Басқарма туралы ереже

Ақмола облысы әкімдігінің

2016 жылғы 22 тамыздағы

№ А-10/408 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Ақмола облысының

кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»

 мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының аумағында жүктелген функцияларына сәйкес өнеркәсіп, индустриялды-инновациялық дамыту, шағын және орта кәсіперлік, кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
  3. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.
  4. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға, егер де оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай уәкілеттік берілген болса, онда тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды
  7. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің штат санының лимиті және құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы ереже «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

            

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
    функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

  1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, мемлекеттік қолдау және дамыту, бәсекелестікті дамытуға көмектесу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып табылады.
  2. Міндеттері:

1) облыс аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;

2)  индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.

3) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз  ету.

  1. 15. Функциялары:

1)  жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;

2) «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын (қалалар мен моноқалаларда шағын кредит беру және кепілдік беру бөлігінде), Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын облыста іске асыру және орындау үшін жауапкершілік және қамтамасыз ету;

3) облыста шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдаудың инфрақұрылым объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

4) облыс аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;

5) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

6) облыстық деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

7) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

8) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау картасын әзірлеу;

9) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді ұйымдастырып өткізу;

11) жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысандар мен мерзімдер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізбеге сәйкес, ұйымдардың сатып алуында жергілікті қамту жөнінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында уәкілетті органға ақпаратты жинау, талдау және ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;

14) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

15) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат беру;

16) облыс аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

17) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

18) аумақтарды дамыту бағдарламалары аясында стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;

19) көрмелік-жәрмеңкелік қызмет бойынша жұмысты ұйымдастыру;

20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстарын әзірлеу;

21) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шараларын әзірлеу және іске асыру;

22) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

23) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;

24) облыс аумағында алдағы күнтізбелік жылға бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасау;

25) жер қойнауын пайдалану келісімшартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобы отырысының өткізілуін ұйымдастыру; 

26) «Жер қойнауы және жер қайнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабындағы 3-тармағына сәйкес, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен және шарттарда жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттарды жасасу, тіркеу және сақтау; 

27) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссиясы отырысының өткізілуін ұйымдастыру;  

28) жер қойнауын пайдалану және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер құқығын ауыстыруға рұқсат беру; 

29) алдағы құрылыс учаскесіндегі жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе маңыздылығының аз екендігі жөніндегі қорытынды беру; 

30) пайдалы қазбалар орнының аумағында құрылысқа рұқсат беру; 

31) жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарттар жөніндегі комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастыру; 

32) жер қойнауын пайдаланушылармен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізу; 

33) жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге келісімшарттар талаптарының жер қойнауын пайдаланушылармен орындалуына бақылау;  

34) жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке лицензия талаптарының жер қойнауын пайдаланушылармен сақтауын бақылау;

35) жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру, кен іздеушілік бойынша операциялар жүргізуге мемлекеттік бақылау;  

36) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізу;

37) құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;

38) жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге келісімшарттардың, жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке лицензиялардың қолданылуын тоқтату;  

39) мемлекеттік қызмет көрсету; 

40) жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіруге және кен іздеушілікке лицензия беру;

41) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссия құру;

42) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекет меншігіндегі темір жолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде, сондай-ақ гидроқұрылыстар мен гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге рұқсат беру.

  1. Құқықтары мен міндеттемелері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген көлемде жүктелген қызметтерді орындау үшін мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды және материалдарды сұрау және алу;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бермеу бойынша шаралар қолдану;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтар мен міндеттерді  жүзеге асыру.

 

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесін басқаруды «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
  4. 20. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;

2) өз орынбасарларының, «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі бөлімдері басшыларының міндеттері мен уәкiлеттiлiктерiн анықтайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазаға тартады;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшiн дербес жауапты болады;

5) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарын шығарады және олардың күшін жояды.

6) облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бекітілген штат санының лимиті шегінде, «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын, штат кестесін бекітеді;

7) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және көлемдерде мүлікке иелік етеді;

9) келісімшарттар жасайды;

10) банкте есепшоттар ашады;

11) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;

12) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентін бекітеді.

  1. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде, оның уәкiлеттiлiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

 

  1. 4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. 23. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік оған жедел басқару құқығында тиесілі және облыстық коммуналдық меншікке жатады.
  2. 24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. 25. «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
15 мая 2020