi инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорларының қызметi «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
4. Технопарктер қызметiнiң негiзгi түрi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жұмыс iстеуiнiң бастапқы кезеңiнде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлiк есеп жүргiзу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн қажеттi өзге де қызметтер ұсынуды бiлдiретiн технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметiнiң негiзгi бағыттары: коммерцияландыру үшiн технологиялар iздестiрудi және оларды бағалауды, маркетингтiк зерттеулердi, зияткерлiк меншiктi қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетудi, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзiрлеудi, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi мен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қоса алғанда, бiрақ олармен шектелмей, технологияларды коммерцияландыру жөнiндегi қызметтер кешенiн көрсету болып табылады.
Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдiснамалық, консультациялық жағынан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгедей түрде қолдауды технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.
6. Салалық конструкторлық бюролардың негiзгi мiндетi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды жасауда, оның iшiнде технологиялар трансфертi, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы сатып алу, бейiмдеу, әзiрлеу, оны кейiннен индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне өтеулi негiзде беру және оның негiзiнде тауарлар өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн қажеттi қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесу болып табылады.
7. Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шетелдiк әрiптестерiмен бiрлесiп iске асыратын индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға жәрдемдесу мақсатында технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрады.
8. Инновациялық кластерлер өзара iс-қимыл жасасу және қолда бар мүмкiндiктердi бiрлесе пайдалану, бiлiм мен тәжiрибе алмасу, технологияларды тиiмдi түрде беру, тұрақты әрiптестiк байланыстарды жолға қою және ақпаратты тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандырады.
12-бап. Индустриялық-инновациялық жүйе құралдары
- Индустриялық-инновациялық жүйенi жоспарлау құралдарына технологиялық болжау және басым тауарлар мен қызметтердiң бiрыңғай картасы жатады.
Технологиялық болжауды тұрақты негiзде үш жылда бiр реттен кем емес қорытындылар шығара отырып, индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
Технологиялық болжау индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және бекiтетiн технологиялық болжауды жүргiзу әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Технологиялық болжау процесiн шетелдiк және отандық сарапшыларды тарту, сауалнама мен талдамалық зерттеулер жүргiзу, технологиялық болжау қорытындыларын шығару үшiн алынған мәлiметтердi жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру жолымен технологиялық дамыту жөнiндегi ұлттық даму институты қамтамасыз етедi.
Технологиялық болжау қорытындылары:
1) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi перспективадағы дамуы үшiн сындарлы технологиялар тiзбесiн және инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау мен өзектi етуге;
2) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтына жәрдемдесу кезiнде индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган iске асыратын нысаналы технологиялық бағдарламаларды қалыптастыруға;
3) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органның ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын әзiрлеуiне және өзектi етуiне негiз болып табылады.
Басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасы Қазақстан Республикасында өндiру үшiн стратегиялық бәсекелестiк артықшылықтарға ие, экономиканың әрбiр басым секторы бойынша айқындалған және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаудың басымдықтары болып табылатын тауар топтарының, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бiлдiредi.
2. Индустрияландыру картасы индустриялық-инновациялық жүйе мониторингiнiң (iске асырылуының) құралы болып табылады және белгiлi бiр қаржыландыру көздерi, оларды iске асыру жөнiндегi кестелерi мен iс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңiрлiк индустрияландыру карталарына енгiзiлген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын бiлдiредi.
3. Инновацияларды ақпараттық қолдау және технологияларды коммерцияландыру индустриялық-инновациялық жүйенi ынталандыру және дамыту құралдары болып табылады.
Инновацияларды ақпараттық қолдауды технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты жеке және заңды тұлғалардың өнертапқыштық қызметiн және инновациялық белсендiлiгiн ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, баспа және электрондық өнiмдi шығару және тарату арқылы технологияларды құру, енгiзу, коммерцияландыру процестерiн тарату мақсатында жүзеге асырады.
Технологияларды коммерцияландыру:
1) лицензиялық шартты және (немесе) зияткерлiк меншiк объектiсiне айрықша құқықтардың басқа тұлғаға ауысуы туралы шартты жасасу;
2) технологияларды коммерциялық пайдалануы үшiн заңды тұлға құру;
3) жеке және заңды тұлғаларға шарттық негiзде қызметтер көрсету арқылы технологияларды пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдер арқылы жүзеге асырылады.
Технологияларды коммерцияландыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдемдi осы Заңның 20-бабына сәйкес технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты көрсетедi.
4. Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау индустриялық-инновациялық жүйенi талдау құралы болып табылады.
Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.
4-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТIЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ
13-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн
мемлекеттiк қолдау шаралары
- Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған ерекшелiктердi ескере отырып, осы Заңмен айқындалады.
