Құзыретті органға
(Құзыретті органның атауы)
Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру туралы өтініш
Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсат беруді сұраймын.
________________________________________________________________
(Жеке тұлғалар үшін сатып алушының тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жерін, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді)
________________________________________________________________
(Заңды тұлғалар үшін сатып алушының атауын, оның орналасқан жерін, оның мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, басшылары және олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, өтініш иесі қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде айқындауға мүмкіндігі бар тұлғалар, ұйымдар және мемлекеттер туралы мәліметтерді көрсету)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(Мәміле бағасы туралы және оны төлеу тәртібі туралы мәліметтерді көрсету)
-.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Өтініште және өтінішке қоса берілетін құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыс екенін растаймын.
Өтініш беруші:
________________________________________________________________
(өтініш иесінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтер)
Ескертпе: өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 5-тармағына сәйкес әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.
________________
қолы
М.Ө.