Қаулы

Ақмола облысында

әлеуметтік маңызы бар

азық-түлік тауарларына

рұқсат етілген шекті

бөлшек сауда бағаларының

мөлшерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының
шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген, 2016 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі Комиссия отырысының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 2 хаттамасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ақ қауданды қырыққабат» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасы 60 күнтізбелік күн мерзімге 1 килограмм үшін  94 теңге  мөлшерінде  бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары Қ.М. Ыдырысовқа және Ғ.К. Әбдіхалықовқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                  Е. Маржықпаев

 

Дата публикации
24 июня 2021