Әдеп кодексін сақтау - әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті
Қазіргі цифрлық технологиялар, әлеуметтік желілер және медиа ресурстар дамыған әлем мемлекеттік қызметшінің қызметі, соның ішінде, жұмыстан тыс уақыттағы қызметі, қоғамның үнемі және мұқият назарында. Мемлекеттік қызметке жүгінген азаматтар мемлекеттік қызметтен, нақты мемлекеттік қызметші тұлғасынан кәсіби білімді, жүктелген міндеттерді адал орындауды, моральдық және заңды жауапкершілікті талап етеді.
Қоғам мен мемлекет мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне ғана емес, олардың моральдық-этикалық келбеттеріне де жоғары талаптар қояды, сондықтан бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің рухани-адамгершілік әлеуетін үнемі жан-жақты дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Осыған орай, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша семинарлар өткізіліп тұрады. Оларды тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ қандай да бір құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік желілер мен мемлекеттік қызметкерлердің жеке аккаунттарын (Instagram, VK, watsApp, Facebook және т.б.) іріктеп бақылау жүзеге асырылады. Әзірге мониторинг нәтижелері бойынша жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
Сенім телефоны жұмыс істейді (сенім телефоны - 298030), жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Виртуалды қабылдау» жұмыс істейді. Әкімшілік ғимаратында ұсыныстар, ескертулер мен шағымдарды жинауға арналған жәшік орнатылған.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің мәтінін орналастыру қамтамасыз етілді. Басқармаға келіп түскен барлық өтініштер уақытында, заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.
Басқарма қызметкерлерінің этикалық нормаларды сақтауы, құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қабылдау, ұжымда бірлікті сақтау басқарма басшылығы мен әдеп жөніндегі уәкілдің тұрақты бақылауында.
Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілеу және олардың сақталуын жүйелі түрде бақылау мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.