Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлiгi Экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментiмен бiрлесiп, Азия даму банкiнiң қаржыландырумен Ақмола облысында халқы 2 мыңнан аз адам тұратын ауылдар, қалалар мен ауылдық округтердiң әкiмдерiне, сондай-ақ олардың аппараттарының қызметкерлерiне арналған оқу-тәжiрибелiк семинарлар ұйымдастырды.
2019 жылдың 17 қыркүйегiнде — Зерендi ауданында және 2019 жылы 19 қыркүйекте — Буланды ауданы Макинск қаласында өткен семинарларға мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасының қызметкерлерiқатысты.
Оқу семинарлары барысында келесi тақырыптар қарастырылды:
- бюджеттiк процестер (бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарын болжау, салықтық және салықтық емес түсiмдердi болжау. Ауылдық округ әкiмiнiң бюджеттiк шығыстарды жоспарлау үшiн ұсынған құжаттары. Ауыл округiнiң бюджетiн әзiрлеу, қарау, нақтылау және бекiту, кiрiстер, шығыстар және бюджеттiк баланстар);
- Жергiлiктi атқарушы органдардың коммуналдық меншiгiн басқару (жалға беру, сенiмгерлiк басқару, жекешелендiру, жою, коммуналдық мүлiктi беру. Жергiлiктi атқарушы органдардың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта құру, тарату);
- Әкiмшiлiк айыппұл салу тәртiбi (әкiмшiлiк айыппұлдарды анықтау, тағайындау және қалпына келтiру, әкiмшiлiк хаттамалар жасаудың практикалық мысалдары).