
Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының инвестициялық саланың негізгі міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және орындау үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету және жүзеге асыру;
3) облыста шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
4) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
5) жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметін ұйымдастыру;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізуді ұйымдастыру;
7) облыстық деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
8) өңірлік Кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасын әзірлеу;
9) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасы жобаларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беру;
10) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;
11) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға және инвестициялар тартуға бағытталған заңды тұлғаларды құру және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысу жөнінде ұсыныстар енгізу.