2020 жылға арналған Ақмола облысының коммуналдық меншігі туралы ақпарат

2020 жылға арналған Ақмола облысының коммуналдық меншігі туралы ақпарат

Басқарманың функцияларына аймақтық коммуналдық меншікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру кіреді.

2020 жылы 193 мүліктік жалдау шарты жасалды. Облыстық бюджетке 42,7 миллион теңге түсті.

Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2020 жылы 78 жалдау шарты бойынша 3 ай мерзімге және жыл соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілеріне жалдау ақысын төлеуді тоқтату бойынша жұмыс жүргізілді.

Есепті кезеңде басқарма 5 аукцион өткізді, оларда 150 автокөлік құралдары сатылды.

2020 жылы облыстық коммуналдық меншіктің 123 объектісі облыстық, республикалық және қалалық ұйымдарға тегін пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, басқарма республикалық, облыстық және аудандық деңгейлер арасында мүлікті бір меншіктен екінші түрге ауыстыру бойынша шаралар қабылдайды.

Дата публикации
05 января 2021