2020 жылдың 1 жартыжылдығына Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат

2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" ММ (бұдан әрі - Басқарма) тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша 318 конкурс жарияланды, оның ішінде 253 — конкурстық рәсімдер аяқталды, 17 конкурс бойынша сатып алудан бас тартылды, 4 конкурс жойылды, қалған конкурстар бойынша өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады, қорытындылар шығарылады. Бұдан басқа, басқарма апта сайынғы негізде облыстың құрылысы, қайта құру, жөндеу және ірі сатып алу бойынша жоспарланған, жарияланған және өткізілген конкурстар бойынша мониторинг жүргізеді.

Басқарма жеңіл, жиһаз, химия өнеркәсібін, құрылыс материалдары өндірісін және машина жасауды дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол карталарын іске асыру бойынша жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен көрсеткіштерге толық қол жеткізуді қамтамасыз етті.

Бүгінгі күні жергілікті қамту үлесі бойынша жағдай мынадай::

- жиһаз өнеркәсібі-55,5% (2020 жылға жоспар-44,6%);

- жеңіл өнеркәсіп-45,2% (2020 жылға жоспар-44,5%);

- құрылыс материалдарын өндіру-70,5% (2020 жылға жоспар-45,8%);

- машина жасау – 21,9% (2020 жылға жоспар-16,9%);

- химия өнеркәсібі – 22,0% (2020 жылға жоспар-14,4%);

- тамақ өнеркәсібі-33,9% (жоспар көзделмеген).

Жобалық кеңсенің жұмысы жалғасуда және тұрақты бақылауда

Дата публикации
06 августа 2020