Меню

Страницы

Статья

Қымбатты қонақтар мен құрметті әріптестер!

 Ақмола облысы өзінің бірегей табиғи-климаттық жағдайымен, кең үзілістік әлеуетімен, сауықтыратын орындардың дамыған жүйелерімен, астаналық облыс ретінде Қазақстанның жетекші өңірі болып табылады. Облыс ең жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсету мүмкіндіктерін тек Қазақстандық туристерге ғана емес, сонымен қатар шетел туристері үшін де ұсына алады. Сондықтан да, туризм жөніндегі жаңа өңірлік басқарма сайтынан «Қазақстанның інжуі» деп аталып кеткен біздің тамаша өңіріміз Бурабай курорты туралы, тарихи және табиғи назар аударарлық орындары мен демалыс, сауықтыру нысандары жайлы ақпарат ала аласыздар. Бұл отандық және шетел нарығында біздің өңірлік туристік өнімдерін өткізу мәселесінде жетекші туристік компаниялармен қызметтестікті кеңейту ісінде жақсы бастама болар еді.

   Ақмола облысының туристік әлеуеті көптеген туристерге жаз және қыс мезгілдерінде демалыс ұсынады. Бұл үшін тау-шаңғы базалары, туристік маршруттар жұмыс істейді. Емдік-сауықтыру, мәдени-танымдылық, экологиялық, бұқаралық-спорттық және іскерлік туризмге ерекше көңіл аударылады.

   Жаратылыстағыдай жабайы табиғат, хош иісті қылқанмен қаныққан таза ауа, жергілікті минералды су көздері, шипалы балшық, күн, емдік қасиеттері бар шөптер, жидектер мен саңырауқұлақтар, шипалы сусындар - қымыз және шұбат, дамыған инфрақұрылым толық сауығу, демалыс және көңіл көтеру үшін барлық жағдайлар жасайды.

                                                       Біздің таң қаларлық өлкемізге қош келдіңіздер!

Дата публикации
04 января 2024
Дата обновления
04 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Қоғамдық пікір
15 июля 2026
Ақмола облысының туризм басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Талдамалық мақала
06 мая 2025
Астананың іргесіндегі туризм дамуда: Ақмола облысында 20-дан астам жоба жүзеге асырылуда
БАҚ үшін
04 марта 2025
Туризм экономикалық өсу мен мәдениетаралық өзара әрекеттесудің драйвері ретінде (2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы