Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік сатып алу туралы

Мемлекеттік сатып алу саласындағы функциялар:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін, сондай-ақ, облыс әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функциясын жүзеге асырады;

2) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлейді және бекітеді;

3) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;

4) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

5) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;

6) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;

7) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді;

8) облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары бойынша веб-порталда жасалған мемлекеттік сатып алуларды, есептілікті жалпылау және ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады;

9) заңнамада көзделген жағдайларда сотқа әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талап жолдайды;

Дата публикации
02 июля 2020
Дата обновления
02 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Қоғамдық пікір
22 сентября 2026
«Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
12 января 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы