ҚР Президентінің ШОБ қолдау бойынша тапсырманың орындалуы

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты халыққа Жолдауында коронавирус пандемиясынан кейін ШОБ-ты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын және орта бизнес үшін жалдау ақысын есептеуді тоқтата тұруды тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында Ақмола облысының коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдарымен тиісті жұмыстар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ШОБ жалға алушыларына ҚР аумағында ТЖ әрекет ету кезеңіндегі сияқты жалдау төлемдерін тоқтата тұруға өтінім беруге және қосымша келісімдер жасасуға мүмкіндік беретін сайт функционалы қайта іске қосылды. Бүгінгі күні облыс бойынша жалдау төлем тоқтату бойынша 214 қосымша келісім жасалды.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 23 наурыздағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында берген тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мақсатында ағымдағы жылғы 20 наурыз бен 19 маусым аралығында ШОБ өкілдерімен 248 жалдау шарты бойынша жалдау төлемдерін есептеу тоқтатылған.

Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында жалдау төлемдерін тоқтата тұруға өтінім беру бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық жарияланды.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне жалдау ақысын төлеуді тоқтата тұру үшін жалға алушылар gosreestr.kz веб-портал арқылы жыл соңына дейін жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру туралы қосымша келісімдер жасасуға өтінімдер беруі керек. Өтінімдерді өңдеу олардың түсуіне қарай жүзеге асырылады.

Шағын және орта бизнесті қолдау әрқашан мемлекеттік саясаттың басымдығы болды және болады.

 

Ақмола облысының мемлекеттік

сатып алу және коммуналдық

меншік басқармасы

Дата публикации
12 октября 2020