Күтіп-ұстауға субсидиялау жүзеге асырылатын санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекіту туралы

Күтіп-ұстауға субсидиялау жүзеге асырылатын санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25801 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күтіп-ұстауға субсидиялау жүзеге асырылатын санитариялық-гигиеналық тораптардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары М.С. Тәткеевке жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Облыс әкімінің 

міндетін атқарушы

 

      

 

    Е. Рамазанов

Қаулы

Дата публикации
17 октября 2022