Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексi

 

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., N 21, 93-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 5 желтоқсан, N 370-374 (25343)

 

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескерту!
      Кодекстiң қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 245-баптан қараңыз.

      Осы Кодекс бюджеттiк, бюджетаралық қатынастарды реттейдi, бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негiзгi ережелерiн, принциптерiн және тетiктерiн белгiлейдi.

ЖАЛПЫ БӨЛIМ

1-бөлiм. БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСI

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы

  1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
    2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының
              қолданылуы

  1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында күшi болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
    2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң мемлекеттiк мекемелерге қатысты ережелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қолданылмайды.
          3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден кезектi қаржы жылына ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды.
          Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiне) қосымшалардың қолданысы келесi жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң) қолданысқа енгiзiлуiмен күшiн жоятын болады.
          4. Республикалық бюджет туралы заң, жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы нормативтiк құқықтық актiлер тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

  1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
    1) аваль - вексельдiк кепiлдiк, оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi тұлға үшiн вексель бойынша төлемдi жүзеге асыру жөнiнде (толық немесе iшiнара) өзiне мiндеттеме қабылдайды;
          2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтiн гранттар;
          3) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе байланысты грантты iске асыруға бағытталған тиiстi бюджеттiк бағдарламаның шеңберiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтiн гранттар;
          4) байланысты грант туралы келiсiм - Қазақстан Республикасына өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттiк орган және донор арасындағы шарт;
          5) бақылау объектiлерi - бюджет процесiне қатысушылар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
          6) банк кепiлдiгi - қарыз алушы мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiммен белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде заем шарты бойынша өзiнен тиесiлi сомаларды жинақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда, мемлекет кепiлдiк берiлген заем бойынша берешектi өтеу жөнiнде банктiң бюджеттi атқару жөнiндегi орталық атқарушы орган алдындағы мiндеттемесi;
          7) бекiтiлген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат бекiткен бюджет;
          8) борышқа қызмет көрсету - белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi сыйақының, комиссиялық төлемдердiң, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердiң жиынтық төлемi;
          9) борыш мониторингi - мемлекеттiң өзi уәкiлеттiк берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесiн бақылау жөнiндегi қызметi;
          10) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгiленген тәртiппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да мiндеттемелердi орындауы;
          11) бұзушылық - бюджет қаражатын және мемлекет активтерiн, байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды жоспарлауға және пайдалануға, мемлекет кепiлгерлiгiн беруге байланысты қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының ережелерiн бұзуға әкеп соққан әрекет (iс-әрекеттер немесе әрекетсiздiк);
          11-1) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы (бұдан әрi – Бұзушылықтар сыныптауышы) – құқықтың бұзылған нормалары және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тиiстi жауаптылық түрлерi көрсетiле отырып, бұзушылықтар түрлерiнiң тiзбесiн және оларды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат;
          12) бюджет - мемлекеттiң өз мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
          13) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттi атқару, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
          14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
          14-1) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттiк жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
          15) бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;
          16) бюджеттiк инвестициялар - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттiк инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды iске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттiң активтерiн құру есебiнен мемлекет активтерiнiң құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру;
          17) бюджеттiк инвестициялық жоба - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде бюджет қаражаты есебiнен iске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектiлердi тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;
          17-1) бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасы – салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiлетiн, жобаның жүзеге асырылуын және тиiмдiлiгiн айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негiздемеде ұсынылған ақпаратты кешендi бағалау;
          17-2) бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасының қорытындылары негiзiнде дайындалған, бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсерi мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның қорытындысы;
          18) бюджеттiк қамтамасыз етiлу - тиiстi бюджеттер қаражаты есебiнен ұсынылатын, осы көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың бiрлiгiне есептегендегi мемлекеттiк қызметтер құны;
          19) бюджет қаражаты - мемлекеттiң ақша және өзге де активтерi, жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк меншiкке түсетiн түсiмдер;
          20) бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi арқылы алатын және оларды бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
          21) бюджеттiк қатынастар - бюджет процесiнде туындайтын қатынастар;
          22) бюджеттiк операциялар - бюджеттi атқару процесiнде жүзеге асырылатын операциялар;
          23) бюджет процесi - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттiк органдардың бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiктi, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг жасау және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;
          24) грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына беретiн өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмегi;
          25) донорлар - шет мемлекеттер, олардың үкiметтерi мен агенттiктерi, халықаралық және шетелдiк мемлекеттiк ұйымдар, қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн шетелдердiң үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;
          26) есептi қаржы жылы - жоспарлы кезеңнiң ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
          27) жергiлiктi атқарушы органның борышы - жергiлiктi атқарушы органның белгiлi бiр күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы;
          28) жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi - Қазақстан Республикасының Үкiметi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үшiн белгiлеген жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тiркелген сомасы, жергiлiктi атқарушы органның белгiленген күнге (тиiстi қаржы жылының аяғына) нақты борышы одан аспауға тиiс;
          29) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейiнгi үш қаржы жылы;
          29-1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптама қорытындылары негiзiнде әзiрленген, бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсерi мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның қорытындысы;
          29-2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасы – iс-шаралардың салалық сараптамасының қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiлетiн негiздiлiк және нәтижелiлiк критерийлерiне сәйкестiгi тұрғысынан қаржылық-экономикалық негiздемеде ұсынылған ақпаратты кешендi бағалау;
          30) инвестициялық ұсыныс – бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейтiн тиiстi iс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, оның мақсатын, оған қол жеткiзу жолдарын көрсететiн бюджеттiк инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;
          30-1) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды – инвестициялық ұсыныста қамтылған инвестициялық жобаны бюджеттiк инвестициялық жоба ретiнде iске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгiленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның қорытындысы;
          31) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi – мемлекеттiк кәсiпорындар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар, оның iшiнде мемлекет қатысушысы немесе акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншiлес, тәуелдi және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
          32) кезектi қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейiнгi жыл;
          33) келiсiмшарт жасасушы агент - бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен жасалатын үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөнiндегi мәмiленiң тарабы;
          34) концессиялық мiндеттемелер - жасалған концессия шарттары бойынша концеденттiң белгiлi бiр күнге қабылдаған және орындамаған қаржы мiндеттемелерiнiң сомасы бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы; P061254
          35) кiрiстердi бөлу нормативi - әртүрлi деңгейлердегi бюджеттер арасында кiрiс түрлерiн бөлудiң проценттiк арақатынасы;
          36) Қазақстан Республикасының резиденттерi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегiнен тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;
          37) қаржы агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берiлген ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз процентi ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз процент қатысатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығынан және (немесе) халықаралық қаржы нарығынан қарыз алуды жүзеге асыратын ұйым;
          38) қаржы жылы - бюджеттiң атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңi;
          39) қаржыландыру - бюджет ақшасын оларды алушыларға бөлу;
          40) қаржылық есептiлiк - егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын бақылау объектiлерiнiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң қаржылық нәтижелерi және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат;
          41) қарыз алу - тараптардың мiндеттемелердi орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсiмдерiн қоса алғанда, қарыз қаражаттарын тарту қажеттiлiгi туралы шешiм қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету тәртiбi мен шарттарын айқындау рәсiмдерi, келiссөздер, мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету және кепiлдiктерi, қарыз бойынша тиiстi құжаттарды ресiмдеу және қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттiк сыртқы қарыз алу кезiнде), қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсiмдерi кiретiн процесс;
          42) қарыз берушi - мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес қарыздарды мемлекеттiк кепiлдiкпен немесе мемлекет кепiлгерлiгiмен берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкiлi;
          43) қарыз шарты - қарыз алушы қарыз қаражатын соған байланысты алатын және қарыз берушiнiң алдында оны қайтару және сыйақыны, сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттеменi мойнына алатын келiсiм;
          44) қарызға қызмет көрсету - бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның немесе банктiң қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөнiндегi қызметi және қарыз алушының сыйақы төлемдерiн, комиссиялық алымдарды және қарыз талаптарына сәйкес басқа да төлемдердi жүзеге асыруы;
          45) қарызды қайта құрылымдау - тараптардың келiсiмi бойынша қарыз шарты жөнiндегi өздерiнiң мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарды өзгертуi;
          46) мемлекет активтерi - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде мемлекеттiк меншiкке алынған, құндық бағасы бар мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар;
          47) мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттiк емес қарыз;
          48) мемлекет кепiлгерлiктерi бойынша борыш - мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған, белгiлi бiр күнге алынған және өтелмеген мемлекеттiк емес қарыз сомаларының сомасы;
          49) мемлекет кепiлгерлiктерiн беру лимитi - тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлетiн тiркелген сома, соның шегiнде мемлекет кепiлгерлiктерi берiлуi мүмкiн;
          50) мемлекет кепiлдiк берген борыш - мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген, белгiлi бiр күнге алынған және өтелмеген мемлекеттiк емес қарыздар сомасы;
          51) мемлекет кепiлдiк берген қарыз - мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мемлекеттiк емес қарыз;
          52) мемлекеттiк борышты қайта қаржыландыру - мемлекеттiк борышты жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебiнен өтеу;
          53) мемлекеттiк емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкiметiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн және жергiлiктi атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидентi қарыз алушы болатын қарыз қатынастары;
          54) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
          55) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган - стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
          56) мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитi - тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлiп, тiркелген сома, соның  шегiнде мемлекеттiк кепiлдiктер берiлуi мүмкiн;
          57) мемлекеттiк қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе жергiлiктi атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары;
          58) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз – оны ұстаушының Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және жергiлiктi атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарызға қатысты құқықтарын куәландыратын немесе оны ұстаушының қосалқы жалдау шарты негiзiнде активтердi пайдаланудан табыстар алуға құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
          59) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын бiрiншi иеленушiлерге азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау арқылы иелiктен шығаруы;
          60) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат қабылдаған өзгерiстер мен толықтырулар ескерiле отырып, бекiтiлген бюджет;
          61) нәтиженiң көрсеткiштерi - мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарлар мен бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi қызметiн сипаттайтын, бюджеттiк бағдарламалардың тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасы көрсеткiштерiнiң жиынтығы;
          62) негiзгi борыш сомасы - қарыз берушiден алынған және оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының, тұрақсыздық төлемiнiң (айыппұлдың, өсiмпұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома;
          63) өтеусiз қаржылық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi қаржыландыру үшiн ақша беруi;
          64) өтеусiз техникалық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы;
          65) өзара өтелетiн операциялар - қосарланған есептi болғызбау мақсатында бюджеттiң бiр деңгейiнен басқасына берiлетiн, трансферттер, бюджеттiк кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастаумен байланысты, мемлекеттiк бюджеттi және облыстың бюджетiн, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептердi қалыптастыру кезiнде жүзеге асырылатын операциялар;
          66) сақтандыру шарты - сақтандыру ұйымының бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган алдындағы мемлекет кепiлгерлiгi немесе мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен қаражат бөлу нәтижесiнде туындаған залалды өтеу жөнiндегi мiндеттемесiн көздейтiн шарт;
          67) сыйақының тiркелмеген (құбылмалы) ставкасы - нарық конъюнктурасына байланысты өзгерiстерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөнiндегi сыйақы ставкасы немесе бағалы қағаздар бойынша сыйақымен қоса табыс;
          68) сыртқы қарыз - қарыз берушi Қазақстан Республикасының резидентi емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi болатын қарыз қатынастары;
          69) тiкелей нәтиже - қол жеткiзiлуi осы функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететiн ұйымдардың қызметiне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегiнде атқарылатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiнiң сандық сипаттамасы;
          70) түпкiлiктi нәтиже - белгiлi бiр мемлекеттiк орган қызметiнiң, басқа да мемлекеттiк органдар қызметiнiң тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзумен ұштасатын, халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасының, әлеуметтiк саланың, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiктiң және мемлекеттiк басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйi (жай-күйiнiң өзгерiсi);
          71) үкiметтiк борыш - Қазақстан Республикасының Үкiметi алған және өтемеген мемлекеттiк қарыздарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң борышына жатқызылған белгiлi бiр күнге борыштық мiндеттемелердiң сомасы;
          72) үкiметтiк борыш лимитi - тиiстi қаржы жылына алынған және өтелмеген үкiметтiк қарыздардың республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлетiн тiркелген сомасы, белгiленген күнге (тиiстi қаржы жылының аяғына) қарай Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нақты борышы одан аспауға тиiс;
          73) үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу - бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган мен келiсiмшарт жасасушы агент арасындағы үкiметтiк қарыз алудың тәуекелдерiн (валюталық, проценттiк және өзге де) басқару мақсатында қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау;
          74) iшкi қарыз - қарыз берушi Қазақстан Республикасының резидентi, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi болатын қарыз қатынастары.
          2. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының осы бапта аталмаған басқа да ұғымдары осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мәндерiмен пайдаланылады.
          Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалары салаларының ұғымдары, Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалары салаларында пайдаланылатын мәндерiмен қолданылады.
          Бюджеттiк қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы ұғымдарының айқындамалары Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасы салалары ұғымдарының айқындамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының ұғымдары пайдаланылады.
          Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 N 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң принциптерi

      Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
      1) бiрыңғайлық принципi - бюджет жүйесiн ұйымдастырудың және оның жұмыс iстеуiнiң бiрыңғай принциптерiн қолдану, Қазақстан Республикасында бiрыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесiнiң бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалану;
      2) толымдылық принципi - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;
      3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетiлген) параметрлерiне, бағыттарына сәйкес келуi;
      4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшiн бюджет процесiнiң мiндеттi ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi, стратегиялық жоспарлар мен олардың iске асырылуы туралы есептердi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау;
      5) дәйектiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың бюджеттiк қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы;
      6) нәтижелiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге бағдарланған бюджеттердi әзiрлеу және атқару;
      7) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты бөлiнуiн белгiлеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi және жергiлiктi бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмеуi, төменгi бюджеттерге оларды тиiстi өтеусiз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмеуi;
      8) сабақтастық принципi - өткен кезеңде бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттiк мониторинг қорытындыларына, нәтижелердi бағалауға негiзделген республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау;
      9) негiздiлiк принципi - бюджет жобасына қандай да болсын түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер және басқа да құжаттар негiзiнде бюджеттi жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану;
      10) уақтылылық принципi - республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсiмдердi есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiндегi Үкiмет шотына аудару, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiптi сақтай отырып, мерзiмiнде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;
      11) кассаның бiрыңғайлық принципi - бюджетке барлық түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бiрыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;
      12) тиiмдiлiк принципi - бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдаланып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негiзге ала отырып, бюджеттердi әзiрлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдаланып, тiкелей нәтижеге қол жеткiзу;
      13) жауапкершiлiк принципi - тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттiк мекемелер басшыларының және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн шешiмдер қабылдағаны үшiн жауапкершiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған қажеттi әкiмшiлiк және басқару шешiмдерiнiң қабылдануы;
      14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты қағидаты - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларымен, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң жарғылық капиталына қатысу арқылы салынатын бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемелерiмен көзделген нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге бағыттауы және пайдалануы.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      5-бап. Бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарына әсер ететiн
              нормативтiк құқықтық актiлер

  1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.
    Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Парламент Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңдардың жобалары үшiн мұндай қорытындының болуы талап етiлмейдi.
          Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе кiрiстерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулылары жобаларының ережелерi Республикалық бюджет комиссиясының мiндеттi қарауына жатады.
          2. Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оң қорытындысы ағымдағы жылдың бiрiншi жартысында берiлуi шартымен осы баптың 1-тармағында аталған актiлер жобаларының ережелерi, келесi қаржы жылынан ерте қолданысқа енгiзiле алмайды.
          Егер оң қорытындылар ағымдағы жылдың екiншi жартысында берiлген жағдайда, онда аталған ережелер қолданысқа жоспарланған жылдан кейiнгi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды.
          3. Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе кiрiстерiн қысқартуды көздейтiн жергiлiктi өкiлдi органдар шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгiзiлуi мүмкiн. Әкiмнiң қорытындысы тиiстi бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.
          Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе кiрiстерiн қысқартуды көздейтiн жергiлiктi атқарушы органдар актiлерi жобаларының ережелерi тиiстi бюджет комиссиясының мiндеттi түрде қарауына жатады.
          4. Тиiстi бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып, әкiмнiң оң қорытындысы болған кезде осы баптың 3-тармағында көрсетiлген ережелер, келесi қаржы жылынан ерте қолданысқа енгiзiле алмайды.
          5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында аталған ережелер республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдарға және жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттар шешiмдерiне, сондай-ақ оларды iске асыру туралы нормативтiк құқықтық актiлерге қолданылмайды.
          6. Осы баптың 2-тармағында аталған ережелер кеден ставкаларының өзгеруiн көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге қолданылмайды.

2-тарау. БЮДЖЕТТIҢ ТҮРЛЕРI МЕН ДЕҢГЕЙЛЕРI

      6-бап. Бюджеттiң түрлерi мен деңгейлерi туралы жалпы
              ережелер

  1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады.
    Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi жергiлiктi бюджеттерге жатады.
          2. Осы Кодексте белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасында төтенше мемлекеттiк бюджет әзiрленуi, бекiтiлуi және атқарылуы мүмкiн.
          3. Қазақстан Республикасында талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын мемлекеттiк және шоғырландырылған бюджет, облыстардың бюджетi жасалады.
          Мемлекеттiк бюджет өз араларында өзара өтелетiн операциялар ескерiлместен, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
          Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетiн операциялар ескерiлместен, республикалық бюджеттi, облыстардың бюджетiн республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi бiрiктiретiн мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
          Облыс бюджетi өз араларында өзара өтелетiн операциялар ескерiлместен, облыстық бюджеттi, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетiн бiрiктiретiн орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

      7-бап. Республикалық бюджет

  1. Осы Кодексте айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттiк саясаттың жалпы республикалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
    2. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi.

      8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала,
              астана бюджеттерi

  1. Осы Кодекспен айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi болып табылады.
    2. Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi тиiсiнше облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешiмдерiмен бекiтiледi.

      9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi

  1. Осы Кодекспен айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиiстi ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.
    2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.

      10-бап. Төтенше мемлекеттiк бюджет

  1. Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттер негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi.
    2. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi.
          3. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттiң бюджеттерi туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.
          4. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады.
          Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау жүргiзiледi.

