Есеп беруге мiндеттi мемлекеттi қалыптастыру жөнiндегi бес институттық реформаны iске асыру, оның iшiнде 94 және 96-қадамды орындау шеңберiнде электрондық үкiмет веб-порталы «Ашық Үкiмет» модулi арқылы жүзеге асырылуда.
Ашық үкiметтiң мақсаты айқын есеп беруге мiндеттi мемлекеттi құру, мемлекеттiк басқаруды азаматтардың құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, сыбайлас жемқорлықпен күрестi күшейту, сондай-ақ мемлекеттiк басқарудағы тиiмдiлiктi арттыру үшiн жаңа технологияларды пайдалану.
Берiлген модуль 5 құрауыштардан тұрады: «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық бюджеттер», «Ашық диалог» және «Мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау».
Ашық деректер — бұл алаңда мемлекеттiк органдардың және машинамен оқылатын түрде ақпараттың басқа да иелерiнiң жалпыға қолжетiмдi деректерi орналасады.
Ашық НҚА — бұл әзiрленетiн заңжобаларын, мемлекеттiк қызметтер стандарттарының жобаларын және рұқсат беру құжаттарын талқылауға арналған бiрыңғай алаң. Әрбiр азамат өз пiкiрiн айта алады және НҚА әзiрлеуге қатыса алады. Ашық НҚА-лар әрбiр азаматтың заңжобасымен ол мемлекеттiк органға және жоғары тұрған орындарға келiсуге барғанға дейiн танысуына мүмкiндiк бередi.
Ашық бюджеттер — бiрiншi кезекте мемлекетте «бюджет» ұғымы туралы азаматтардың түсiнiгiн жеңiлдету үшiн және бюджеттiк қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау арқылы белсендi азаматтық позициясын дамытуға жәрдемдесу үшiн құрылған портал.
Ашық диалог — бұл МО мен қоғам арасындағы тиiмдi керi байланысты орнатуға арналған алаң.
Мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау — бұл азаматтар мен үкiметтiң арасындағы өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған құрауыш. Мұнда мемлекеттiк органдар қызметiгiнiң тиiмдiлiгi туралы және аумақтардың стратегиялық жоспарлары мен даму бағдарламаларының мақсатты индикаторларының жетiстiгi туралы есептер жарияланады, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың қызметiне жариялық талқылау жүргiзiледi.