Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасы болып табылады. Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз модельдерін қайта қарайды, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдап жатыр. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі жұмыс үздіксіз жүргізілуде және үнемі жетілдіріліп отырады, өзіне тікелей сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты бағдарламалар енгізілетін түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар дамытылуда.
Барлық мемлекеттік органдариен сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шаралар қарастырылған, ведомстволық бағдарламалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жоспарларды қабылдайды.
Ақмола облысының Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде басқарманың 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Белгіленген ережелерді мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді. Жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне талдау жүргізуге мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүзеге асырылады.
Сайтта басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жайлы қызметі жарияланады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері үшін "виртуалды қабылдау" жұмыс істейді.
Тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Басқармада мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша аппараттық кеңестер мен семинарлар өткізіледі. Басқарма қызметкерлері жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің (АПБК) негізгі ережелерін түсіндіру және оларды іс жүзінде қолдану бойынша курстардан өтті.
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұдайы басқарманың басты міндеті болып табылады.