3-тарау. БЮДЖЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ

      11-бап. Бюджет түсiмдерi

  1. Кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу сомалары, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдер, қарыздар бюджеттiң түсiмдерi болып табылады.
    2. Салықтық, салықтық емес түсiмдер, негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер, трансферттiк түсiмдер бюджет кiрiстерi болып табылады.
          3. Нысаналы трансферттердi қоспағанда, кiрiстер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кiрiстердiң жаңа түрлерiн енгiзу, қолданылып жүргендерiнiң күшiн жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске мiндеттi түрде өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiле отырып жүзеге асырылады.
          4. Салықтық түсiмдер Қазақстан Республикасының Салық және  Кеден кодекстерiнде белгiленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер болып табылады.
          5. Салықтық емес түсiмдер негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдерге жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде белгiленген, бюджетке мiндеттi, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегiн негiзде берiлетiн ақша болып табылады.
          6. Бюджетке:
          1) мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан;
          2) мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан;
          3) мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртiппен өзге де тәсiлмен өткiзуден;
          4) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.
          7. Трансферттер түсiмдерi бюджеттiң бiр деңгейiнен басқасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетiн трансферттер түсiмдерi болып табылады.
          8. Бюджеттiк кредиттердi өтеу сомалары бюджеттен алынған кредиттер бойынша негiзгi борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетiн түсiмдер болып табылады.
          9. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер заңды тұлғалардың, оның iшiнде мемлекеттiк меншiктегi халықаралық ұйымдардың, мүлiктiк кешен түрiндегi мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргiзуiндегi өзге де мемлекеттiк мүлiктi сатудан бюджетке түсетiн түсiмдер.
          10. Қарыздар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсiмдерi болып табылады.
          Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-бап. Бюджет шығыстары

  1. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.
    2. Шығындар қайтарымсыз негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты болып табылады.
          3. Бюджеттiк кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негiзде бөлiнетiн ақша болып табылады.
          4. Қаржы активтерiн сатып алу заңды тұлғалардың, оның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн және бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алуға бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.
          5. Қарыздарды өтеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттiк сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ iшкi қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес негiзгi борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.

      13-бап. Бюджет құрылымы

  1. Бюджет құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
    1) кiрiстер:
          салықтық түсiмдер;
          салықтық емес түсiмдер;
          негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
          трансферттер түсiмi;
          2) шығындар;
          3) таза бюджеттiк кредиттеу:
          бюджеттiк кредиттер;
          бюджеттiк кредиттердi өтеу;
          4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо:
          қаржы активтерiн сатып алу;
          мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
          5) бюджет тапшылығы (профицитi);
          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
          қарыздар түсiмi;
          қарыздарды өтеу;
          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.

      14-бап. Республикалық бюджеттiң мұнайға қатысты емес
               тапшылығы (профицитi)

  1. Қарыздарды өтеудi қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендегi республикалық бюджеттiң мұнайға қатысты емес тапшылығы (профицитi), қарыздар түсiмдерi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кепiлдендiрiлген трансфертiнiң түсiмдерiн есептемегенде, республикалық бюджет түсiмдерiнiң сомасына тең.
    2. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекiтiлмейдi және талдамалық мақсатта пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты емес түсiмдерден тәуелдiлiгiн төмендету үшiн экономиканың мұнайға қатысты емес секторын нысаналы дамыту есебiнен ұзақ мерзiмдi кезеңде мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшерi кемiтiлуге тиiс.
          Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-бап. Таза бюджеттiк кредиттеу

      Таза бюджеттiк кредиттеу бюджеттiк кредиттердiң және бюджеттiк кредиттердi өтеудiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      16-бап. Қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо

  1. Қаржы активтерiмен операцияларға:
    1) қаржы активтерiн сатып алу;
          2) мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер кiредi.
          2. Қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо қаржы активтерiн сатып алу және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
          3. Қаржы активтерiн сатып алу және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      17-бап. Бюджет тапшылығы (профицитi)

      Бюджет тапшылығы (профицитi) кiрiстер мен шығындар, таза бюджеттiк кредиттеу және қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең.
      Терiс белгiсiмен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгiмен алынғаны - бюджет профицитi болып табылады.

       18-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн
               пайдалану)

  1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етiледi.
    Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемi алынған қарыздар, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары сомасының қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасынан асып түсуi ретiнде айқындалады.
          Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәнi оң белгiмен белгiленедi және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келедi.
          2. Бюджет профицитiн пайдалану қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджеттiң пайдаланылатын қаражаты қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады.
          Бюджет профицитiн пайдалану көлемi қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуi ретiнде айқындалады.
          Бюджет профицитiн пайдалану мәнi терiс белгiмен белгiленедi және бюджет профицитiнiң шамасына сәйкес келедi.

4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН
ЖЕРГIЛIКТI АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ РЕЗЕРВТЕРI

      19-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi
               атқарушы органдардың резервтерi туралы жалпы
               ережелер

  1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететiндiгiне байланысты қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттер құрамында құрылады.
    2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiне:
          1) төтенше резерв;
          2) шұғыл шығындарға арналған резерв;
          3) соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резерв;
          4) облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кiредi.
          3. Облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiне:
          1) төтенше резерв;
          2) шұғыл шығындарға арналған резерв;
          3) соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резерв;
          4) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтi қамтиды.
          4. Аудандық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiне:
          1) төтенше резерв;
          2) шұғыл шығындарға арналған резерв;
          3) соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резерв кiредi.
          5. Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң жалпы көлемi республикалық бюджет туралы заңмен белгiленедi.
          Жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң жалпы көлемi трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, тиiстi жергiлiктi бюджет түсiмдерi көлемiнiң екi процентiнен аспауға тиiс.
          6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын, тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қаулыларымен ағымдағы қаржы жылына республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген көлемдер шегiнде жүзеге асырылады.
          Бiр қаржы жылынан астам iске асыру мерзiмiмен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ адам өмiрiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына және олардың денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайлардың зардаптарын жоюға байланысты авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын және өзге де iс-шараларды жүргiзу үшiн шығындардың жалпы сомасы айқындала отырып және ағымдағы қаржы жылының сомалары және Қазақстан Республикасының Үкiметi кейiнгi қаржы жылдарында қосымша шешiм қабылдайтын сомалар көрсетiле отырып, Үкiметтiң резервiнен қаражат бөлiнедi.
          Резерв түрлерiнiң бiрiне көзделген қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервтерi қаражатының жалпы көлемiн қайта бөлу арқылы тиiстi резервтiң жоспарлы мақсаттылығын ұлғайтады.
          7. Алынып тасталды - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
          Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      20-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi
               атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану

  1. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуiне пайдаланылады.
    2. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарына арналған резервi сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен айқындалатын өзге де күтiлмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкiн.
          3. Соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындау резервi соттардың шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындауға пайдаланылады. 
          4. Кезектi қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезектi қаржы жылына республикалық бюджетте олардың бюджеттерiн кредиттеу үшiн резерв көзделедi.
          Келесi қаржы жылында бюджеттерiнде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiн кредиттеу үшiн кезектi қаржы жылына облыстық бюджетте резерв көзделедi.
          Кезектi қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге қарыз беру жүзеге асырылуы мүмкiн және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылау қажет етiлмейдi.
          5. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi.
          6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi.
          7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
          Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ
ҚОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

      21-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

  1. Материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi шотында шоғырландырылатын қаржы активтерi түрiндегi, сондай-ақ, өзге де мүлiк түрiндегi мемлекет активтерi болып табылады.
    2. Материалдық емес активтердi, экономиканың мұнай секторына тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетудi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаржы активтерiн және өзге де мүлiктердi жинақтау жолымен мемлекеттiң  әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған.
          3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.
          Материалдық емес активтердi және тәуекелдiң қалыпты деңгейiнде ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерiнiң кiрiстiлiгiн қоспағанда, жинақтау функциясы қаржы активтерi мен өзге де мүлiктiң жинақталуын қамтамасыз етедi.
          Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерi өтiмдiлiгiнiң жеткiлiктi деңгейiн ұстап тұруға арналған.
          Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын бiр бөлiгi кепiлдiк берiлген трансферттi қамтамасыз етуге қажеттi мөлшерде айқындалады.
          4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану әлемдiк, iшкi тауар және қаржы нарықтарының конъюнктурасы, мемлекеттегi және шет елдердегi экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi сақталынып, республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтары ескерiле отырып айқындалады.
          5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдерi мен бағыттары бойынша шешiмдердi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.
          6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмi және жұмсалуы ұлттық және шетелдiк валюталармен жүргiзiледi.
          Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялары бойынша есепке алу мен есептiлiк ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
          7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады.
          Сенiмгерлiк басқару туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелерi бойынша жылдық қаржылық есептiлiктi жасауды жүзеге асырады.
          Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      22-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
               қалыптастыру көздерi

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi:
    1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсiмдер;
          2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер;
          3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер болып табылады.
          2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсiмдер:
          1) мұнай секторы ұйымдарының тiкелей салықтарынан (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға:
          корпоративтiк табыс салығы, үстеме пайда салығы;
          пайдалы қазбаларды өндiру салығы, бонустар, өнiмдi бөлу жөнiндегi үлестер;
          экспортқа рента салығы;
          өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жатады;
          2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетiн басқа да түсiмдерден (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн түсiмдердi қоспағанда), соның iшiнде мұнай келiсiмшарттары талаптарының бұзылғаны үшiн түсiмдерден (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн түсiмдердi қоспағанда);
          3) республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден;
          4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдерден тұрады.
          3. Шикi мұнайды, газ конденсатын өндiрумен және (немесе) өткiзумен айналысатын, сондай-ақ шикi мұнай, газ конденсатын барлауға келiсiмшарттар жасасқан заңды тұлғалар мұнай секторы ұйымдарына жатады.
          Кезектi қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының тiзбесiн ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және мұнай операцияларын жүргiзу, келiсiмшарттар жасасу және орындау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бiрлесiп бекiтедi.
          4. Материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржы құралдарына орналастырудан құралады.

