«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

 

«Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ (индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 96, 401-кабинет, анықтама телефоны: 8(716-2) 24-00-04, факс 8(716-2) 24-00-38, электрондық мекенжайы: depprom@aqmola.gov.kz (мемлекеттік органдардың интранет порталынан электрондық хатты жіберу кезінде рұқсат етілген ең жоғары көлем 20 Мб аспайтын файлдар, сыртқы поштадан mail.ru, gmail.com және т. б.) 5мб-дан көп емес) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1.   Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын әлеуметтік демалыс кезеңіне 07.11.2023 жылға дейін, қызметкердің осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығуға құқығы бар), «D-О-4» санаты, «А» функционалдық блогы, лауазым деңгейі «5».

     Лауазымдық жалақы еңбек еткен жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.

         Негізгі функционалдық міндеттері: «Бизнестің жол картасы 2025»,  «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру. «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде бюджеттік өтінімдер жобаларын әзірлеу. Бөлім құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету. Жетекшілік ететін салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу бойынша талдауды жүзеге асыру және ақпарат дайындау, шағын және орта кәсіпкерлік саласында облыстың стратегиялық даму құжаттарын әзірлеу шеңберінде осы бағыттар бойынша болжамды көрсеткіштер мен индикаторларды қалыптастыру. Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен, қауымдастықтармен, бірлестіктермен және кәсіпкерлерді қолдау орталықтарымен, шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту инфрақұрылымының басқа да объектілерімен өзара іс-қимыл жасау. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Шағын бизнес субъектілерінің кәсіпкерлік қызметін қолдауға берілген кредиттерге тұрақты мониторинг жүргізу үшін облыстың қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингін жүзеге асыру. Ақмола облысында азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және уәкілетті органға есептілікті ұсыну. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдау анықтамаларын, материалдарды, ақпараттарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымындағы не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарындағы осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. Индустриялық-инновациялық дамыту бөлімінің бас маманы, «D-О-4» санаты, «А» функционалдық блогы, лауазым деңгейі «5».

    Лауазымдық жалақы еңбек еткен жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.

         Негізгі функционалдық міндеттері: Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу. Облыс аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау. Жетекшілік ететін салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, өнеркәсіп саласындағы инвестициялық саясатты талдауды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша мемлекеттік, салалық және Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Индустриялық-инновациялық даму, облыстың инвестициялық қызметі саласындағы бағдарламалық құжаттарды үйлестіруді, әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыру. Ақмола облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің, Ақмола облысы әкімдігі жанындағы инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңестің отырыстарын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымындағы не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарындағы осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. Кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маман-заңгері, «D-О-4» санаты, «Б» функционалдық блогы, лауазым деңгейі «4».

     Лауазымдық жалақы еңбек еткен жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.

         Негізгі функционалдық міндеттері: Басқарма қызметкерлеріне кеңестік құқықтық көмек көрсету. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Басқармаға келісуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, сондай-ақ тарабы басқарма болып табылатын шарттар мен келісімдердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу. Әзірлеушісі Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы болып табылатын заңға тәуелді актілердің мониторингін жүзеге асыру. Сот тәртібімен талқылауға жататын істер бойынша сотта, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде материалдарды, қорытындыларды дайындау және белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін білдіру. Әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған жұмысқа қатысу. Заңнаманы қолдану мәселелері бойынша, сондай-ақ жаңадан қабылданған нормативтік актілер бойынша Басқармада құқықтық оқуды жоспарлау және ұйымдастыру. Басқармада мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды ұйымдастыру, жоғары тұрған органдарға мемлекеттік қызметтер бойынша есептерді жинақтау және ұсыну. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын орындау бойынша жұмысты үйлестіру, басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымындағы не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарындағы осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы                  21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі -Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың                               79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) келесілердің болуын тексереді:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде қолданыстағы жарияланған лауазым санаты үшін тестілеу бағдарламасы бойынша шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытынды.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адам мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысатын, мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы ұсынған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. Құжаттардың толық топтамасы электрондық почта мекенжайына электронды түрде ұсынылған жағдайда, қолхат кандидаттың электрондық почта мекенжайына электронды түрде жіберіледі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі Конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер)қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады. 

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

 

 

Приложение 2

к Правилам проведения конкурса на занятие

административной государственной должности

корпуса «Б»

Форма

 

_________________________________

(государственный орган)

 

Заявление

 

Прошу допустить меня к участию в конкурсах на занятие вакантных административных государственных должностей:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

С основными требованиями Правил проведения конкурса на занятие административной государственной должности корпуса «Б» ознакомлен (ознакомлена), согласен (согласна) и обязуюсь их выполнять.

Выражаю свое согласие на сбор и обработку моих персональных данных, в том числе с психоневрологических и наркологических организаций.

С трансляцией и размещением на интернет-ресурсе государственного органа видеозаписи моего собеседования согласен __________________________

(да/нет)

 

Отвечаю за подлинность представленных документов.

Прилагаемые документы:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Адрес_______________________________________________________________

Номера контактных телефонов: ________________________________________

e-mail: ______________________________________________________________

ИИН _______________________________________________________________

 

________________ ____________________________________________________

(подпись)            (Фамилия, имя, отчество (при его наличии))

 

«____»_______________ 20__ г.

 

 

 

 

Приложение 3

к Правилам проведения конкурса

на занятие административной

государственной должности корпуса «Б»

 

Форма

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)

 

ФОТО

(түрлі түсті/ цвет- ное,

3х4)

 

 

 

лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии)

 

 

 

 

 

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер)

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

 

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

 

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

 

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

 

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

 

 

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

 

6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

 

 

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл- дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (запол- няется государственными служащими)

 

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

 

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место ра- боты, местонахожде- ние организации

 

 

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кандидаттың қолы / Подпись кандидата

 

күні / дата

 

 

 

* Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс
Дата публикации
28 марта 2022