2019 жылдың 24 қаңтарында Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы басшысының орынбасары В.Т. Қазжанова және бас маман-заңгер С.И. Грушевицкий Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң дағдарыс орталығында «Мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» тақырыбында семинар өткiздi.
Департаменттiң қаржы қызмет қызметкерлерi, «SPiASR» ММ қызметкерлерiмен және «ОСО» мемлекеттiк ұйымының қызметкерлерiнiңқатысуымен семинар өткiзiлiдi. Iс-шара барысында семинарға қатысушылар 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулармен танысты.
Семинардың қорытындысы бойынша спикерлер сұрақтарға жауап бердi, қатысушылар пiкiрталас тақырыбы бойынша пiкiр алмасты.