2019 ж. 8 мамыр Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

«Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» (индексi 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 114 Б үй, 1-қабат, 109 кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi-8 (716-2) 25-02-92, электрондық мекен-жайы: a.kornatovskaya@akmo.gov.kz, gu_goszakup@mail.ru) «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға барлық мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi конкурс жариялайды:

Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмiнiң басшысы, «D-O-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 109 898 теңгеден 148 301 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бекiтiлген өкiлеттiк шегiнде бөлiмнiң жұмысын ұйымдастыру. Бухгалтерлiк есептi жүргiзу, басқарма аппараты бойынша қаржылық, бюджеттiк, салықтық және статистикалық есептiлiктi қалыптастыру. Басқарманың аппараты бойынша тиiстi қаржы жылына бюджеттiк өтiнiмдi және оған есептердi құру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Есептiлiктiң уақытылы және нақты ұсыну бекiтiлген шығыстар сметасы шегiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын құру. Басқарма аппаратын күтiп ұстауға арналған қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде даму бюджеттiк бағдарламалары бойынша бюджет қаражатын тиiмдi басқаруға бағалау өткiзу үшiн есептiлiктi дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қаржы басқармасының аппараты бойынша мемлекеттiк сатып алуды iске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Материалдық құндылықтардың, қаржы қаражаты сақталуын және жұмсалуын бақылау, басқарма аппаратын материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Материалдық құндылықтарға түгендеу жүргiзi, түгендеу нәтижелерiн рәсiмдеу. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеу, өзгерiс енгiзу және олардың iске асырылуына талдау жасау. Құжаттардың уақтылы мен дұрыс ресiмделуiне және жасалатын операциялардың заңдылығын бақылау. Қазынашылық-клиент АЖ жұмыс ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит).

Мынадай құзыреттерге ие болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген ««Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу ережесi» негiзiнде өткiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасының персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi.

Қағидаларының 54, тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тiзiмiнен бiр эссенi жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) белгiленген нысан өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкiмет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған «Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» ММ өтедi.

Iшкi конкурсқа қатысатын кандидаттар «Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» ММ-нiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап үш жұмыс күн iшiнде Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұру және барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешiмiне уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шағым бере алады.

"Б" корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi___________________________________________________________

____________________________________________________________________

______________________________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар: ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________ (қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

Дата публикации
04 июня 2020