      23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
    1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн республикалық бюджетке кепiлдi трансферт түрiнде;
          2) алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
          3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткiзуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
          2. Материалдық емес активтердi қоспағанда:
          1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
          2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткiлiктi өтiмдiлiк деңгейiн ұстап тұруды;
          3) тәуекел деңгейi қалыпты болған кезде ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кiрiстiлiгiнiң жоғары деңгейiн;
          4) ұзақ мерзiмдi перспективада инвестициялық кiрiстер алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры рұқсат етiлген қаржы құралдарына орналастырылады.
          3. Материалдық емес активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын Басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп айқындайды.
          4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жеке және заңды тұлғаларды кредиттеуге және мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету ретiнде пайдаланыла алмайды.
          5. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртiбiн айқындайды.
          6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын активтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.
          Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
               республикалық бюджетке түсетiн кепiлдiк берiлген
               трансферт

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетiн қайтарымсыз түсiмдер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферт болып табылады.
    2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi абсолюттiк тiркелген мәнде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi.
          3. Есептi қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепiлдiк берiлген трансферт сомасын Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бюджеттi түзету арқылы азаматтық-құқықтық мәмiлелерi осы Кодекстiң 96-бабының 5-тармағына сәйкес жасалған тиiстi бюджеттiк бағдарламалар бойынша төленбеген тiркелген мiндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетiнде бекiтiлген ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламаларын қаржыландыру үшiн ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
          4. Есептi қаржы жылы үшiн республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылмаған кепiлдiк берiлген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының ағымдағы бюджеттiк бағдарламалары, бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша тiркелген мiндеттемелердiң төленбеген бөлiгiнiң және қаржы жылының басындағы бюджеттiк қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.
          Ескерту. 24-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару
               жөнiндегi кеңес

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиiмдi пайдалану және оны қаржы құралдарына орналастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейтiн, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультациялық-кеңесшi органы болып табылады.
    2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi Кеңестiң функциялары:
          1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
          2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдерi мен бағыттары жөнiндегi ұсыныстарды қарау және әзiрлеу;
          3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн, материалдық емес активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
          3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi Кеңестi құру туралы шешiмдi, оның құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

6-тарау. БIРЫҢҒАЙ БЮДЖЕТТIК СЫНЫПТАМА

      26-бап. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың анықтамасы

  1. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама объектiлерге топтамалық кодтар бере отырып, бюджет түсiмдерi мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.
          2. Бюджет процесi бiрыңғай бюджеттiк сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады.
          3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары негiзiнде жасалады.
          4. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
          Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      27-бап. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың құрамы

      Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама:
      1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;
      2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
      3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.

      28-бап. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы

  1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына негiзделген белгiлi бiр сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.
    2. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, кiшi сыныптан және өзiндiк ерекшелiктен тұрады.
          Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыруды көрсетедi.
          Сыныптар мен кiшi сыныптарда түсiмдер олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырылады.
          Өзiндiк ерекшелiк бюджетке төлем немесе түсiм түрiн айқындайды.

      29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

  1. Функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республиканың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларын iске асыруды көрсететiн барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
    2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады:
          функционалдық топтар;
          функционалдық кiшi топтар;
          бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi;
          бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар).
          3. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiн және бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн.
          Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      30-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

  1. Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
    2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кiшi сыныптан және өзiндiк ерекшелiктен тұрады.
          Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады. Сынып және кiшi сынып шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастырады. Өзiндiк ерекшелiк бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды.
          3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң құрылымын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
          Ескерту. 30-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      31-бап. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi

  1. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге, iске асыруға және нәтижелерге қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк орган болып табылады.
    Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi өзiне жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады.
          Бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсiнiң құзыретiне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлi салаларындағы жобаларды iске асыруды көздейтiн, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған бюджеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әкiмшi болады.
          2. Егер бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бiр мезгiлде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi және мемлекеттiк мекеме болып табылса, ол бюджет қаражатын дербес пайдаланады.
          3. Облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылатын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың iшкi iстер органдарын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бола алмайды.
          4. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.
          5. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымы негiзге алына отырып айқындалады.
          6. Әкiмдердiң және облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың iшкi iстер органдары облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.
          7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.
          8. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң аппараттары болып табылады.
          Ескерту. 31-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      32-бап. Бюджеттiк бағдарламалар

  1. Бюджеттiк бағдарлама нәтиже көрсеткiштерi және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемi бар мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, мiндеттермен, нәтижелер көрсеткiштерiмен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
    2. Бюджеттiк бағдарламаларды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi әзiрлейдi және олар мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарының құрамында бекiтiледi.
           Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдерi, нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бар бюджеттiк бағдарламаларды бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен әзiрлейдi.
          Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы бекiтедi.
          Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттiк бағдарламаларын тиiстi тексеру комиссиясының төрағасы бекiтедi.
          Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын, стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.
          3. Бюджеттiк бағдарламалар стратегиялық жоспарда тұжырымдалған мақсаттар мен мiндеттердi шешу үшiн қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк принциптерiне негiзделе отырып әзiрленедi.
          Бюджеттiк бағдарламалар өзiнiң мазмұны бойынша мемлекеттiк функциялармен, өкiлеттiктермен және мемлекеттiк қызметтер көрсетумен немесе бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қызметiнiң бағыттарымен бiртектi топталуға тиiс.
          4. Бюджеттiк бағдарламада оны iске асыруды бағалау үшiн тiкелей және түпкiлiктi нәтижелердiң көрсеткiштерi болуы тиiс, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламада сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң болуы мүмкiн.
          Сапа көрсеткiштерi көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң оны алушылардың талабына және мемлекеттiк қызметтер көрсету стандартына сәйкестiгiнiң деңгейiн көрсетедi.
          Тиiмдiлiк көрсеткiштерi бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдалана отырып, тiкелей нәтижеге кол жеткiзудi көрсетедi.
          5. Бюджеттiк бағдарлама бюджеттiк кiшi бағдарламалар үшiн де бюджеттiк бағдарламаларға арналған нәтиже көрсеткiштерiн қолдану шартымен бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттары нақтыланған кiшi бағдарламаларға бөлiнуi мүмкiн.
          6. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) әзiрлеу тәртiбiн және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
          Ескерту. 32-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      33-бап. Бюджеттiк бағдарламалардың түрлерi

  1. Мазмұнына байланысты бюджеттiк бағдарламалар:
    мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға;
          трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беруге;
          бюджеттiк кредиттер беруге;
          бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға;
          күрделi шығыстарды жүзеге асыруға;
          мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға;
          нысаналы салым салуға бағытталған бағдарламалар болып бөлiнедi.
          2. Мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты бюджеттiк бағдарламалар:
          1) республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн республикалық бағдарламаларға;
          2) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң құрамында бекiтiлетiн облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бағдарламаларына;
          3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында бекiтiлетiн аудандық (қалалық) бағдарламаларға;
          4) республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында бекiтiлетiн, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламаларына бөлiнедi.
          Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар болып табылады.
          3. Бюджеттiк бағдарламалар iске асыру тәсiлiне байланысты:
          1) бiр әкiмшi iске асыратын дара бюджеттiк бағдарламаларға;
          2) белгiлi бiр бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламаларының құрамында бекiтiлетiн және бюджеттiк бағдарламалардың әртүрлi әкiмшiлерi арасында ағымдағы қаржы жылы iшiнде бөлiнуге жататын, бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаларға бөлiнедi.
          Мұндай бюджеттiк бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
          4. Бюджеттiк бағдарламалар бiртұтас бюджеттiк сыныптаманың құрамында тиiстi белгi (код) берiле отырып, ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және дамудың бюджеттiк бағдарламаларына бөлiнедi.
          Дамудың бюджеттiк бағдарламаларына бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттiң қалған шығыстары ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға жатады.
          Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      34-бап. Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге
               асыруға және олардан туындайтын мемлекеттiк
               қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттiк
               бағдарламалар

  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету деп орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк органдардың жекелеген функцияларын iске асыру нысандарының бiрi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарды қоспағанда) қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы әрi жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарды қоспағанда) өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын қызметi танылады.
    Мемлекеттiк қызмет көрсету мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерi шеңберiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы немесе тегiн негiзде көрсетiледi.
          2. Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң, нысанының, мазмұнының және нәтижесiнiң сипаттамаларын қамтитын мемлекеттiк қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт болып табылады.
          Қазақстан Республикасының Президентiне бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган әзiрлейтiн мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн мемлекеттiк органдар әзiрлейтiн мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
          3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
          Мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi деп мемлекеттiк қызметтердi алушылар, оларды көрсетудi қамтамасыз ететiн орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар және басқа да сипаттамалары көрсетiле отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейлерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемi жаңартылып отыратын тiзбесiн қамтитын нормативтiк құқықтық акт түсiнiледi.
          4. Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарламаның құнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кiредi.
          Мемлекеттiк қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттiк бағдарламаның құнын айқындау кезiнде мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң бекiтiлген стандарттары пайдаланылады.
          5. Бюджеттiк бағдарламалардың атауларында жүзеге асырылатын мемлекеттiк функциялардың, өкiлеттiктердiң және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң мазмұны көрiнiс табуға тиiс.
          6. Үкiметтiк емес ұйымдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орындауы мемлекеттiк қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылады.
          Ескерту. 34-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      35-бап. Трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беруге
               бағытталған бюджеттiк бағдарламалар