Мемлекеттiк қолдау түрлерi мен деңгейi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларына:
1) қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландыру, лизингтiк қаржыландыру;
2) қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелер мен кепiлдiмелер беру;
3) қаржы институттары арқылы кредиттеу;
4) қаржы институттарына берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы және облигациялар бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялау;
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;
6) кепiлдендiрiлген тапсырыс;
7) инновациялық гранттар беру;
8) бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
9) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
10) жер учаскелерi мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;
11) iшкi нарықта қолдау;
12) шетелдiк инвестицияларды тарту;
13) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын дамыту және жылжыту жатады.
3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiнде қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
4. Арнайы экономикалық аймақтарда қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн дамытуды ынталандыру «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметiн ынталандыру «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
6. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган, өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларын қарау, келiсу және ұсыну кезiнде мына критерийлердiң бiрiн:
1) инновациялық – экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстердi, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жасау жолымен қызметтiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағыттылықты;
2) бәсекеге қабiлеттiлiк – қол жеткiзiлетiн нәтиженiң оны алуға кеткен шығындарға қатысы ретiнде айқындалатын, қол жеткiзiлетiн экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiк деңгейiнде көрiнетiн ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты;
3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшiн индустриялық-инновациялық жобаны iске асырудың маңыздылығын басшылыққа алуға мiндеттi.
14-бап. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-
инновациялық жобаларды қаржыландыру, лизингтiк
қаржыландыру
- Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландыруды, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн орта және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге арналған лизингтiк қаржыландыруды Қазақстан Даму Банкi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
2. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшiн жүзеге асырылады.
3. Лизингтiк қаржыландыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне он жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
4. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландырудың, лизингтiк қаржыландырудың шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
15-бап. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және
кепiлдемелердi ұсыну
- Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және кепiлдемелердi ұсынуды индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне берiлетiн екiншi деңгейдегi банктердiң қарыздары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентi жүзеге асырады.
2. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және кепiлдемелердi ұсыну шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
16-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру
- Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне кредит берудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентiнiң қаржы институттарында қаражатты шарттастырылған түрде орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне кредит беру өзiнiң жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкiн, соның iшiнде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда, жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшiн жүзеге асырылады.
3. Қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
17-бап. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша
сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша
купондық сыйақыны субсидиялау
- Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшiн, олар өзiнiң жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкiн, оның iшiнде ақша ұсыну жолымен қатысқан жағдайда, жүзеге асырылады.
Айналым қаражатын толтыруға қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылмайды.
2. Қаржы институттары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентi жүзеге асырады.
3. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялаудың шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
18-бап. Жарғылық капиталдарға тартылатын инвестицияларды
жүзеге асыру
Индустриялық-инновациялық жоба мынадай шарттарға:
1) еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және экономиканың басым секторларын дамытудың ынталандырылуын қамтамасыз етуге;
2) мәнi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтiн iшкi құжаттарында айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық параметрлер бойынша тартымдылыққа;
3) технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттылығына, өндiрiс және көрсетiлетiн қызмет сапасын арттыруға және көлемiн ұлғайтуға, шикiзаттар мен материалдарды өңдеудi тереңдетуге, жоғары технологиялық өнiмдердi шығаруға сәйкес келген кезде, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталына тартылатын инвестицияларды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық қызметiнiң нәтижелерi барлық индустриялық-инновациялық жобалар бойынша инвестициялық табыс негiзiнде айқындалады.
19-бап. Кепiлдендiрiлген тапсырыс
- Технологиялық меморандумдарды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган ұлттық басқару холдингтерiмен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен жасайды және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн айқындайды.
2. Жасалған технологиялық меморандумдардың негiзiнде ұлттық басқару холдингтерi, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi беруге индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiмен шарттар жасасу жолымен кепiлдендiрiлген тапсырысты орналастырады. Көрсетiлген шарттардың талаптары бағаны, сапаны, қолжетiмдiлiктi, тасымалдау шарттарын қоса алғанда, ұлттық басқару холдингтерiнiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделерiне сай келуi тиiс және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне қайшы келмеуге тиiс.
3. Кепiлдендiрiлген тапсырыс «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгiлiк қағидалар негiзiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорына енгiзiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi барлық әлеуеттi жеткiзушiлер арасында сатып алу рәсiмдерiн ұйымдастыру арқылы орналастырылады.
20-бап. Инновациялық гранттар беру
- Инновациялық гранттар берудi инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары шеңберiнде технологиялық дамыту жөнiндегi ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне инновациялық гранттар индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру жөнiндегi шығындардың бiр бөлiгiн өтеу және (немесе) төлеу арқылы берiледi.
3. Инновациялық гранттар:
1) технологиялар сатып алуға;
2) өнеркәсiптiк зерттеулер жүргiзуге берiледi.
Осы тармақшаның мақсаты үшiн өнеркәсiптiк зерттеулер деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсi жүзеге асыратын өндiрiстiк процестердi және (немесе) шығарылатын тауарлардың немесе көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамаларын жақсарту мақсатында ол жүргiзетiн ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар түсiнiледi;
3) инженерлiк-техникалық персоналдың бiлiктiлiгiн шет елде арттыруға;
4) дамудың бастапқы сатысында жоғары технологиялық өнiм өндiру жөнiндегi қызметтi қолдауға;
5) шет елдерде және (немесе) өңiрлiк патенттiк ұйымдарда патенттеуге;
6) технологияларды коммерцияландыруға;
7) жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға;
8) консалтингтiк, жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тартуға;
9) басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге берiледi.
Инновациялық гранттарды беру кезiнде отандық және шетелдiк сарапшыларды тарта отырып, тәуелсiз сараптама жүргiзiледi.
4. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган мен технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негiзiнде инновациялық гранттар беруге бөлiнген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резидентi – екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетiн ағымдағы шоттағы қаражаттың қалдықтары индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және тиiсiнше мемлекеттiк бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесi қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемi барлық инновациялық гранттар арасында бөлiнедi.
21-бап. Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
- Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету экономиканың басым секторлары үшiн мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi ұсынған тиiстi мамандарға қажеттiлiк туралы мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау қажет етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындау бойынша ұсыныстарды құрастырады.
Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган ұсынатын мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау қажет етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындауға және оның негiзiнде мемлекеттiк бiлiм тапсырысын қалыптастыруға мiндеттi.
22-бап. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен
қамтамасыз ету
- Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету:
1) бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi құру;
2) жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және кеңейту үшiн жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес келетiн индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
3. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану
құқықтарын беру
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жер учаскелерi мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру:
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығында жер учаскелерiн бөлу;
2) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тiкелей келiссөздер негiзiнде конкурс өткiзбестен, өндiрiстiк қызметке (технологиялық циклға) байланысты пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлауға және өндiруге арналған операцияларды жүргiзу үшiн жер қойнауын пайдалануға құқық беру арқылы жүзеге асырылады.
24-бап. Iшкi нарықта қолдау
- Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау көрсетудi және олардың отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
2. Iшкi нарықта индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистiк қолдау:
1) жеке және заңды тұлғаларды тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорында өтеусiз тiркеу;
2) әлеуеттi тапсырыс берушiлер, отандық тауар өндiрушiлер және жұмыстар мен қызметтердi отандық берушiлер туралы ақпаратты жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтының интернет-ресурсына орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу:
1) индустриялық-инновациялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеуге немесе оған сараптама жүргiзуге тартылған консалтингтiк ұйымдардың қызметiне ақы төлеу;
2) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
4. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган мен жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негiзiнде индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа жылжыту бойынша шығындарын өтеуге бөлiнген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резидентi – екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетiн ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және тиiсiнше мемлекеттiк бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесi қаржы жылында индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа жылжыту бойынша шығындарын өтеуге жұмсалады.
25-бап. Шетелдiк инвестициялар тарту
- Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистiк қолдау шаралары шетелдiк инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етiледi және өзiне:
1) әлеуеттi шетелдiк инвесторларды индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға қатысуға тарту мақсатында iздестiрудi жүзеге асыруды және олармен келiссөздер жүргiзудi;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуға тартуды;
3) индустриялық-инновациялық жобалар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарында таратуды қамтиды.
26-бап. Отандық өңделген тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер
экспортын дамыту және жылжыту
- Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау көрсетудi және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша сервистiк қолдау шаралары:
1) олардың экспорттық әлеуетiнiң диагностикасы;
2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткiзу, көрме-жәрмеңке қызметiн жүзеге асыру, отандық өндiрушiлердiң тауар таңбаларын шет елде жылжыту;
3) отандық өндiрушiлер мен олардың тауарлары, көрсетiлетiн қызметтерi туралы ақпаратты шетелде тұрақты негiзде орналастыру арқылы әлеуеттi шетелдiк сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;
4) экспортты дамыту және жылжыту мәселелерi бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;
5) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi халықаралық гуманитарлық көмек нарығына жылжытуға жәрдемдесу;
6) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредит беру және сақтандыру тетiктерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
27-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау
туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
- Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. «Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 5-6, 35-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 4-5, 29-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