«Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» ММ (индексi 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 114 Б үй, 1-қабат, 109 кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi-8 (716-2) 25-02-92, электрондық мекен-жайы: a.kornatovskaya@akmo.gov.kz, gu_goszakup@mail.ru) төменгi болып табылмайтын, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмiнiң басшысы, «D-O-3» санаты, 1 бiрлiк.
Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 109 898 теңгеден 148 301 теңгеге дейiн.
Қызметтiк мiндеттерi: Бекiтiлген өкiлеттiк шегiнде бөлiмнiң жұмысын ұйымдастыру. Бухгалтерлiк есептi жүргiзу, басқарма аппараты бойынша қаржылық, бюджеттiк, салықтық және статистикалық есептiлiктi қалыптастыру. Басқарманың аппараты бойынша тиiстi қаржы жылына бюджеттiк өтiнiмдi және оған есептердi құру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Есептiлiктiң уақытылы және нақты ұсыну бекiтiлген шығыстар сметасы шегiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын құру. Басқарма аппаратын күтiп ұстауға арналған қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде даму бюджеттiк бағдарламалары бойынша бюджет қаражатын тиiмдi басқаруға бағалау өткiзу үшiн есептiлiктi дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қаржы басқармасының аппараты бойынша мемлекеттiк сатып алуды iске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Материалдық құндылықтардың, қаржы қаражаты сақталуын және жұмсалуын бақылау, басқарма аппаратын материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Материалдық құндылықтарға түгендеу жүргiзi, түгендеу нәтижелерiн рәсiмдеу. Бөлiмнiң құзiретi шегiнде бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеу, өзгерiс енгiзу және олардың iске асырылуына талдау жасау. Құжаттардың уақтылы мен дұрыс ресiмделуiне және жасалатын операциялардың заңдылығын бақылау. Қазынашылық-клиент АЖ жұмыс ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит).
Мынадай құзыреттерге ие болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар 2019 жылғы 1 қаңтарға дейiн жеке қасиеттердi бағалауға арналған тестiлеу нәтижелерi бойынша «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде қолданыстағы қорытындысын алған адамдарға қолданылмайды.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;
4) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесiнiң болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген ««Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу ережесi» негiзiнде өткiзiледi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» ММ персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi.
Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе электрондық көшiрмесiн, Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн немесе электрондық көшiрмелерiн ұсынады.
Қағидаларының 91, тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тiзiмiнен бiр эссенi жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясыниеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi.
4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiккәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).
3), 4), 5), 7) және 8)-тармақшаларда көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.
Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.
«Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» ММ персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.
Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы арқылы берiлген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.
Құжаттар «Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» ММ және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.
Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы» ММ өтедi.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)
Өтiнiш
Менi______________________________________________________
__________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКIМШIЛIК МЕМЛЕКЕТТIК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМI
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
_______________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
| ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ | |
| Туылған күні және жері/ Дата и место рождения |
|
| Ұлты/Национальность (по желанию) | |
| Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения |
|
| Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/ Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
| Шет тiлдерiн бiлуi/ Владение иностранными языками |
|
| Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии) | |
| Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/ дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) | |
| Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/ вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
| Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) | |
| ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ | ||
| Күні/Датақабылданған/ приема | Күні/Датабосатылған/ увольнения | Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождениеорганизации қабыл-данған/приемабосатылған/увольнения |
| Кандидаттың қолы/Подпись кандидата____________күні/дата_________ | ||