  1. Трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беруге бағытталған бюджеттiк бағдарламаларға:
    1) бюджеттер деңгейлерi арасындағы трансферттер;
          2) мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер;
          3) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттiк субсидиялар жатады.
          2. Бюджеттер деңгейлерi арасындағы трансферттер, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттiң бiр деңгейiнен басқасына өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер болып табылады.
          3. Мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер, бұл жеке тұлғаларға олардың иелiгiндегi табыстарын өсiруге не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген шығындардың немесе нұқсандардың белгiлi бiр түрлерiн толық немесе iшiнара өтеуге арналған ақшалай төлемдер.
          4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, мемлекеттiк функцияларды орындаудың және республиканың немесе өңiрдiң дамуының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн iске асырудың басқа да тәсiлi болмаған кезде ғана жеке және заңды тұлғаларға, соның iшiнде шаруа немесе фермер қожалықтарына берiлетiн бюджеттен қайтарымсыз төлемдер бюджеттiк субсидиялар болып табылады.
          5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      36-бап. Бюджеттiк кредиттер беруге бағытталған бюджеттiк
               бағдарламалар

      Бюджеттiк кредиттер:
      1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға;
      2) мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiн жүзеге асыруға;
      3) қаржы агенттiктерiнiң мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруына;
      4) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға;
      5) мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының мiндеттерiн шешуге бағытталады.
      Ескерту. 36-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      37-бап. Бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға
               бағытталған бюджеттiк бағдарламалар

      Бюджеттiк инвестициялар бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттiк инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды iске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      38-бап. Күрделi шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған
               бюджеттiк бағдарламалар

      Күрделi шығыстарға, бюджеттiк инвестициялардан басқа, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға не нығайтуға, күрделi жөндеудi (қалпына келтiрудi) жүргiзуге және өзге де күрделi шығыстарға бағытталған шығыстар жатады.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      39-бап. Мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға бағытталған
               бюджеттiк бағдарламалар

      Мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларға:
      қарыз алу шарттарынан туындайтын, уақыттың белгiлi бiр кезеңiнде сыйақының, комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және өзге де төлемдердiң жиынтық төлемдерi, хеджирлеу мәмiлелерi бойынша төлемдер;
      қарыз алушының қарыз шартында белгiленген тәртiппен алған қарыз сомасын қайтаруы, мемлекеттiң қарыз шартынан туындайтын басқа да мiндеттемелердi орындауы;
      халықаралық ұйымдарға үлестiк жарналар;
      мемлекеттiк кепiлдiктер мен кепiлгерлiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;
      мемлекеттiң Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен немесе соттардың шешiмдерiнен туындайтын басқа да мiндеттемелерi жатады.

      39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттiк
                 бағдарламалар

  1. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн бюджеттен төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.
    2. Нысаналы салым Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалған мақсаттарға бағытталады.
          3. Нысаналы салым салу бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерi арқылы жүзеге асырылады.
          4. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерi бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.
          Дербес бiлiм беру ұйымдары бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.
          5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес бюджеттiк өтiнiм жасау арқылы жүзеге асырылады.
          6. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады.
          Ескерту. Кодекс 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      40-бап. Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын,
               сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және
               объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн
               органдардың мемлекеттiк органдар мен олардың
               мекемелерiнiң шығыстарын сыныптау

      Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен олардың мекемелерiнiң шығыстары мынадай бюджеттiк бағдарламалар:
      мемлекеттiк функциялар мен өкiлеттiктердi орындауға, трансферттер беруге және күрделi шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бiр бюджеттiк бағдарлама;
      бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бiр бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр өзiндiк ерекшелiгi бойынша көрсетiле отырып, бiр функционалдық топ бойынша жiктеледi.

      41-бап. Мемлекеттiк тапсырма

  1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кiретiн ұйымдарға, дербес бiлiм беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуiне, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруына және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауына арналған, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.
    Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кiретiн ұйымдарға, мемлекеттiк тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады.
          2. Мемлекеттiк тапсырманы жоспарлау бюджеттi әзiрлеу кезiнде осы Кодексте белгiленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
          3. Мемлекеттiк тапсырманы орындау бекiтiлген республикалық бюджеттiк бағдарламаларды республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi мен мемлекеттiк тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәмiле жасау арқылы iске асыру шеңберiнде, онда нәтижелер көрсеткiштерi көрсетiле отырып, жүзеге асырылады.
          Мемлекеттiк тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсiмдер сақталмай жүзеге асырылады.
          4. Мемлекеттiк тапсырмалардың, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалардың тiзбесiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
          5. Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу және орындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
          Ескерту. 41-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-тарау. БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

      42-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер

  1. Бюджет процесiнде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
    2. Бюджет процесiнде республикалық бюджеттiң аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiмен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң бiр-бiрiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
          3. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдерiнiң өтiнiштерi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар iс-шаралар өткiзiлген жағдайларда, бюджет процесiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiледi.
          4. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында функциялар мен өкiлеттiктердiң аражiгiнiң айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасында түсiмдер мен шығыстардың бiркелкi бөлiнуiне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттердi айқындау әдiстерiнiң бiртұтастығына және ашықтығына негiзделген.
          5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының, тиiсiнше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесiне араласуына жол берiлмейдi.
          6. Осы Кодекстен басқа, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актiлерiнде, есебiнен шығыстар қаржыландырылуға тиiс және түсiмдер есептелуге тиiс болатын бюджет деңгейiн белгiлеуге жол берiлмейдi.
          Тек осы Кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде ғана шығыстарды немесе түсiмдердiң жекелеген түрлерiн бюджеттiң бiр деңгейiнен басқасына беру жүзеге асырылады.
          7. Жалпы сипаттағы трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң қолданылу кезеңiнде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кiрiстердiң азаюына әкеп соғатын жоғары тұрған органдардың нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауынан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердiң шығындарын өтеу мiндеттi түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргiзiледi.
          8. Жалпы сипаттағы трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң қолданылуы кезеңiнде мемлекеттiк органдардың функцияларын мемлекеттiк басқарудың төмен тұрған деңгейiнен жоғары тұрған деңгейiне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актiлер қабылдануынан туындайтын шығындарын өтеу мiндеттi түрде төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргiзiледi.

      43-бап. Бюджетаралық қатынастардың принциптерi

      Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
      1) облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң, жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы теңдiгi;
      2) аражiгiн ажыратудың мынадай өлшемдерiнiң бiр мезгiлде сақталуын ескеретiн түсiмдердi тиiмдi бөлу:
      тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсерiне тәуелсiз салықтық және салықтық емес түсiмдер төмен тұрған бюджеттерге бекiтiледi;
      мемлекеттiк мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салық түсiмдерi және салықтық емес түсiмдер аталған көрсетiлетiн қызметтер қаржыландырылатын бюджет кiрiсiне түседi;
      қайта бөлiну сипатындағы, сондай-ақ салық базасы әркелкi орналастырылған салықтар бюджет жүйесiнiң неғұрлым жоғары тұрған бюджеттер деңгейлерiне бекiтiледi;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке бекiткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесiн қамтамасыз ететiн бюджет деңгейiне артықшылық берiледi;
      нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергiлiктi бюджеттерге бекiтiледi;
      3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейлерiн теңестiру;
      4) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң бiрдей деңгейiн ұсынуын қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұсынудың тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi - мемлекеттiк қызметтер көрсетудi неғұрлым тиiмдi әрi нәтижелi қамтамасыз ете алатын мемлекеттiк басқару деңгейiне мемлекеттiк қызметтер көрсетудi бекiту;
      6) мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұсыну деңгейiн оны алушыларға барынша жақындату - алушылардың қажеттерiн барынша дәл есепке алу және мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын арттыру мақсатында қызметтер көрсетудiң атқарылуын бюджет жүйесiнiң мүмкiндiгiнше төмен деңгейiне беру.

      44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары

  1. Бюджетаралық қатынастар:
    1) республикалық және облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында:
          трансферттермен;
          бюджеттiк кредиттермен;
          2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
          трансферттермен;
          бюджеттiк кредиттермен;
          кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.
          2. Бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi.
          3. Нысаналы трансферттердi және бюджеттiк кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бюджеттiк бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.
          4. Нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк қаржылық бақылау органының актiсiне сәйкес осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн бiр ай iшiнде мiндеттi түрде қайтарылуға жатады.
          5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерiнiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
          Облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерiнiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
          6. Өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерiн пайдалану кезiнде үнем жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн үнемделген тиiстi соманы жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн нысаналы даму трансферттерiн пайдалану жүзеге асырылған бюджеттiк бағдарламалар нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн жақсартуға пайдалануға құқылы.
          7. Өткен қаржы жылында бөлiнген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етiлген нысаналы даму трансферттерiнiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
          Республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органы ағымдағы қаржы жылы одан әрi пайдалану (толық пайдалану) туралы шешiм қабылдамаған нысаналы трансферттердiң өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiн, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
          Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер

  1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттiк алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.
    2. Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекiтiлген сома шегiнде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.
          3. Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекiтiлген сома шегiнде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берiлетiн трансферттер бюджеттiк алып қою болып табылады.
          4. Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi:
          Қазақстан Республикасының заңымен - республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында;
          облыстық мәслихаттың шешiмiмен - облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң арасында абсолюттiк мәнiмен жылдар бойынша бөлiне отырып, үш жылдық кезеңге белгiленедi.
          Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi әрбiр үш жыл сайын өзгертiлуге жатады.
          5. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттiң әрбiр деңгейi үшiн осы Кодекспен бекiтiлген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттiк кепiлдендiрiлген қызмет көрсетулердi ұсыну үшiн өңiрлердiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестiруге және тең фискалдық мүмкiндiктердi қамтамасыз етуге бағытталған.
          6. Жалпы сипаттағы трансферттердi айқындау кезiнде өңiрдiң салықтық әлеуетi, өңiрдегi көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi тұтынушылар саны, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң бекiтiлген стандарттары және сол немесе өзге де өңiрдiң өзiндiк ерекшелiгiне байланысты көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi ұсыну жөнiндегi шығыстарға әсер ететiн факторлар ескерiледi.
          7. Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi (трансферттердi шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдерi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
          Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерiн тиiсiнше мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар айқындайды.
          8. Жергiлiктi бюджет кiрiстерiнiң болжамды көлемi шығындарының болжамды көлемiнен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджетке жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк алып қою белгiленедi.
          Жергiлiктi бюджет шығындардың болжамды көлемi кiрiстерiнiң болжамды көлемiнен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджеттен жергiлiктi бюджетке бюджеттiк субвенциялар белгiленедi.
          9. Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығындарының болжамды көлемдерi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттердiң есеп-қисаптарының әдiстемесi негiзiнде есептеледi.
          10. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемiнiң есеп-қисабы кезiнде жоспарлы кезеңде жоғары тұрған бюджеттен бөлiнетiн нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттер, жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеудегi шығындар ескерiлмейдi.
          11. Жалпы сипаттағы трансферттердi аудару тәртiбi мен кезеңдiлiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
          Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      46-бап. Нысаналы трансферттер

  1. Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттерге және нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi.
    2. Жалпы сипаттағы трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң қолданылуы кезеңiнде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекiтiлген сома шегiнде:
          1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретiн, жергiлiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кiрiстерiнiң азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актiлердi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, облыстың өкiлдi және атқарушы органдарының, актiлерiн қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердiң шығындарын өтеуге бағытталған;
          2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге беретiн, мемлекеттiк органдар функцияларының мемлекеттiк басқарудың төмен тұрған деңгейiнен жоғары тұрған деңгейiне берiлуiне байланысты жоғары тұрған бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын, заңнамалық актiлердi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердiң шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
          3. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергiлiктi бюджеттiк даму бағдарламаларын iске асыру үшiн республикалық немесе жергiлiктi бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде беретiн трансферттер нысаналы даму трансферттерi болып табылады.
          4. Жергiлiктi атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерiнiң сомаларын айқындау үшiн тиiстi жоғары тұрған органға жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетiлген өтiнiмдердi ұсынады.
          5. Жергiлiктi бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша шығыстар берiлетiн нысаналы даму трансферттерiнiң көлемi ескерiле отырып, жергiлiктi бюджеттерде айқындалады.
          Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерi әр объект бойынша жеке бөлiнбей, бiр сомамен бөлiнедi.
          Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерiн бөлудi жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi жергiлiктi бюджеттерде осы мақсаттарға көзделетiн қаржыландыру көлемiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
          6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерi өткен қаржы жылында бөлiнген нысаналы даму трансферттерi бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерде айқындалған жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзу кезiнде бөлiнедi. Мұндай нәтижеге қол жеткiзiлмеген жағдайда, кезектi қаржы жылында нысаналы даму трансфертi берiлмейдi.
          7. Жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн нысаналы даму трансферттерi есебiнен iске асырылатын жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгi жобада көзделмеген қосымша құрамдас бөлiктердiң енгiзiлуiне байланысты тиiстi жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
          8. Нысаналы даму трансферттерiн қарау және iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
          9. Төмен тұрған бюджеттерге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу нысаналы трансферттер түрiнде жүзеге асырылады.
          10. Жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiсi төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердi нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң, белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны жеке-дара қаржыландыру жоспарының негiзiнде аударады.
          11. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм:
          шешiлуiне нысаналы трансферттер бөлiнетiн мақсаттар мен мiндеттердi;
          нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлуге тиiс тiкелей және түпкiлiктi нәтижелердi;
          тиiстi жергiлiктi атқарушы органның қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есептi жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне табыс етуi туралы мiндеттеменi;
          тараптардың шешiмi бойынша айқындалатын басқа да жағдайларды қамтитын құжатты бiлдiредi.
          12. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берiлетiн нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi мен тиiстi жергiлiктi атқарушы орган арасында ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешiктiрiлмей бiр қаржы жылына жасалады.
          12-1. Жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасының әкiмшiсi Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде осы Кодекстiң 154 және 156-баптарының талаптарына сәйкес бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға құжаттама ұсынылғанға дейiн осы Кодекстiң 79-бабы 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көрсетiлген аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берiлетiн нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм жасаспайды.
          13. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн нысаналы трансферттер аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасында одан әрi бөлiнген жағдайда, облыстың жергiлiктi атқарушы органы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарымен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы тиiстi келiсiмдер жасасады.
          14. Жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң көлемi өзгерген жағдайда, нысаналы трансферттердiң көлемi өзгерген күннен бастап бiр ай iшiнде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.
          Егер бюджеттi нақтылау кезiнде қосымша нысаналы трансферттер бөлiнсе, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңға қол қойғаннан кейiн және мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттың шешiмi бекiтiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде осы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм жасалады.
          15. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы жарты жылдың және бiр жылдың қорытындылары бойынша облыстың тиiстi жергiлiктi атқарушы органына нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес бөлiнген нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есеп бередi.
          Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жарты жылдың және бiр жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсiне нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес бөлiнген нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есеп бередi.
          16. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдi әзiрлеу, нысаналы трансферттердi аудару, қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есептi жасау және беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
          Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      47-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк
               кредиттер

  1. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға, мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының мiндеттерiн шешуге және қаржы жылы iшiнде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиiсiнше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттiк кредиттер берiлуi мүмкiн.
    2. Төмен тұрған бюджеттерге бюджеттiк кредиттер осы Кодекске сәйкес берiледi.
          Ескерту. 47-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      48-бап. Трансферттердi пайдалану кезiнде нәтижелерге қол
               жеткiзбегенi үшiн жауаптылық

  1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттердi бөлу кезiнде:
    1) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдi уақтылы жасамағаны үшiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi және жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалары тиiстi әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшысы;
          2) нәтижелер туралы жасалған келiсiмдер негiзiнде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердi аудармағаны үшiн жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалары әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшысы;
          3) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келiсiмге сәйкес нысаналы трансферттердi пайдаланбағаны, нәтижелерге қол жеткiзбегенi, алынған нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген нәтижелер туралы есеп табыс етпегенi үшiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмi және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшысы;
          4) нәтижелерге қол жеткiзбеуге әкеп соққан, жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердi игермегенi үшiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмi, төмен тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалары әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
          2. Нысаналы трансферттер есебiнен мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурсты жалғыз ұйымдастырушы болып табылатын, жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi конкурстық рәсiмдердi уақтылы өткiзбеген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалары әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
          Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-бөлiм. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРI АРАСЫНДА ТҮСIМДЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ

8-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА, АСТАНА, АУДАН (ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА)
БЮДЖЕТТЕРI АРАСЫНДА БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТIН ТҮСIМДЕРДI БӨЛУ

      49-бап. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер

  1. Мыналар:
    1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы;
          2) қосылған құн салығы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
          3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
          4) шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер;
          5) ойын бизнесi салығы;
          6) мұнай секторы ұйымдарынан түсiмдердi қоспағанда, үстеме пайда салығы;
          7) тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемақы;
          8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, бонустар;
          9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiруден алынатын салық
          10) мұнай секторы ұйымдарынан түсiмдердi қоспағанда, экспортқа рента салығы;
          11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi;
          12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметiн жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;
          13) жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;
          14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат берiлгенi үшiн алым;
          15) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттiк тiркелгенi (есепке қойылғаны) үшiн алым;
          16) дәрiлiк заттардың мемлекеттiк тiркелгенi, сондай-ақ олардың қайта тiркелгенi үшiн алым;
          17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттiк тiркелгенi, сондай-ақ олардың қайта тiркелгенi үшiн алым;
          18) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиiлiктегi құрылғылардың мемлекеттiк тiркелгенi үшiн алым;
          19) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берiлгенi үшiн төлемақы;
          20) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
          21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
          22) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
          23) кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
          24) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;
          25) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждары;
          26) кеден бақылауын және кеден операцияларын жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер;
          27) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде алынатын баждар;
          28) консулдық алым;
          29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн мемлекеттiк баж;
          30) жеке басын куәландыратын құжаттар берiлгенi үшiн мемлекеттiк баж;
          31) жүргiзушi куәлiктерiнiң берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
          32) механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
          33) мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiнiң берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
          34) нотариаттық iс-әрекеттер жасалғаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
          35) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
          36) мемлекеттiк мекемелердi сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттiк баж;
          37) халықаралық техникалық байқау сертификатының берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
          38) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.
          2. Мыналар:
          1) республикалық меншiктен түсетiн кiрiстер:
          республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
          Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
          республикалық меншiктегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер;
          республикалық меншiктегi заңды тұлғалардың қатысу үлесiне кiрiстер;
          республикалық меншiктегi мүлiктi жалға беруден түсетiн кiрiстер;
          екiншi деңгейдегi банктердiң шоттарында мемлекеттiк сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерi бойынша сыйақылар;
          республикалық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар;
          қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетiн кiрiстер;
          республикалық меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер;
          2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн түсiмдерi;
          3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
          4) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнде (шығыстар сметасында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;
          5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсiмдер республикалық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер болып табылады.
          3. Мыналар:
          1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан;
          2) мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан;
          3) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша негiзгi капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер болып табылады.
          4. Мыналар:
          1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен түсетiн трансферттер;
          2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетiн кепiлдендiрiлген трансферт республикалық бюджетке түсетiн трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.
          5. Республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық меншiктегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, үкiметтiк қарыздарды сатудан түсетiн түсiмдер республикалық бюджет есебiне жазылады.
          Ескерту. 49-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.24 N 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      50-бап. Облыстық бюджетке түсетiн түсiмдер

  1. Мыналар:
    1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы;
          2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық
          3) қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы;
          4) облыстық маңызы бар мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алым;
          5) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;
          6) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
          7) орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
          8) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы облыстық бюджетке түсетiн салық түсiмдерi болып табылады.
          2. Мыналар:
          1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
          облыстық әкiмдiктiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
          облыстық коммуналдық меншiктегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер;
          облыстық коммуналдық меншiктегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер;
          облыстық коммуналдық меншiктiң мүлкiн жалға беруден түсетiн түсiмдер;
          облыстық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар;
          уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
          облыстық коммуналдық меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер;
          2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн түсiмдер;
          3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
          4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;
          5) облыстық бюджетке басқа да салықтық емес түсiмдер облыстық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер болып табылады.
          3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша облыстық бюджетке негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.
          4. Мыналар:
          1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен трансферттер;
          2) республикалық бюджеттен трансферттер облыстық бюджетке трансферттер түсiмдерi болып табылады.
          5. Облыстық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, облыстық коммуналдық меншiктегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетiн түсiмдер облыстық бюджет есебiне жазылады.

      51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне
               түсетiн түсiмдер

  1. Мыналар:
    1) жеке табыс салығы;
          2) әлеуметтiк салық
          3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсiпкерлердiң мүлкiне салық
          4) жер салығы;
          5) бiрыңғай жер салығы;
          6) көлiк құралдарына салық
          7) тiркелген салық
          8) мыналарға:
          Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне;
          Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне;
          Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыраға;
          Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына;
          Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңiл автомобильдерге (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейiмделген автомобильдерден басқа);
          бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
          9) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
          10) орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
          11) қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы;
          12) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
          13) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
          14) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
          15) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
          16) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым;
          17) аукциондардан алым;
          18) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алым;
          19) республикалық бюджет есебiне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж;
          20) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
          21) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
          22) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым;
          23) қалалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне салық түсiмдерi болып табылады.
          2. Мыналар:
          1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
          республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсi бөлiгiнен түскен түсiмдер;
          республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтер;
          республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер;
          республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялар кiрiстерiнен түсетiн түсiмдер;
          республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер;
          республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар;
          уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
          республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер;
          2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн түсiмдер;
          3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
          4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;
          5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне басқа да салықтық емес түсiмдер (республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне салықтық емес түсiмдер) болып табылады.
          3. Мыналар:
          1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
          2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
          3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сатқаны үшiн төлемақы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.
          4. Республикалық бюджеттен трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.
          5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетiн түсiмдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнiң есебiне жатқызылады.
          Ескерту. 51-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      52-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн
               түсiмдер

  1. Мыналар:
    1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы;
          2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық
          3) жеке және заңды тұлғалар, дара кәсiпкерлер мүлкiне салық
          4) жер салығы;
          5) бiрыңғай жер салығы;
          6) көлiк құралдарына салық
          7) тiркелген салық
          8) мыналарға:
          Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне;
          Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне;
          Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыраға;
          Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына;
          Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңiл автомобильдерге (мүгедектер үшiн арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейiмделген автомобильдерден басқа);
          бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
          9) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
          10) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
          11) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
          12) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым;
          13) аукциондардан алым;
          14) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым;
          15) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
          16) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
          17) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;
          18) республикалық бюджет есебiне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн салық түсiмдерi болып табылады.
          2. Мыналар:
          1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
          аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсi бөлiгiнiң түсiмдерi;
          ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер;
          ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстер;
          ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер;
          ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар;
          ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер;
          2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсетудi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер;
          3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
          4) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;
          5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне басқа да салықтық емес түсiмдер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне салықтық емес түсiмдер болып табылады.
          3. Мыналар:
          1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
          2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
          3) жер учаскелерiн жалға беру құқығын сатқаны үшiн төлемақы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.
          4. Облыстық бюджеттен берiлетiн трансферттер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.
          5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарыздарын сатудан түсетiн түсiмдер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiне есептеледi.
          Ескерту. 52-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

9-тарау. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРI АРАСЫНДА ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ

      53-бап. Республикалық бюджеттiң шығыстары

  1. Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
     РҚАО-ның ескертпесi!
          1) тармақшаға өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР  Заңымен.
          1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:
          Қазақстан Республикасы Президентiн және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
          Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi;
          сайлаулар мен референдумдар өткiзу;
          республикалық деңгейде мемлекеттiк жоспарлау;
          салық қызметi органдарының қызметi;
          республикалық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру және жергiлiктi бюджеттердiң кассалық қызмет көрсетуi, бюджеттiк есепке алуды жүргiзу және бюджеттердiң атқарылуы бойынша есептiлiктi жасау;
          республикалық меншiктi басқару;
          сырттай байқау рәсiмiн, оңалту рәсiмiн, конкурстық iс жүргiзудi және конкурстық iс қозғамастан борышкердi тарату рәсiмiн өткiзудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша сот шешiмiмен тарату рәсiмдерiн өткiзудi ұйымдастыру;
          мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
          мемлекеттiк қаржы бақылауы және қаржы мониторингi;
          кеден қызметi;
          мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi;
          iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу;
          мемлекеттiк статистика органдарының статистикалық қызметi;
          мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
          ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау;
          Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әртүрлi қызмет салалары мен аяларында мемлекеттiк сыйлықтар беру және мемлекеттiк наградалармен марапаттау;
          саяси партиялардың қызметiн қаржыландыру;
          2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
          мемлекеттiң қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
          орталық атқарушы органдар жүргiзетiн жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
          мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру және сақтау;
          ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
          терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көрiнiстерiне қарсы iс-қимыл;
          мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;
          облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерiнен қаржыландырылатын iс-шараларды қоспағанда, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындауға байланысты iс-шараларды ұйымдастыру;
          облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
          табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;
          жаһандық, өңiрлiк ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
          кәсiби авариялық-құтқару қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
          мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмысын қамтамасыз ету;
          азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру;
          азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттiк кадастр жүргiзу;
          экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметi;
          көшi-қон iс-шаралары;
          3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi:
          әдiлет саласындағы қызмет;
          азаматтардың және мемлекеттiң мүдделерiн құқықтық қорғау;
          заңдылықты және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету;
          мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу;
          сот сараптамасы қызметi;
          сот жүйесiнiң жұмыс iстеуi;
          қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
          4) бiлiм беру:
          республикалық бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру;
          республикалық маңызы бар мектептен тыс iс-шаралар өткiзу;
          республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi мамандар даярлау;
          республикалық деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау;
          республикалық орта бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетел мектептерiнде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету;
          5) денсаулық сақтау:
          жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
          денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын түрлер бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетуi;
          республикалық деңгейде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезiнде шұғыл медициналық көмек қызметiн ұйымдастыру;
          республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық оңалту;
          психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шеккен және қатаң бақылауды қажет ететiн адамдарға медициналық көмек көрсету;
          сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргiзу;
          ауру адамдарды шетелде емдеудi ұйымдастыру;
          айрықша қатерлi жұқпалы ауруларға қарсы iс-қимыл;
          республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;
          санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуi;
          Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң қатарынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;
          жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;
          6) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
          Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдерi;
          мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
          мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар;
          арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар;
          зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мемлекеттiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;
          бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
          баланы бiр жасқа толғанға дейiн бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
          экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк көмек;
          әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
          саяси қуғын-сүргiн құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi болып табылатын әлеуметтiк төлемдер;
          оралмандарға әлеуметтiк көмек көрсету;
          7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
          қазақтың ұлттық мәдениетiн және басқа да ұлттық мәдениеттердi қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
          республикалық маңызы бар театр және музыка өнерiн, ұлттық фильмдер шығаруды, мұражай iсiн қолдау;
          мәдениет және мемлекеттiк жастар саясаты саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзу;
          халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
          республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерiнiң дамуын қолдау;
          жоғары жетiстiктер спортын дамыту;
          Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiнiң халықаралық спорттық жарыстарға дайындығы және қатысуы;
          халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде Қазақстан және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпарат дайындау және тарату;
          республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
          республикалық кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
          бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
          мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;
          телерадио хабарларын тарату ұйымдарының телевизия және радио бағдарламаларын жерсерiктiк хабар тарату жүйелерi арқылы тарату;
          8) агроөнеркәсiптiк кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
          су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлеу, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамы, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесiн қамтамасыз ету;
          судың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу;
          су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;
          республикалық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;
          суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингi және оны бағалау;
          республикалық маңызы бар орман қорын, жануарлар дүниесiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттiк есепке алуды, табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк мониторингi;
          орман шаруашылығын жүргiзу;
          орман тұқым шаруашылығы және селекция;
          мемлекеттiк орман кадастрын, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу;
          ормандарды өрттен қорғау, орман зиянкестерiнен және ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар;
          балық ресурстарын және басқа да су мекендi жануарларын қорғау және өсiмiн молайту;
          балық аулауды мемлекеттiк реттеу және балық қорларын қорғау;
          республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтiп ұстау, мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру;
          Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жағдайларда, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
          қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi;
          республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау бойынша iс-шаралар жүргiзу;
          I санат объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу;
          қоршаған ортаға эмиссияға I санат объектiлерi үшiн рұқсат беру;
          гидрометеорологиялық мониторинг;
          республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
          мемлекеттiк жер кадастрын, жер мониторингiн жүргiзу;
          топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;
          жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, оның iшiнде ветеринариялық препараттарды, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткiзу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатерлi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және зарарсыздандыру;
          ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары, байқап көру, сондай-ақ шағым жасалған кезде ветеринариялық препараттардың серияларын (партияларын) бақылау;
          фитосанитариялық мониторинг;
          карантиндегi өнiмнiң зертханалық сараптамасы және егiс пен екпе материалдарындағы жасырын жұқтырылған ауруды анықтау;
          карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;
          қорымен қоса, пестицидтердi (улы химикаттарды), оларды жеткiзуге, сақтауға және қолдануға байланысты қызметтер көрсетудi сатып алу;
          мемлекеттiк астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн сақтау және ауыстыру;
          аграрлық азық-түлiк нарығында сатып алу және тауар интервенцияларын жүргiзу;
          сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егiстiк сапаларын айқындау;
          ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру және басқару;
          ауыл шаруашылығы өндiрiсiн агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;
          агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық қамтамасыз етудi мемлекеттiк реттеу;
          агроөнеркәсiптiк кешеннiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектiлерiне бәсекелестiк нарығында жоқ немесе жеткiлiксiз көрсетiлiп келген қызметтер көрсетудiң жекелеген түрлерiн ұсыну;
          агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн ұйымдастыру;
          екiншi деңгейдегi банктердiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарға беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
          ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiсiн басқару мен нарық жүйелерiн дамыту;
          өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау;
          өсiмдiктердiң жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерiнiң тектiк қорын сақтау және дамыту;
          суармалы жерлердi мелиоративтiк жақсарту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;
          9) өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
          мемлекеттiк өнеркәсiп саясатын iске асыру;
          отын-энергетика кешенiн дамыту;
          жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингi;
          мемлекеттiк геологиялық зерттеу;
          геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
          кенiштер мен шахталарды жабу және жою, техногендiк қалдықтарды көму;
          республикалық маңызы бар мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу;
          құрылыс нормалары мен стандарттарын сатып алу және әзiрлеу;
          сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы бақылау;
          9-1) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру:
          республикалық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша iс-шаралар өткiзу;
          10) көлiк және коммуникациялар:
          халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
          су көлiгi қызметiн ұйымдастыру және реттеу;
          кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi күтiп-ұстау және кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
          теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;
          әуе және су көлiгiн мемлекеттiк реттеу;
          әлеуметтiк маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
          магистралды темiр жолдарды дамыту;
          аэроғарыш қызметi;
          радиожиiлiк спектрi мен радиоэлектронды құралдар мониторингi;
          11) экономикалық қызметтi реттеу:
          стандарттау, метрология және сертификаттау;
          патенттердi, тауар белгiлерiн тiркеу және қорғау;
          мемлекеттiк инновациялық саясат;
          мемлекеттiк экспорттық және импорттық бақылау;
          саудалық және демпингке қарсы реттеу;
          бәсекелестiктi дамыту және қорғау;
          бағаны және табиғи монополияларды мемлекеттiк реттеу;
          жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау;
          11-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
          нормативтiк-техникалық құжаттамаларды иелену, әзiрлеу және жетiлдiру;
          елдi мекендердiң шегiнде орналасқан жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн жаңғырту және дамыту, сондай-ақ елдi мекендердi абаттандыру;
          коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу саласын реттеу;
          қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу;
          кадрлық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
          коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi органның елдi мекендердегi инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымының техникалық-экономикалық негiздемелерiн, жаңғырту және дамыту инвестицияларының негiздемесiн орталықтандырып әзiрлеуi;
          тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы объектiлердi тексерудi және техникалық жай-күйiн бағалауды жүргiзу;
          тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мониторингi және оны бақылау үшiн ақпараттық жүйе құру;
          энергия және ресурс үнемдеу жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;
          12) басқа да бағыттар:
          облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне трансферттер;
          үкiметтiк борышқа қызмет көрсету және өтеу;
          мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;
          үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу мәмiлелерi бойынша шығыстар;
          мемлекеттiң кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындау;
          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң концессиялық мiндеттемелерiн орындау.
          2. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен:
          1) мемлекеттiк қызмет көрсететiн немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелердiң күрделi шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердiң кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шығыстарына;
          2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және концессиялық мiндеттемелердi орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз етуге;
          3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де мемлекеттiк қызметтерге және орталық мемлекеттiк органдар қызметiнiң бағыттарына арналған шығыстар қаржыландырылады.
          3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттiң басқа деңгейлерiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
          4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң шығыстары, мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң заттай нормалары мен стандарттары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.
          Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.02 N 212-IV (2009.12.05 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 373-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      54-бап. Облыстық бюджеттiң шығыстары

  1. Облыстық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
    1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:
          облыстық деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс iстеуi;
          облыс деңгейiнде мемлекеттiк жоспарлау;
          облыстық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
          облыстық коммуналдық меншiктi басқару;
          2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
          облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысты дайындау және аумақтық қорғаныс;
          облыс аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
          облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс iс-шаралары;
          облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн персоналмен қамтамасыз ету және күтiп-ұстау бойынша әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
          жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
          iшкi iстер органдарының айдауылмен алып жүруi;
          азаматтық, көшiп кету және көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерi және заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегi қызмет;
          уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жерi және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;
          мемлекеттiк нөмiр белгiлерiн, жүргiзушi куәлiгiнiң бланкiлерiн және көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу куәлiктерi бланкiлерiн дайындау ақысын қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметiн қамтамасыз ету;
          республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ситуациялық орталығының электрондық почта, бейне-конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесiне қызметтер көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарына коммуналдық қызметтер көрсетуге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтерiн көрсетуге ақы төлеу жөнiндегi шығындарын қоса, қызметтiк үй-жайлар мен көлiк құралдарын күтiп-ұстау, оларға қызметтер көрсету және оларды жөндеу;
          3) бiлiм беру:
          техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар және оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алу және жеткiзу;
          облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша бiлiм беру;
          республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлау;
          балаларды арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту;
          мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;
          техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм;
          облыстық ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткiзу;
          жергiлiктi деңгейде бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
          балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
          дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;
          техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
          жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз ету, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
          Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын ақысыз және жеңiлдiкпен тамақтандыру;
          әдiстемелiк жұмыс;
          кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарының жұмыс iстеуi;
          4) денсаулық сақтау:
          республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетудi қоса алғанда, тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз ету;
          Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу;
          жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;
          республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;
          5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
          жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;
          ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын әлеуметтiк көмек түрлерiн қоспағанда, мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;
          6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
          елдi мекендердi газдандыру;
          облыстық коммуналдық меншiктi қорғау жөнiндегi шаралар;
          7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
          жергiлiктi маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
          мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
          жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету;
          республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлi спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командалары мүшелерiнiң дайындығы және қатысуы;
          облыстық деңгейде спорттық жарыстар өткiзу;
          жергiлiктi деңгейде туристiк қызметтi реттеу;
          жергiлiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
          облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
          бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргiзу;
          жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;
          облыстық деңгейде мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру шеңберiнде iс-шаралар өткiзу;
          8) агроөнеркәсiптiк кешен, су, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары:
          Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу;
          Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде өсiмдiк шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеудi және өткiзудi реттеу;
          арнайы қоймаларды (көмiндiлердi) күтiп-ұстау, салу және жөндеу;
          бюджет қаражаты есебiнен алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру;
          коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
          суды қорғау аймақтарын, су объектiлерi белдеулерiн белгiлеу;
          облыстық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;
          облыстық маңызы бар су құбырларын салу және реконструкциялау;
          ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру;
          жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтiп-ұстау және қорғау;
          қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткiзу;
          II, III, IV санат объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу;
          II, III, IV санаттағы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру;
          жануарлар дүниесiн қорғау;
          облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
          Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жағдайларда, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
          инновациялық тәжiрибенi тарату және қолданысқа енгiзу жөнiнде iс-шаралар өткiзу;
          9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
          республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн ұйымдастыру;
          9-1) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру:
          облыстық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша iс-шаралар өткiзу;
          10) көлiк және коммуникациялар:
          әлеуметтiк мәнi бар ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), сондай-ақ қала маңындағы темiр жол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
          облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
          11) экономикалық қызметтi реттеу:
          жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау;
          12) өзге де бағыттар:
          аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне трансферттер;
          республикалық бюджетке трансферттер;
          жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оларды өтеу;
          жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелерiн орындау.
          2. Сонымен катар, облыстық бюджеттерден:
          1) мемлекеттiк қызмет көрсететiн немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң күрделi шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердiң кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шығыстарға;
          2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және концессиялық мiндеттемелердi орындауға;
          3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген облыстың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының өзге де көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметiне және қызмет түрлерiнiң бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.
          3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттiң басқа деңгейлерiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
          4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдардың шығыстары, мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң заттай нормалары мен стандарттары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.
          Ескерту. 54-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.02 N 212-IV (2009.12.05 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      55-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана
               бюджеттерiнiң шығыстары

Дата публикации
04 декабря 2008