
Облыстық коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру саласындағы функциялар:
өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
облыстық коммуналдық мүлікті басқару, өз құзыреті шегінде оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкіне құқықтарды Қазақстан Республикасының қабылдауы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
облыстық мемлекеттік коммуналдық заңды тұлғаларға өз құзыреті шегінде бекітілген негізгі құралдарды қабылдау-беру және шығару мәселелерін келісу;
облыстық мемлекеттік коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін есепке алуды ұйымдастыру;
облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымын айқындау бойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс өткізу;
облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіруді бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;
облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға (мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерінен басқа) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;
облыстық коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға өтеусіз пайдалануға беру;
коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екінші деңгейіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша облыстық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны жалға беру және өтеусіз пайдалану туралы шешім қабылдау;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде өткізілетіндерді қоспағанда, сенімгерлік басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыру;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.