Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы

Ел үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдылығы Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында нақты белгіленген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі жұмыс үздіксіз жүргізілуде және үнемі жетілдірілуде.

Ақмола облысының Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде сыбайлас жемқорлықтың көріністерінің алдын алу және оларға жол бермеу бойынша тұрақты негізде шаралар кешенін жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік жөніндегі басқарманың қызметі туралы ақпарат Басқарманың ресми интернет-ресурсында үнемі орналастырылады.

Басқарма өткізетін мемлекеттік сатып алу электрондық форматта мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, онда әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы қарауға және талқылауға ашық қолжетімділік берілген, бұл басқарма қызметкерлерінің әлеуетті өнім берушілермен байланысын және тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды. Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдерінде мемлекеттік аудит органдары камералдық бақылау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алудың қорытындылары жойылуы немесе өзгертілуі мүмкін.

Коммуналдық меншікті мүліктік жалға беруге, мемлекеттік меншікті жекешелендіруге беру рәсімінің ашықтығы мен айқындылығы үшін жалға берілетін және жекешелендіруге берілетін объектілер туралы барлық ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің (gosreestr.kz) веб-порталында орналастырылған, ол кез-келген жерде қол жетімді және кез-келген адам қызығушылық танытатын ақпаратпен таныса алады.

Мемлекеттік меншік объектілерін жалға беру жөніндегі тендерлерді, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге арналған сауда-саттықты өткізудің электрондық форматы мемлекеттік органның өзіне жазбаша өтініш жасамай, өтініш берушінің (қатысушының) орналасқан жеріне қарамастан ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ басқарма қызметкерлері мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасындағы байланысты толығымен жояды.

 Басқарманың сайтында басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігіндегі Қызметі жарияланады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері үшін "Виртуалды қабылдау" жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында басқармада мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша аппараттық кеңестер мен семинарлар үнемі өткізіліп тұрады. Белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүзеге асырылады, ол жүйелі негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Басқармаға келіп түскен барлық өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде уақытында қаралады. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын бұзу бойынша өтініштер түскен жоқ.

Басқармада тұрақты негізде 29-80-30 сенім телефоны жұмыс істейді, ғимаратта жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік, басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі орналасқан.

Қабылданған шаралар сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ескертуге, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеуге бағытталған.

Дата публикации
02 октября 2020