Мемлекеттік сатып алу бойынша
1. СҰРАҚ: Әлеуетті өнім берушінің шағымы конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша шағым беру мерзімі өткеннен кейін қаралуға жатады ма??
ЖАУАП: Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдануға құқылы.
2. СҰРАҚ: Қандай жағдайларда өнім беруші мемлекеттік сатып алу шартын жасасудан бас тарта алады??
ЖАУАП: Өнім берушінің "бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен" сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шартын жасасудан бас тартуға құқығы бар, ал бәсекелестік тәсілдермен жасалған шарттар бойынша өнім берушіде мұндай құқық жоқ.
Коммуналдық меншік бойынша
1. СҰРАҚ: Тапсыру актісіне қол қойылғанға дейін сауда-саттықта сатылған объектінің сақталуына кім жауапты?
ЖАУАП: Мемлекеттік мүліктің баланс ұстаушысы жекешелендіру объектісінің сақталуына және сатып алушыға меншік құқығы ауысқанға дейін жекешелендіру объектісі бойынша мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.
2. СҰРАҚ: Сатып алу құқығынсыз мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысу үшін кепілдік жарнаны қандай мөлшерде енгізу қажет?
ЖАУАП: Мүліктің баланстық құнының 3% мөлшерінде.