Басқарма функцияларының бірі облыстық коммуналдық меншікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
2021-2022 жылдар кезеңінде және 2023 жылдың 1 тоқсанында облыстық, республикалық және қалалық ұйымдарға өтеусіз пайдалануға облыстық коммуналдық меншік объектілерін беру туралы 325 бұйрық қабылданды.
Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының орындалуы бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша есеп ай сайын ҚР Қаржы министрлігіне жіберіледі.
2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарына сәйкес Ақмола облысы бойынша 34 коммуналдық меншік объектісі және «Kokshe» ӘКК» АҚ 8 объектісі бәсекелестік ортаға берілуге тиіс болды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша коммуналдық меншіктің 34 объектісінен 8 объект сатылды, 1 объект жойылды, 1 объект қайта ұйымдастырылды, 21 объект жекешелендіруге жататын объектілер тізбесінен шығарылды.
«Kokshe» ӘКК» АҚ бойынша жекешелендіруге жататын барлық 8 нысан іске асырылды.
Қазіргі уақытта облыс бойынша жекешелендіруге жататын 3 объект іске асырылмаған, оның ішінде.
Облыс әкімдігінің республикалық және коммуналдық меншік арасындағы мүлікті жергілікті деңгейде беру жөніндегі 166 қаулысы дайындалып, қабылданды.
Бұдан басқа, мүлікті беру жөніндегі бюджеттік бағдарламалардың облыстық әкімшілері дайындаған 542 НҚА келісілді. 1500-ден астам қабылдау-тапсыру актілері қаралды және бекітілді.
ҚР Премьер - Министрі Кеңсесінің, ҚР министрліктері мен ведомстволарының орталықтандырылған тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жүргізіледі, басқарудың әртүрлі түрлері мен деңгейлерінен мүлікті беру тәртібі бойынша, жеке меншіктен мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау рәсімі бойынша, бюджеттің 4 деңгейін және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін (селолық әкімдіктер) құру және дамыту бойынша консультациялар, түсіндірмелер жүргізіледі.